Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану әдістері


Ингаляциялық (тыныс жолы арқылы) жолдармен дәрілерді енгізу



бет12/12
Дата27.04.2022
өлшемі78,19 Kb.
#32516
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ингаляциялық (тыныс жолы арқылы) жолдармен дәрілерді енгізу

Ингаляциялық енгізу дегеніміз дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция арқылы ағзаға газ тәрізді заттарды (оттегін), қос ұшпалы сұйықтықтарды (эфир, фторотан), аэрозольдерді енгізуге болады.



Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі:

1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.

2. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары

сапасында жетуі, жоғары концентрацияның сақталуы.



Ингаляциялық енгізу жолдарының кемшіліктері:

1. Бронх жолдары өткізгіштігінің бұзылуларында дәрілік заттың қабынған

жерге дұрыс жетпеуі;

2. Тыныс алу жолдарының кілегей қабатының дәрілік заттардың әсерінен

тітіркену мүмкіндігі.

Медициналық тәжірибеде арнайы аспап көмегімен булы, жылы булы, майлы ингаляциялар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ингаляцияларды қалталы ингаляторлармен жүргізуге болады. Ингаляция жасарда пациенттің алдына алжапқыш жабылып, буға күймейтіндей жерге аппарат алдына отырғызылады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар бар. Онда дәрілер пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған резеңке баллон кигізілген, пациент баллонды басып, ауаның күшімен дәріні тыныс жолдарына итереді.

Сырттан енгізу - бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге дәрілік заттарды қолдану. Аталған дәрілік заттар жергілікті әсерге арналған, өйткені зақымдалмаған тері арқылы тек майда еритін заттар сіңіріледі. Компресстер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналған таңғыштар, құлаққа, мұрынға, көзге тамызғылар құю, құлақ пен көзге май жағу - осылардың бәрі түрлі дәрілік заттарды сыртқа енгізу формалары болып табылады. Оған: майлар, эмульсиялар, ерітінділер, ұнтақтар, тұнбалар, сықпалар және т.

Ысқылау

Сұйық зат немесе майлар түріндегі дәрілік заттарды ысқылау әдісімен енгізу. Терінің жұқа жерлеріне және шаш түктері болмаған жерлерге ысқылау жасалады, яғни білектің бүгілген жағына, санның артқы жағына, көкірек қуысының алдына, іш аймағына т.б. Теріні ысқылайтын жер таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе сұйық заттарды қажетті мөлшерде теріге айналдыра жағу керек. Теріде қабыну өзгерістерінің болуы (экзема, дерматит) дәрілерді бұл жолмен енгізуге қарсы көрсетпе болып келеді. Кейбір жағдайларда ысқыламай теріге жақсы сіңу үшін оны жұқалап жағып, полиэтилен пленкасымен жабады.



Май жағу

Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына қолданылады. Зарарсыздандырылған қалақшамен жағатын майды екі бүктелген зарарсыздандырылған салфеткаға жағып, ауыратын жерге салады. Салфетканың үстіне шағын мақта төсеп, компресс қағазын қойып, бинтпен орайды. Кейде тереңде жатқан тіндерге сіңіру үшін майды теріге жағуға тура келеді, ол үшін терінің сол жерін сабындап жуып, алақанға қажетті мөлшерде май салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене бөлігіне 30-40 минут мұқият жағады.



Майды теріге уқалап енгізу

1. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.

2. Май жағатын тері аймағын қарап шығу.

3. Қатты тітіркендіргіш әсері бар майларды арнайы бейімделген лентаға жағып, соның көмегімен теріге сүртіледі.



4. Майды теріге айналдыра уқалап енгізеді.

Жабысқақ таңғышты қолдану

Жабысқақ таңғыш (пластырь) су өтпейтін дәкемен жабылған қою, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттардан құралады. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет