Дене шынықтыру және спорт саласының жоғарғы оқу орындарындағы жалпы мәселелері Аға оқытушы Бекбергенова Ж. Е



Дата10.07.2022
өлшемі23,82 Kb.
#37572

ӘОЖ 796.011.2:378.01


Дене шынықтыру және спорт саласының жоғарғы оқу орындарындағы жалпы мәселелері
Аға оқытушы Бекбергенова Ж.Е.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.
Аға оқытушы, аймақтық менеджмент академиясының қауымдастырылған профессоры Шилибаев Б.А.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.

Мақалада жоғарғы оқу орнындағы оқу үрдісін қайта құра отырып, үгіт-насихат және түлектерді таңдау жүйесін жетілдіру қажет, жалпы және кәсіби дайындықты ескере отырып, тәртіп байланысын арттыра отырып оларды оқытуға және тәрбиелеуге дифференциалды жақындауға тырысу керектігі ұсынылған.




Түйінді сөздер: дене шынықтыру, дене шынықтыру және спорт саласы, Президенттік кешен, жоғарғы жетістіктер, жоғарғы оқу орны, ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Дене шынықтырудың еліміздегі халықтың денсаулығын нығайту және түрлі аурулардың алдын алу, еңбек өнімдерін жоғарылату және дұрыс демалуды ұйымдастыру, адамдардың ұзақ өмір сүруін және шығармашылық белсенділігін арттырудағы атқаратын орнын білім жүйесі өте аз ескереді.


Жалпы мемлекеттік білім жүйесінде және оның ішіндегі дене тәрбиесі білімінде, осы жүйенің бір бөлігі ретінде, өмірдегі және біздің қоғамдағы басқа да салаларда кездесетін мәселелер орын алады.
Біздің көзқарасымыз бойынша республикадағы дене тәрбиесі білімі жүйесіндегі ең негізгі кемшілік, жоғарғы оқу орны мамандар дайындайтын «Дене шынықтыру және спорт» саласының мәселелері ретінде емес, осы жүйенің өзіндік жетілуі, яғни жоғарғы мектептің ішкі мәселелері ретінде қаралуы болып табылады.
Соңғы жылдарда және қазіргі кезде дене шынықтыру және спорт саласындағы болып жатқан өзгерістер дене тәрбиесі білімі жүйесінде іс жүзінде еш қарастырылған емес. Сонымен қатар дене тәрбиесі білімі жүйесі қазіргі замандағы жоғары көрсеткіштер спортындағы көп түрлі үрдістердің ерекшеліктеріне көңіл бөлмей келеді.
Қазіргі замандағы жоғары көрсеткіштер спорты саясатта, экономикада, идеологияда өте маңызды факторлар болып табылады.
Салмақты ұстанымды қарама-қайшылық пен істің шынай қалпын көрсететін бұқаралық (сауықтандыру) дене шынықтыру және жоғары көрсеткіштер спорты бір жағында және республикадағы дене тәрбиесі білімі жүйесі басқа жағында.
Бүгінгі күнде көзге көрініп тұрғанды аса дәлелдеудің қажеті жоқ: біздің республикада бұқаралық дене шынықтырудың барлық жұмысын Президенттік кешеніне бағыттамау керек, ғылыми негізделген ұйғарымдарды балалар, жасөспірімдер және жастардың сапалы, қолайлы дамуына және үлкен жастағы адамдардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін қимыл-қозғалыстың басқа да құралдарын қолдану арқылы ғылыми негізделген ұйғарылуарды құрастыру қажет.
Дене тәрбие жүйесі функционалдық қорды кеңейтуді және ағзадағы жүйелерді және мүшелерді нығайтуды қамтамасыз етуі қажет, әр жастағы ең жанды, әлсіз жерін: мысалы балаларды және жасөспірімдерде-омыртқа, жүйкелік-психикалық орталығын, зат алмасу жүйесін; орта жаста-жүрек тамыр жүйесі және т.с.с.
Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің негіздері Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі халыққа білім беру жүйесіндегі оқу мен тәрбиенің құрамдас бір буыны ретінде, ең алдымен, педагогикамен, дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесімен сондай-ақ, анатомия, физиология, биология, психология, тарих пен дене мәдениетін басқару пәндермен, ақырында жаңа оқу құралы – дене мәдениеті теориясы мен тығыз байланыста дамытылып, жетілдіріледі.
Дене тәрбиесі бұл жерде адамның тұлғалық дамуы мен дене тәрбиесі біліміне әсер ететін адамзат қоғамы мәдениетінің бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Дене мәдениеті институттарына арналған «дене тәрбиесінің теориясы мен тәсілдері» оқулығында (Л.П. Метвеев пен А.Д. Новиковтың редакциялауымен) студенттердің дене тәрбиесіне тұтас бір тарау арналған.
Авторлар мұнда дене тәрбиесін білімгерлерді тәрбиелеудің жалпы жүйесінің бөлінбес бір жүйесі ретінде қарастырады да, тәрбиенің басқа түрлерімен: минабаттылық, еріктілік, эстетикалық және т.б. салыстырғанда бұл пәннің көп қырлылығы мен күрделілігін атап өтеді.
Жоғары оқу орындарілндагы дене тәрбиесі курсының багдарламалық мазмұнына аша келіп, авторлар басты назарды практикалық сабақ кездернде, әсіресе, далалық жағдайда, кәсіби қолданбалы бағыттағы дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастыруға аударады. Педагогикалық институттардың дене тәрбиесі факультеттерінің білімгеріне арналған «Дене тәрбиесінің теориясы мен тәсілдері» оқулығында (Б.А. Ашмарин, М.Я. Виленский, К.Х. Грантынь және басқалары) негізгі түсінікті айқындай келіп, барынша жалпылама түсінікпен «дене мәдениетін» бөліп көрсетеді, ал оның құрамдас бөлігі деп «дене тәрбиесі мен спортты» атайды.
Дене тәрбиесіндегі негізгі бағыт деп олар дайыыдықтың үш түрін: жалпы тұлғалық, кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы және спорттық дайындықты есептейді.
Жоғары оқу орындары білімгерлерінің жеке басын қалыптастырудагы дене тәрбиесінің ролін олар мынадай негізгі үш бағытта қарастырады: денсаулықты сақтау және оқу-еңбек қызметі белсенділігін арттыру үшін қажет қозғалыс дағдылары мен тұлгалық сапына жоғары деңгейде жетілдіруді қамтамасыз ету; жоғары оқу орындарының студенттерін дене тәрбиесі жаттығуларымен және қоғамдық дене мәдениеті қызметімен белсенді айналысуға жұмылдыру; әлеуметтік белсенділік пен мінез-құлықтың маңызы ерекшеліктерін, иманжүзділік және эстетикалық қасиеттердің дамуын қалыптастыру.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне келетін болсақ, авторлар онда олар үшін дене тәрбиесі барысында мынадай қабілеттерді бойга сіңіру қажет екендігін атап атайды: болашақ сенімділік, ұйымдастырушылық, біреумен тіл таба зілушілік, танымдық, педагогикаль.қ және дене тәрбиесі тәсілдерін жеке басының тіршілігінде пайдалана білу.
Дене тәрбиесінің теориясы мен дене тәрбиесі қозғалысы дене мәдениетінің кәзіргі заманғы теориясының пайда болуына септігін тигізеді. Н.И. Пономорев сонау 1969 жылы-ақ құрамды бөліктерге бөле отырып, «дене мәдениеті» және «дене тәрбиесі» ұғымдарына анықтама берген болатын. Біраз кейінірек ол дене мәдениеті теориясын гылым ретінде бөле келе, оны дене тәрбиесі теориясының, спорттық теорияның, дене тәрбиесі мен спорт социологиясының негізгі бөлігі ретінде атайды және дене тәрбиесі институттарының оқу жоспарына осы пәнді кіргізу қажет деп санайды.
Білімгерлерге дене тәрбиесін берудің осындай маңызды проблемаларын шешудің негізінен екі мүмкіндігі бар. Біріншісі, дене тәрбиесі қызметін өз бетінше жүргізу негізінде студенттердің өздерінің белсенді қозғалыс әрекетіне байланысты, ал екіншісі, жоғары оқу орындарында дене тәрбиесіне бейімделген және ұйымдастырушылық пен әдістемелік дағдыларға машықтанған білімгер өз еңбек етіп жүрген ұжым мүшелерінің олардың көбісі халық шаруашылығы әртүрлі буындарының басшылары, мүмкін болган қалыпты дене тәрбиесі-қозғалыс режімімен қамтамасыз етілуіне көмектесе алады. Ал бұдан әрі аталған бағыттарды жүзеге асыру жоғары оқу орынының буындарына байланысты екені анық.
Елдегі дене тәрбие жүйесі, бүгінгі күнде қимылдау белсенділігінің қандайда бір құралдарына, халықтың қызығушылығын елемеуі мүмкін емес. Адамдардың әсіресе жастардың тенниспен, бадминтонмен, сауықтандыру жүгіруімен және жүзумен, ырғақты гимнастикамен шұғылданғысы келетіндерін және мектеп, жоғарғы оқу орындарының дене тәрбиесі бағдарламасының Президенттік кешенінің мазмұнын құрайтын қимылдау белсенділігінің көптеген құралдарына ешқандай көңіл бөлмейтінін көрмеу мүмкін емес.
Бірақ осы білімдерді қажетті мөлшерде және дене шынықтыру факультеттеріне арналған қазіргі күннің талаптарына сәйкес мазмұнды оқу бағдарламаларын біз таппаймыз. Ал бұл тек қана білім мәселелерін туғызбайды, сонымен бірге ең бірінші әр түрлі оқу мекемелеріне (мектеп, колледждер, институттар және т.б.) арналған ескірген оқу бағдарламаларда көрінетін практиканың сұраныстарының мәселелерін туғызады.
Дене тәрбиелеу жүйесі халықты медициналық қамтамасыздандырудың дәрежесінің төмендігімен байланыстырғанда және сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік тәртіптегі адамның денсаулығына кері әсер ететін шарттар біздің республикамыздағы халықтың денсаулығының нашарлауына әкелді. Бүгінгі күні ол қазіргі замандағы жоғарғы жетістіктер спортында болып жатқан үрдістің және құбылыстың әр түрлілігін көрсете алмайды. Қазіргі кезде бүкіл әлемде жоғарғы жетістіктер спортын (дәнекерлікті дамыту, теледидардың көп көңіл бөлуі, пресса және т.с.с., кейбір спорт түрлерінің өте кең тарағандығымен байланысты) қарқынды кәсіптендіру және коммерцияландыру белгіленіп отыр. Біздің дене шынықтыру білімі жүйесінде қазіргі кездегі кәсіби спорт тәжірибесіне күрделі әрі әр қилы коммерциялық жоғарғы жетістіктер спортында және т.с.с. қатысты материалдар жоқ деп айтсада болады.
Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесіне келетін болсақ, онда ол жалпы төрбие ілімі мен дене тәрбиесі іліміне сүйене отырып, мыналарды оқып игереді. жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру мен оның тәсілдерін; ене тәрбиесінің жаратылыс-ғылыми негіздерін; дене мәдениеті мен спорттық гигиеналық негіздерін; білімгерлердің оқу-еңбек қызметі кезіндегі психофизиологиялық; спорттық жаттығулар негіздерін; дене мәдениеті мен спорттың әлеуметтік қызметін; кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығын; еңбек ғылыми ұйымдастырудағы дене мәдениетін. Оның негізгі түсініктері мен терминдері де айқындалады.
Олар: тәрбие, дене тәрбиесі дайындығы, оқу сабағы, оқу-жаттығу сабагы, оқу бөлімдері (негізгі, спорттық, арнаулы), оқу топтары, медициналық топтар (негізгі, дайындық, арнаулы), тұлғаны дамыту, дене тәрбиесі дайындығының дәрежесі, дене қабілеттерін жетілдіру.
Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі процестерінің негізгі түрлері сабақ кезіндегі (тәжірибелік, ілімдік, жекелей) және сабақтан тыс кездегі (оқу күні режімі бойынша дене тәрбиесі жаттығулары, секцияларда жаттығу, өз бетінше жаттығу, жаппай сауықтырғыш, дене тәрбиесі спорттық шаралар) жаттығулар болып табылады. Сөйтіп, жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі олтандаған мамандығына, болашақ кәсібі еңбегіне, әскери қызметіне өзінің функционалдық және тұлғалық жағдайына сай келетін, жеке адамның дене тәрбиесі дайындығын қалыптастыратын мамандырылған пелагогикалық процесс. Сабақтың өзінің құрылымы, тәсілдері бар және оған жалпы педагогикалық тәрбие мен жеке ерекше қызмет жүктелген.
Онда дене тәрбиесі мен дәрігерлік бақылаудың жаратылыс-ғылыми және гигиеналық негіздері, спорттық жаттығулар мен дене тәрбиесі жаттығуларымен өз бетінше айналысудың әдістемелері кеңінен берілген. Кәсіби-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығының түсіндірмесі мен білімгерлерге дене тәрбиесін беру сабақтары мен сабақтан тыс түрлерінің құрылымы айқындалған, еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесіндегі мақсаттар мен міндеттер белгіленген. Оқулық жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің ілімін дамытуда өзінің рөлін атқарады, алайда, қәзіргі кезеңде, дене мәдениеті ілімінің дамуына байланысты оны қайта жасап, қайта бастыру керек.
Одан бөлек, сол себептерге байланысты біз жиі артта қалушылардың қалпында қалып жүрміз, бұрын біздің елде болмаған (мысалы, бейсбол, фристайл және т.б.) спорт түрлерін жылдам дамыту қажет болғанда мәселелер пайда болады. Біздің спорттық ұйымдар (олимпиада бағдарламасына енгізгенде ғана асып-сасып дамытуды бастайды.
Жоғарыда және көптеген жеке себептердің нәтижесінде қазіргі кезде дене тәрбиесі білімі өзінің ұйымдастыру құрылымында жоғарғы оқу орнының түлектеріне мамандарға күнделікті жұмыста біріншіден кәсіби, әлеуметтік жене басқа мәселелерді шешуге қажетті білім, білгірлік және дағдыларды бермейді. Осының бәрін ескере отырып, біздің елдегі дене тәрбиесі білімі жүйесіндегі қайта құру осы жүйедегі барлық маңызды үрдістер мен құбылыстарды бұқаралық (сауықтандыру) дене шынықтыруда және жоғары көрсеткіштер спортында-білімдерін практика жүзінде жан-жақты және толық көрсетуі керек.
Білім жүйесі міндетті озық болу күн тәртібінде әрекет етуі қажет, бүгінгі талаптар мен сұраныстарға ғана бағытталмай,сонымен бірге ертеңгі күннің талаптары мен сұраныстарына бағытталу керек.
Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудағы жоғарғы оқу орнының белгіленген мамандық талаптарына жауап беретін басты міндеті болып табылады:
- мәдениетті, әлеуметті белсенді азаматтарды тәрбиелеу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- оқу үрдісімен тығыз байланыстағы дене шынықтыру және спорт саласындағы маңызды қолданбалы міндеттерді шешу;
- жоғары маманданған ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
- дене тәрбиесінде, дене шынықтыру және спортта т.б. практика жүзінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолдану.
Әлеуметтік-экономикалық және дене шынықтыру және спортты ұйымдастыру құқық негіздері кафедраларын, сонымен бірге қазіргі әлемдегі Адам денсаулығын қорғау кафедрасын құру қарастырылуда.
Жоғарғы оқу орнында білімгерлердің оқитын пәндерін, біліктілігін интеграциялау мәселесін шешу, осы барлық біліктілігін практикалық қажеттілікке қосу қажет. Бұл жерде мынаны ойлану керек, институтта білімгерді пәндерді «өтіп» және «тапсырып» қана қоймай, сонымен бірге алған біліктілікті болашақ кәсіби қызметте практика жүзінде қолданатындай қарастыруға, оқытуға тырысу керек. Басқа сөзбен айтқанда жоғарғы оқу орнында анатомия, физиология немесе биохимия пәндерін оқып қана қоймай, осы біліктілікті адам ағзасындағы қызметте, оның жүйелерін және мүшелерін спорт түрлерінде екпінді жұмыс жасау кезінде, сауықтандыру сабағында дене шынықтыру жаттығуларын жасау кезінде қолданатындай түсіндіру қажет.
Жоғары оқу орындарындағы осы заманға оқу-тәрбие жұмыстарының сан салалы түрлері (дәрістер, зертханалық, семинарлық, тәжірибелік, өзіндік жұмыстар, сынақтар, емтихандар, курс және диплом жұмыстарын дайындап, қорғау, педагогикалық және өндірістік тәжірибелер, т.б.) қызмет бабының әртүрлі саласындағы оқытушылар мен білімгерлердің өзара бірлесіп жұмыс жасау арқылы жүзеге асырылады.
«Қызмет-адамның қоршаған ортаға белсенді қатынасының айрықша түрі, оның мазмұны оған қолайлы өзгерістер жасап және қайта құру. Кез келген қызметтің өзінің мақсаты, жолдары, нәтижесі және жұмыс процесі болады, олай болса, қызмыттің ажырамас сипаттамасы – оны саналы түрде ұгыну. Қызмет қоғамдық прогрестің нақты қозауыш күші және қоғамның өзінің емір сүру шарты болып табылады. Қызмет түрлері көп салаға жіктеледі-рухани жөне материалдық өндірістік еңбек пен еңбексіз тіршілік және т.б.»
Жоғары оқу орындары студенттерінің оқу-тәрбие қызметінің түрлеріне: сабақ, таным, ақыл-ой тәрбиесі, оқу-өндірістік, қоғамдық, еңбеку ғылыми-зкрттеу, спорт, қоғамдық дене бағыттағы түрі ретінде дене тәрбиесіне өз кезегінде жалпы педагогикалық және арнаулы педагогикалық қызмет түрлері жүктеледі.
Көп жылдар бойы жоғарғы оқу орнының ғылыми жүйесі (біздің, және басқа салаларда) іргелі біліктілікті дамытуға және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған болатын. Әсіресе бұл әр түрлі ірі жарыстарға құрама команда дайындаудың ғылыми-практикалық негізін құрастыруда көрінеді, сәйкес кешенді ғылыми топтардың қызметін негіздеу және ұйымдастыруда, сонымен бірге монография, мақала шығаруда, конференцияларға қатысуда, маман-практиканттарға ғылыми көмек көрсетуде іске асырылады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру мен жетілдірудің негізгі қоры біз дене шынықтыру және спорт саласына білімгерлер арқылы әсер ету керек деп санаймыз, оларды бізге тек оқытып, біліктілік беріп қана қоймай, сонымен бірге дене шынықтыру және спорттың болашақ мамандарын үнемі жаңалық ашуға, ізденіс жүргізу қажеттілігіне, жаңа көкжиектерді ашуға тәрбиелеу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет