Дәрежесі мен тиімділігін негізінен төмендегі факторлар арқылы анықтауға болады



Дата03.02.2023
өлшемі14,22 Kb.
#64858
Байланысты:
методика 6-7


Мәдени ықпалдардың сипаты, дәрежесі мен тиімділігін негізінен төмендегі факторлар арқылы анықтауға болады:
1. Байланыстардың интенсивтілігі (мәдениеттердің жиі қарым-қатынаста, өзара байланыста болуы басқа мәдениет элементтерін өз бойына сіңіріп алуға алып келеді);
2. Мәдениетаралық байланыстардың шарттары (мәжбүрлі байланыстар мәдениеттердің өзара алыстауын туындатады);
3. Қоғамның жіктелу дәрежесі (жаңалықтарды қабылдауға дайын мәдени-әлеуметтік топтардың болуы);
4. Басқа мәдениеттерді қабылдау қабілеті (мәдени контекстің өзгеруіне байланысты өзін бейімдеу қабілеті). 
Осы факторлардың әсерінен шетел тілінің маңызы артуда. Яғни қарым-қатынас құралы ретінде қолдану талабы туды. Тіл мәдениетті жүзеге асырушы құрал, тіл белгілі бір тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің негізін қалайтын тарихи қалыптасқан белгілер жүйесі. Осыдан келіп тіл мен мәдениеттің байланысынан мәдениетаралық құзыреттілік ұғымына анықтама беру міндеті туындайды.
Лингвистикалық білімнің қазіргі жүйесінің жаңғыртулары негізін мәдениетаралық амал құрайды. Ал оның басты белгіленген мақсаты мәдениетаралық құзыреттілік қалыптастыру.
Соңғы жылдары мәдениетаралық құзыреттілік ұғымын көптеген ғалымдар зерттеп, түрлі анықтамалар беруде. (И.С. Соловьева, Н.Е. Яковлева, Ю.Л. Вторушина, Н.М. Губина, Г.В. Елизарова, Л.И. Гришева, Л.В. Цурикова, А.П. Садохин, Т.В. Ларина, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева, М.Г. Корочкина, Т.Baumer), оның құрылымдық ерекшеліктеріне назар аударылуда (Г.В. Елизарова, К.М. Ирисханова, А.П. Садохин, И.С. Соловьева, Н.М. Губина, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева).
Мәдениетаралық құзыреттілік ол тұлғаның өзін мәдениеттер диалогінде, яғни мәдениетаралық қатысым шеңберінде көрсете алу қабілеті деп анықталады. Біз барлығына ортақ келесі анықтамаға келеміз: мәдениетаралық құзыреттілік – бұл қарым-қатынастың нәтижелерінің екі жақ коммуниканттары үшін жинап келгенде позитивті болатын, ортақ мағынаға ие мәдениетаралық қатысым жайлы білім мен білікке негізделген құзыреттілік. Мәдениетаралық құзыреттілік – бұл белгілі бір әлеуметтің өмірлік дағдыларын, әдеттерін, салт-дәстүрлерін, нормаларын қалыптастыратын жеке тұлғаға және топқа қатысты мотивация, мінез-құлық формалары, вербальды емес компоненттер, құндылықтар жүйесі жайлы білім.
Мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілік – ол қалыптасқан, толыққанды (әлеуметтік, кәсіби, жағдаяттық тұрғыдан) шет тілінде мәдениетаралық қатысымға өзге мәдениет өкілімен түсе алу біліктілігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет