Деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын



жүктеу 203.77 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.12.2016
өлшемі203.77 Kb.

Сын есім

 

Сын  есім

  деп  заттың  сапасын,  сипатын, қасиетін,  көлемін,  салмағын, 

түсін  (түр-реңін)  және  басқа  сол  сияқты  сыр-сипаттарын  білдіретін  лексика-

грамматикалық 

сөз табын

 айтамыз. 



Мазмұны

 

 



1 Морфологиялық сипаттары

 



 

2 Синтаксистік қызметі

 



 



3 Семантикалық топтары

  

o



 

3.1 Сапалық сын есімдер

 

o

 



3.2 Қатыстық сын есімдер

 



 

4 Пайдаланған әдебиет

 

Морфологиялық сипаттары

 

Сын  есімнің табиғи қызметі 

зат  есімге

 анықтауыш  мүше  болу.  Ол  зат  есімге 

тіркесіп  анықтауыш  қызметін  атқарғанда  ешқандай  өзгеріске  үшырамайды: 

анықталатын  зат  есім  көптік,  септік,  тәуелдік  формаларының  қайсысында 

қолданылса  да,  сын  есім  .  еш  уақытта  да  тәуелденбейді,  көптелмейді  және 

септелмейді. 

Сонымен  бірге,  бір  алуан  сын  е

сімдер  зат  есімді  анықтауларымен  қатар, 

етістікті

  де  анықтап, 

үстеу

  сөздердің  қызметтерін  атқарады.  Мысалы: Семіз 



сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал). 

Синтаксистік қызметі

 

Сын 


есім,  өзінің  табиғи 

жаратылысына 

с

әйкес, 


сөйлемде 

көбінесе 

анықтауыш

 

мүше



  болып қызмет  атқарады.  Мысалы: Үш-ақ  нәрсе -  адамның 

қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (

Абай


). 

Сын  есім 

баяндауыш

  та  бола  алады  және  баяндауыштың  құрамына  да  ене 

береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (

Ғ. Мүсірепов

). 

Сын  есімдер  сөйлем  ішінде  етістіктерден  бол



ған  мүшелердің  алдында 

(бұрын)  тұрса,  әрқашан 

пысықтауыш

  мүше  болады.  Мысалы:  Жақсы 



студент жақсы оқиды

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен 

т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, 

керемет жүйрік, орасан зор


Егер 

екі 


я 

онан 


да 

к

өп 



жалаң  сапалық  сын 

есімдер 


бір

-бірімен 

қабаттасатындай 

болса, 


олар 

бір


ін-бірі 

анықтамайды 

да, 

біріне


-бірі 

бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. 

Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (

Ғ. Мұстафин

). 

Семантикалық топтары

 

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне 

қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі 

салаға  бөлінеді.  Бұл  сындардың  қай-қайсысы  болса  да  қандай?  қай? 

(қалай?) деген сұрауларға жауап береді. 

Сапалық сын есімдер 

Сапалық  сын  есімдер  деп  мағынасы  жағынан  заттың  әр  алуан  сыр-сипатын, 

атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, 

жаман,  тәуір,  нашар  т.  б.),  көлемі  мен  аумағын  (үлкен,  кіші,  ауыр,  жеңіл 

т.б.),  дәмі  мен  иісін  (ащы,  тәтті,  күлімсі  т.б.)  білдіретін  және  заттың  басқа 

да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. 

Қ

атыстық сын есімдер 

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я  іс-амалдың 

қатысы  арқылы  білдіретін  с

өздерді  атаймыз.Осы  ерекшелігін

е  қарай, 

қатысты 


сын 

есімдер  тиісті 

жұрнақтар 

арқылы 


басқа 

есімдер 


мен 

етістіктерден  жасалады  да,  зат

тың  сыртқы  түрі  мен  түсіне,  кескіні  мен 

келбетіне,  сыры  мен  сынына,  ішкі қасиеті  мен  сипатына,  мекен  мен  мезгілге 

және  басқа  да  сол  сияқты  белгілеріне қатысты  сындық  ұғымдарды  білдіреді. 

Мысалы:  Балалы  үй  базар,  баласыз  үй  мазар  (мақал);  Өткір  пышақ  қол 



кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (

М. Әуезов



). 

 

 



Каталог: images
images -> Сайын Мұратбеков Жусан иісі
images -> Оқырман конференциясы : Сайын Мұратбеков «Жусанның иісі», «Басында Үшқараның»
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет