Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану әдістері



бет1/12
Дата27.04.2022
өлшемі78,19 Kb.
#32516
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау,

тарату, қолдану әдістері.

Стационарда жатқан пациентке дәрілік заттар арнайы талап қағазында жазылады (ф. №434/у). Дәрігер пациеттерге тексеріс жасап, ауырыуын емдеу мақсатында, оларға керекті дәрілік заттардың мөлшерін күніне қанша, қалай және қай жерге енгізу керек екендігін анықтап, дәрілік заттарды пациенттің медициналық картасына (ф.№003/у) және дәрігердің нұсқау қағазына жазып қойады(ф. №004-1/у).

Бөлімшелік Медбике әр пациентке арналған дәрілік заттардың санын, бар-жоқтығын дәрігердің нұсқау қағазынан қарап, апта сайын посттан тексеріп тұрады.Пациентке парентеральді жолмен енгізуге арналған дәрілік заттарды дәрігердің нұсқау қағазы бойынша егу бөлмесіне Медбикеге өткізеді.Дәрілік зат жетпесе немесе жоқ болса егу бөлмесінің Медбикесі мен бөлімше Медбикесі мемлекеттік және орыс тілінде жазып талап қағазын өткізеді.

Аға Медбике бұл қағазбен танысып бөлімшенің меңгерушісіне қол қойғызып дәріханадан 3 данадан дәрілік заттарды алады. Талап қағазы реті бойынша жыл басталғаннан бастап номерленеді. Талап қағазында дәрілік заттардың толық аты, дозасы, дәрілік пішіні, қапталуы және саны жазылады. Бұдан бөлек дайын дәрілік заттар, эксперементтегі дәрілік заттар, таңуға арналған материалдар, наркотикалық, улы дәрілік заттар, этил спирті басқа талап қағазына жазылады. бөлімшеде дәрілік заттар 3 күнге артығымен болады.

Улы, наркотикалық заттар, этил спирті латын тілінде, саны цифрмен, қолмен жазылады (прописью), 4 – данадан арнайы бланкада штамппен,в емду мекемесінің басшысының немесе оның орынбасарының қолы және мөрі басылуы тиіс. Улы және наркотикалық заттарды және тіркеудегі барлық дәрілік заттарды жазғанда- пациенттің мединалық картасының номері, пациенттің аты-жөні, диагнозы және енгізу түрі жазылуы тиіс. Ал қабылдау, травматология, хирургия, реанимация бөлімдеріне пациенттің ауру тарихының номерін жазбай «шұғыл жағдайға қолдануға арналған» - деген белгімен 5 күнге жететіндей етіп тапсырыс береді.

Дәріханада бар дәрілік заттарды аға Медбике күн сайын алып отырады, ал дайын емес дәрілік заттарға тапсырыс беріп, келесі күні келіп алады. Аға Медбике дәрілік заттарды дәріханадан алғанда оларды талап қағазымен салыстырады және түрін, түсін, формасын, жазуын, дозасын, жарамды мерзімін тексеріп, мұқиат қарап тапсырысты беруші фармацефтың қолы қойылғандығына көз жеткізеді. ( ҚР ДСМ 7.04.2005 жылдан бастап №173 бұйрығы.«

»пмиимиао



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет