Деңгей 29,30, деңгей 56 29. Жай сөйлемнің ерекшелігі неде? Жай сөйлем



Дата09.05.2022
өлшемі17,7 Kb.
#33828
түріҚұрамы

2 деңгей 29,30, 1 деңгей 56

29. Жай сөйлемнің ерекшелігі неде?

Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-жидек піседі”. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: “Студент оқып жүр”. “Марат — студент”. Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы — сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді. Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: “Біздің ауыл”. “Қала көшесі”. “Таң атып келеді”. “Күн батып бара жатыр”. Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлем бірнеше топқа бөлінеді. Олар: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, атаулы.

30. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сөйлемнің бырыңғай мүшелері Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңгай мүшелер дейді. Бірыңгай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар аркылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады. Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н.) Құланиек таңды, шашырап шыққан кунді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ. Мұст.) Бет-аузына адам тұра карай алмайтын қара шұбар орта бойлы Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Бірыңғай мүшелерді ыңғайлас жалғаулықтар (да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен), талғаулы жалғаулықтар (я, не, немесе, әлде), қарсылықты жалғаулықтар (бірақ), кезектес жалғаулықтар (бірде, біресе, кей-де) байланыстырады. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Осының бәрін бір сұмдықпен, кулықпен істемейді (С. С). Сондай-ақ жалғаулық бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып қолданылса да, арасына үтір қойылады. Мысалы, Атын да, кісісін де болжай алмады (М. Ә.) Бірақ деген шылау қарсы мәндес екі бірыңғай мүшені байланыстырады да, бірақ шылауының алдынан үтір қойылады. Мысалы: Ол — батыр, бірақ қолбасы емес. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай келген мен, бен, пен, және жалғаулықтары болғанда және да, де, та, те, әрі, не, немесе, яки қайталанбай бір-ақ рет келгенде, үтір қойылмайды. Мысалы: Олжабек пен Жамал қоңыр шокыны бетке ұстап тарта берді. (Мүст.) Ашық та ақ жарқын сөйлейтін сырлас адамдар екен (Ғ. М.) Бірыңгай мүшелер екеу болмай, одан көп болып, олар жалғаулықсыз байланысып, тек соңғы екеуі гана жалғаулык шылау арқылы байланысса, жалғаулықсыз жерде үтір қойылады да, жалғаулық арқылы байланысқан жерде үтір қойылмайды. Мысалы, Бухара, Ташкент, Түркістан және Жоңғар қалмақтары билеушісі Қалдан Шерінің күнгей шығыс маңын қоныстанады. (Ә. К.)



56. Лексика туралы жалпы түсінік
Лексика (грекше лексикос — сөз дегенді білдіреді) тілдегі сөздердің жиьштығы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексика жеке ақын-жазушылардың шығармаларында қолданылған сөздер жиынтыгы деген ұғыммен де жұмсалады. Мысалы, Абай шыгармаларының лексикасы дегенде, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қолданылған сөздер жиынтығы дегенді, қазақ тілінің лексикасы дегенде, қазақ тілінде қолданылатын барлық сөздің жиынтығы деген ұғымды түсінеміз. 1. Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос — сөз және логос — ілім), тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді. 4. Лексикография (гректін лексикос — сөз және графос — жазу деген сөздерінен алынған) тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасау деген үғымды білдіреді. Сөздік максаты мен мәні жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет