Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары.Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезендері жөне ерекшіліктері. Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары



Дата09.04.2022
өлшемі423,83 Kb.
#30453
түріСабақ

Демократияның кемшіліктері мен құндылығы. Демократия сабақтары.Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезендері жөне ерекшіліктері. Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары.

Сауранбаева Зере

Әлеуметтік жұмыс

Демократия

  • Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
  • Мемлекет түрі.
  • Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім шығару принциптеріне негізделген ұйым түрі.
  • Қоғамдық құрылымның мұраты.
  • Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру


Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар: Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.

Барлық әлеуметтік топтың мүддесін анықтау, қалыптастыру, іске асыру тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастық процестерін жүргізу.



Заң мен құқық тәртібін нығайту, жеке адамдардың қолында биліктің тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау. Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметін және өкілдігін айқындау. Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.

ҚР демократия

  • Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. 

Республика қызметінің түбегейлі принциптері

  • қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
  • қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).
  • 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылды.
  • 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.
  • Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
  • Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.
  • Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет