Дебат сабақ "мектеп формасы керек пе?"



Pdf көрінісі
Дата19.05.2023
өлшемі152,58 Kb.
#95157


Қазақстан Республикасы 
Қазақстан Республикасы 
нормативтік құқықтық актілерінің
нормативтік құқықтық актілерінің
ақпараттық-құқықтық жүйесі
ақпараттық-құқықтық жүйесі
Ақпарат Статистика
© 2012. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Қазақстан
© 2012. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің «Қазақстан
Республикасының Заңнама жəне құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Республикасының Заңнама жəне құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті
мектеп формасына қойылатын
мектеп формасына қойылатын
талаптарды бекіту туралы
талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2016
жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан
Республикасының Əділет министрлігінде 2016 жылы 16
ақпанда № 13085 болып тіркелді.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) 
тармақшасына
сəйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдары үшін
міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі жəне орта білім, ақпараттық
технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада
белгіленген тəртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет
министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет
министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін
күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында
жəне "Əділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми
жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде
орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Əділет
министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кəсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім жəне
ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында
орналастыруды;
4) Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы
тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында қарастырылған
іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтерді Қазақстан
Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Заң
департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан
Республикасының Білім жəне ғылым вице-министрі
Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен
бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрі
А. Сəрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім мен ғылым
министрінің
2016 жылғы 14
қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен 
бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында міндетті
Орта білім беру ұйымдарында міндетті
мектеп формасына қойылатын талаптар
мектеп формасына қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп
формасына қойылатын талаптар (бұдан əрі – Талаптар)
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) 
тармақшасына
сəйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен
қамтамасыз ету мақсатында əзірленді.
Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы
сипатын іске асыруға жəне орта білім беру ұйымдары білім
алушыларының арасында əлеуметтік, мүліктік жəне басқа да
өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.
2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым қолданылады:
орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын,
мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнайы оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын
қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін
қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына
жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы
сипатын сақтауда оқу орны басшыларының жəне
кеңестердің (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті,
мектептегі өзін-өзі басқару) жауапкершілігін арттыру.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта
білім беру ұйымдарының фойесінде, ал таныстыру
мақсатында орта білім беру ұйымдарының Интернет-
ресурстарында жарияланады.
2. Орта білім беру ұйымдарындағы
2. Орта білім беру ұйымдарындағы
міндетті
міндетті
мектеп формасына қойылатын талаптар
мектеп формасына қойылатын талаптар
5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп
формасы (бұдан əрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы
сипатына сəйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі
классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады,
үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.
Мектеп формасының түсі қалыпты жəне ашық емес
түстерден таңдалады.
6. Мектеп формасы білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік жəне спорттық
болып бөлінеді.
8. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті
жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/
кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде:
трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар
еркін тігілген жəне ұзындығы бойынша тобықты жауып
тұрады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Қыздардың мектеп формасы:
Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не
түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган,
поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж
жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар
еркін тігілген жəне ұзындығы бойынша тобықты жауып
тұрады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің
30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма
спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка),
спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
12. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің
30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға
қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім жəне
ғылым министрінің 04.04.2016 
№ 248
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының
ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон жəне т.б.)
орналастыруға рұқсат етіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық
жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны жəне оқу
ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске
асырылады.
16. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша
жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар
киюге тыйым салынады.
17. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына
назар аударылады.
18. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері
жақсартылған жартылай жүн жəне мақта, киіске төзімді,
антибактериалдық, антимикробтық жəне антистатикалық
қасиеттері бар маталар қолданған жөн.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Мектеп формасы туралы мəселелерді талқылауға
балалардың ата-аналары жəне өзге де заңды өкілдері,
мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, қамқоршылар кеңесі
мен ата-аналар комитеті қатысады жəне осы Талаптарға
сəйкес ұсыныстар енгізеді.
Мектеп формасының фасонын таңдауды жəне юбканың
ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (қамқоршылық
кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару)
айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының
хаттамасымен бекітіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім
кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті,
мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Ата-аналар жəне өзге заңды өкілдер білім
алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп
формасын киюіне жауап береді.
3. Орта білім беру ұйымдарында 
3. Орта білім беру ұйымдарында 
міндетті
міндетті
мектеп формасына қойылатын талаптарды
мектеп формасына қойылатын талаптарды
орындау
орындау
22. Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан əрі –
Басшы) жəне кеңес (қамқоршылық кеңес, ата-аналар
комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) міндетті мектеп
формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа
алады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері
мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім
беруді басқару органдары (бұдан əрі – Басқару органдары)
ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын
шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Басқару
органдарына мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне
артықшылық беруге жол берілмейді.
Мектеп формасын сатып алғанда, ата-аналар оның
өндірушісін таңдауда тəуелсіз.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп
формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.
26. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің
30.12.2022 
№ 534
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Басшы осы Талаптармен ата-аналарды немесе
заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына
қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол
қойғызу арқылы жəне жалпы мектептік ата-аналар
жиналысында таныстырады.
28. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын
жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, əлеуметтік,
табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар,
форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайларда шектеу іс-
шаралары алынғанға, төтенше жағдай қолданысы, форс-
мажор жағдайлары тоқтатылғанға дейін ата-аналар
балаларды орта білім беру ұйымдарына киіп бара алатын
іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен
қамтамасыз етеді.
Ескерту. 28-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім жəне
ғылым министрінің 13.07.2020 
№ 296
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
Түсініктемелер (0)
0
0
Жазылу
1
19.04.2023, 09:47
Стр. 1 из 1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет