Дегеніміз не? ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі456,15 Kb.
#7599

ДИАҚБ 

дегеніміз не?

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам 

құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) әлемдегі адам 

құқықтары саласындағы негізгі институттардың бірі 

болып табылады.

Варшавада (Польша) орналасқан ДИАҚБ-ның қызметі 

Еуропа, Кавказ, Орталық Азия және Солтүстік 

Америкаға таратылады.

Бюро демократиялық сайлаудың өткізілуіне және адам 

құқықтарын, құрметтеуді қамтамасыз етуге, төзімді 

қатынас пен кемсітушіліктің болмауына, сондай-ақ заң 

үстемдігі принципін сақтауға ықпал етеді.

ДИАҚБ Ұйымның қызметі 56 қатысушы мемлекеттерде 

тұрақтылық, өркенділік пен демократияны қамтамасыз 

етуге бағытталған үкіметаралық орган, Еуропадағы 

қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның 

(ЕҚЫҰ) адам құқықтары саласындағы институты болып 

табылады.

ЕҚЫҰ-дүние жүзіндегі Ванкуверден Владивостокқа 

дейінгі аймақты қамтитын қауіпсіздік саласындағы ең 

ірі аймақтық ұйым.

Адам құқықтары мен демократия принциптерін 

сақтау ЕҚЫҰ-ның кешенді қауіпсіздік тұжырымдамасы 

негізінде жатыр.

Барлық ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттері адам 

құқықтарын құрметтемей және қолданыстағы 

демократиялық институттары болмағанда, берік 

қауіпсіздікке қол жеткізу мүмкін еместігімен келісті.

Қатысушы мемлекеттер өздеріне адам құқықтары мен 

демократия саласындағы стандарттардың көлемді 

тізбесін сақтауға міндеттемелер алды. Осы стандарттар 

ЕҚЫҰ-да қауіпсіздіктің адам өлшемі деп аталатын 

негізін құрайды.

ДИАҚБ-ға адам құқықтары мен демократия 

саласындағы өз міндеттемелерін орындау үшін 

үкіметтерге көмек көрсету тапсырылған.

Осыған байланысты ДИАҚБ сайлауды байқайды, 

адам құқықтарын сақтауды ынталандырады 

және қадағалайды, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның барлық 

аймақтарында демократияны дамытуға бағыттылған 

жобаларды жүзеге асырады.

ДИАҚБ ЕҚЫҰ-ның басқа институттарымен және 

оның жергілікті миссияларымен, сондай-ақ 

көптеген әріптестерімен, оның ішінде үкіметтермен, 

халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғам 

өкілдерімен қызмет етеді.

ДИАҚБ 1991 жылы құрылған. Бюрода 30 елден 

150 қызметкер жұмыс істейді. ДИАҚБ-ның қызметі 

барлық ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттері жыл 

сайын қабылдайтын негізгі бюджет қаражаты 

есебінен, сондай-ақ ерікті жарналардың есебінен 

қаржыландырады. 2008 жылғы шілдеден бастап елші 

Янез Ленарчич (Словения) ДИАҚБ директоры қызметін 

атқарады.

osce.org/odihr

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы

Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы

ДИАҚБ-ның мандаты

ДИАҚБ «адам құқықтары мен негізгі 

бостандықтарын толық құрметтеуді қамтамасыз 

ету, заңдылық негізде әрекет ету, демократия 

принциптерін ілгерілету және демократиялық 

институттарды құру, нығайту және қорғау, 

сондай-ақ барлық қоғам ауқымында төзімді 

қатынас принциптерін дамытуға» (1992 жылғы 

Хельсинки құжаты) бағыттылған ЕҚЫҰ қатысушы 

мемлекеттеріне көмек көрсету бойынша 

мандатқа ие.


ДИАҚБ қызметінің негізге 

алынатын принциптері

ЕҚЫҰ-ның барлық 56 қатысушы мемлекеттері 

белгілі принциптерді сақтау бойынша өздеріне 

саяси міндеттемелер қабылдады. Адам өлшемі 

саласындағы қатысушы мемлекеттермен қабылданған 

міндеттемелер тізбесі ДИАҚБ қызметінің негізін 

құрайды.


Адам өлшемі саласына қатысты ЕҚЫҰ-ның негізгі 

принциптері: 

Қатысушы мемлекеттер барлығына бірдей ой-пікір, 

ар-ұждан, дін және сенім бостандықтарымен қоса, 

нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне байланысты 

айырмашылықтарға қарамастан, адам құқықтары 

мен негізгі бостандықтарды қадірлейтін болады. Олар 

азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени 

және басқа құқықтар мен бостандықтарды қолдап, 

тиімді жүзеге асырылуын дамытады (Хельсинки, 1975 

жыл).

Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары – туғаннан 



бастап барлық адамға тиесілі, олар ажыратылмайды 

және заңмен кепілдік береді. Оларды қорғау және 

оларға жәрдем ету – үкіметтің ең бірінші міндеті 

(Париж, 1990 жыл).

Демократиялық басқару еркін және әділ сайлау 

барысында жүйелі түрде білдірілетін халықтың ерік 

күшіне негізделеді. Демократия негізіне адамның жеке 

басын және заңның үстемдігіне деген құрмет арқау 

болады (Париж, 1990 жыл).

Қатысушы мемлекеттер біздің елдеріміздегі 

басқарудың бірден-бір жүйесі ретінде демократияны 

құруға, шоғырландыруға және нығайтуға міндеттенеді 

(Париж, 1990 жыл).

Қатысушы мемлекеттер ЕҚЫҰ-ның адам өлшемі 

саласындағы қабылданған міндеттемелер барлық 

қатысушы мемлекеттерге тікелей және заңды 

мүдделілік танытатынын және тиісті мемлекеттің тек 

қана ішкі істеріне жатпайтындығын шешімді және 

түпкілікті мәлімдейді (Мәскеу, 1991 жыл).

Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды, 

демократия мен заңның үстемдігін қадірлеу 

ЕҚЫҰ-да қабылданған қауіпсіздіктің жан жақты 

тұжырымдамасының негізгі элементі болып табылады 

(Стамбұл, 1999 жыл).

Қатысушы мемлекеттер өз азаматтарына есеп береді 

және ЕҚЫҰ шеңберінде олармен қабылданған өз 

міндеттемелерін орындауда бір-біріне жауапкершілікте 

(Стамбұл, 1999 жыл).

ДИАҚБ немен айналысады?

ДИАҚБ – қатысушы мемлекеттерге олардың адам 

өлшеміндегі міндеттемелерін орындау үшін көмек 

көрсететін және сонымен аймақтық қауіпсіздікті 

нығайту міндетіне ие болған ЕҚЫҰ-ның негізгі 

институты.

Бюроның қызметі бес негізгі саланы қамтиды: сайлау, 

демократияландыру, адам құқықтары, толеранттық, 

кемсітушілікті болдырмау, рома және синти 

халықтарының проблемалары.

Осы салалардағы ДИАҚБ-ның қызметі: 

  сайлау саласындағы ЕҚЫҰ міндеттемелерін 



орындау барысын бағалау үшін ЕҚЫҰ Парламенттік 

Ассамблеясымен және басқа да парламенттік 

бірлестіктермен бірге өткізетін сайлау байқауы және 

сайлау үдерістерін жетілдіру мақсатында көмек 

көрсетуді;

osce.org/odihr



  заңүстемдігініңпринципін, мысалы, сот 

органдарының тәуелсіздігіне, заң көмегіне 

және сотқа жүгіну құқығына, сондай-ақ жалпы 

қылмыстық сот ісіне қатысты ЕҚЫҰ міндеттемелерін 

орындауға бағыттылған көмек көрсету арқылы 

нығайтуды;

   көбіне Еуропа Кеңесіндегі Венециандық 



комиссиямен ынтымақтастықта заңнамалық 

жүйелердің тиімділігі мен айқындығын арттыруға 

бағыттылған ұлттық бастамаларын қолдау және 

заңнаманы қайта қарау арқылы қатысушы 

мемлекеттердің заңнамасын ЕҚЫҰ міндетемелеріне 

сәйкестендіру мақсатында көмек көрсетуді;

  еркінжүріп-тұруларды ынтыландыру мен көшіп 



қонушылардың құқықтарын қадірлеу, мысалы, 

халықты тіркеудің халықаралық стандарттарға жауап 

беретін жүйелерін енгізу барысында үкіметтерге 

көмек көрсетуді;

   қоғамдық өмірде әйелдердіңқатысуы және 



саяси партиялардың қызметін реттейтін құқықтық 

шеңберге аса назар аударып, демократиялық 

тәжірибені нығайтуда үкіметтерге қолдау көрсету 

арқылы демократиялықбасқаруды нығайтуға 

қолайлы жағдайлар жасауды;

  құқыққорғаушылардыңәлеуметін нығайту 



және олардың адам құқықтары саласындағы 

ұлттық институттар және мемлекеттік органдармен 

ынтымақтастығын кеңейтуді;

   адам саудасының құрбандарын айқындау, қорғау 



және қолдау бойынша олардың әлеуметін арттыру 

мақсатында үкіметтерге көмек көрсетуді;

  адамқұқықтарысаласындағы халықаралық 



міндеттемелерге сәйкес терроризмменкүрес 

мәселелері бойынша дайындық өткізуді;

   адам құқықтары саласындағы хабардарлығын 



арттыру және адам құқықтарын сақтау мониторингі 

мәселелерінде, оның ішінде жиналыстар



бостандығын, азаматтық қоғамның әлеуметін 

нығайту мақсатында адам құқықтары саласындағы 



білімберужәнедайындаубойыншаіс-

шараларды жүзеге асыруды;

   күштік құрылымдарды реформалау үдерісінде 



гендерлік аспектілерді есепке алуға ықпал етуді;

  өшпенділіксалдарынанболғанқылмыстарға 



және басқа да төзімсіздіктің күштеген көріністеріне 

қарсы олардың күресіне, мысалы, құқық қорғау 

органдарының қызметкерлерін оқытуды 

ұйымдастыру және өшпенділік салдарынан болған 

қылмыстардың мониторингі мәселелерінде 

азаматтық қоғамның әлеуетін нығайту және тиісті 

есептер беру арқылы үкіметтерге көмек көрсетуді;

   ДИАҚБ-ның Сарапшылар кеңесімен іске 



асырылатын, заңнама және басқа іс-шараларға 

шолуды өткізу арқылы дін және сенім



бостандығын ынталандыруды;

  Ромажәнесинти мәселелері жөніндегі ДИАҚБ 



Байланыс пункті арқылы рома және синти 

халықтарының құқықтарын қорғауға ықпал етуді;

   жыл сайынғы ЕҚЫҰ-ныңадамөлшемінеарналған



міндеттемелерінорындаудықарастыру

бойыншакеңестерінұйымдастыру, онда 

оларды жүзеге асыру саласындағы үкіметтердің 

жетістіктеріне шолу және мазасыздық тудыратын 

мәселелерді еркін талқылау үшін ҮЕҰ-ға форум 

ұсынуды қамтиды.


Қосымша ақпарат: 

ДИАҚБ қызметі туралы қосымша ақпарат, сондай-ақ 

ДИАҚБ-ның жарияланымдары мен есептері 

www.osce.org/odihr

 сайтта бар



 

немесе


OSCE Office for Democratic Institutions and Human Rights 

Public Affairs 

Al. Ujazdowskie 19 

00-557 Warsaw 

Poland

Тел.: +48 22 520 0600 



Факс: +48 22 520 0605 

Электрондық пошта: office@odihr.pl 

www.osce.org/odihr

мына мекен-жай арқылы сұраным жасауға болады.

osce.org/odihr

Директор

Саясат және 

басқару

Сайлау


Демократияландыру

Адам құқықтары

Толеранттық және 

кемсітушілікті 

болдырмау

Рома және синти 

мәселелері

Жалпы қызмет ету



ДИАҚБ құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет