Дауыссыз дыбыстар



Дата21.04.2022
өлшемі1,73 Mb.
#31857
түріОқулық

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР


Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны – 25, кейде 26. Бұл щ дыбысына байланысты туындап отыр. Фонетиканың бас оқулығында «Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң» дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Щ фонемасын созылыңқы ш (немесе қос ш) дыбысының таңбасы ретінде танимыз» деп берілген. Нақты айтатын болсақ, қазақ тілінде қос ш түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: ашшы, кешші, ішші.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер лат. сonsonans - дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп болған жоқ. Мысалы: ат, ет, от, өт. Мұнда бір ғана т-ның төрт түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік (ат), жіңішке езулік (ет), жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәріне де бар. Ал у тек жуан еріндік (у) және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингормотиптен немесе 66 сингармодауыссыздан құралады». Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б, ғ-г, д, ж, з, й, қ-к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф, х, һ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны Н.Ильминскийден бастап кешегі 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ, ғ мен к, г арқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай-ақ, й, у (кейде р, л) дыбыстарын кезінде А. Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі. Ә.Жүнісбеков көрсеткен в, ф, х, ц, ч дыбыстары негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында акад. І.Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в, ф, ч, х тәрізді фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: «Екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады»

Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар бесеу: ғ, қ, ң, у, һ.

Қазақ тілінде бұрын болмаған орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч.



Дауыссыз дыбыстар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі:

1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:

а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у;

ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з;

б) қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч

2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:

а) шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң;

ә) ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, ғ, л, й, у;

б) діріл дауыссыз: р.

3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:

а) ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, в, ф, м, у;

ә) тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р, й;

б) көмей (фарингаль) фонемасы: һ.

Тіл фонемалары үшке бөлінеді:

а) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;

ә) тіл ортасы: й;

б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Аймбек НазЕрке

№103

ҚҚТФ

№7 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

РЕСУРСЫ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет