Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктері



Дата27.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#87563

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктері

  • Орындаған: Тургумбек Нұрай
  • Таулан Нұржайна, Тұрғанбек Ақерке
  • Қабылдаған: Мықанова Айнұр

Астана Медициналық Университеті

Жоспары

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Үрейлік
  • Депрессивтілік
  • Интроветтілік
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Коммуникативті үрдістің қатысушыларының тиімді қатынасуына әртүрлі факторлар кедергі келтіреді. Жалпы бұл факторлар қатынасу басталмас бұрын немесе кенеттен пайда болуы мүмкін. Бұның барлығын біз қатынасу бөгеттері деп атай аламыз. Қатынасу кезінде бөгеттерді анықтау арқылы оларды салыстыра алуымыз қажет. Медицина мамандығынды медициана қызметкерлері позитивті қатынасты орната білуге міндетті.

Дәрігердің кәсіптік қызметі асқынуларды, болжауды және емнің нәтижелерін көре білу қабілеттерін жасаумен байланысты. Осыған байланысты дәрігерде үрейлік сипат пайда болуы мүмкін

Үрейлік

  • Үрейлік – бұл эмоция, ол болжау арқылы және болатын сәтсіздіктерді тосумен болашаққа бағытталған. Үрейлік эмоциясы түсініксіз жаідайларда яғни қиын болжам нәтижелерінде дамиды.

Үрейліктің жеңіл дәрежесі (мазасыздану) болатын қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакция

Депрессивтілік

Дәрігердің науқаспен коммуникациясын бұзатын тағы да бір сипаты болып депрессивтілік болып табылады. Егерде үрей эмоциясы болащаққа бағытталған болса, депрессия бұрынғы өтіп кеткен шиеленістер мен психологиялық оқиғаларды байланыстырады

Депрессияға бейім дәрігерлер өз компотенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды. Өзінің жеке уайымына батқан дәрігер науқасқа жазылу симптомдарын көрсетіп қолдаудың орнына, керісінше оны өзінің сенімсіздігі мен қайғысына уландырады.

Интроветтілік

  • «Дәрігер науқас» сенімді қатынасын бұзатын тағы да психологиялық ерекшелік ол - дәрігердің интроветтілігі. Интроверсия психологияға Юнгтың енгізуімен енген термин: ол субьектінің өзіне ғана, яғни өзінің сезімдеріне сонымен қатар уайымдарына бағытталуы болып табылады.
  • Интроветтілік өзінің құндылықтарына, идеалына және тек өзінің ой-пікіріне бағытталуы

Интровертирленген тұлғалы дәрігердің науқаспен қатынасу кезінде салмақты мәселе болуы мүмкін. Мінездің мұндай сипаты карьералық өсуге оң әсерін тигізеді. Шын мәнінде интроверттер жоғары білімді, жетілдірілген маман иелері болғанымен, қатынасу кезіде оларда үлкен қиындықтар туындайды.

Рухани жеткіліксіздік

Кез келген дәрігерде рухани жеткіліксіздік болады.Яғни дәрігер рухани элитаның өкілдерімен бірдей деңгейде әңгімелесе алуы қажет. Мысалы, математикпен математика тілінде, сазгермен музыкага деген қызығушылық арқылы және жазушымен әдеби білім деңгейде сөйлесу қажет. Қызығушылықтың тарлығы науқастарға эмпатияны көрсетуді шектейді.

Қорытынды

  • Сонымен қорытындылайтын болсақ, медициналық қызметкерлерде коммуникативтік қасиеттері науқаспен қатынасу кезінде үлкен рөл атқарады. Және жақсы көңіл күй жағдайында қатынасу медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастардың өте жоғары баға беруіне әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ишанов.П.З, Бейсенбекова Г.Б «Психологиялық педогогикалық диагностика негіздері»
  • Бапаева.М.К «Даму психологиясы»
  • https:\\kk.Wikipedia.org
  • Stud.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет