Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет38/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Бақылау сұрақтары

  1. Металдарды қысыммен өңдеу қалай сыныпталады?

  2. Прокаттау дегеніміз не?

  3. Прокаттау өндірісінің нобайлары деген не?

  4. Прокаттаудың қандай түрлері бар?

  5. Тура және кері престеудің мәні неде?

  6. Штамптау дегеніміз не?

6. Еркін соғу дегеніміз не?
Дәріс № 9. Металдарды кесумен өңдеу. Метал кескіш станоктардың топталуы мен негізгі механизмдері

Кесу процесі туралы жалпы мәліметтер

Машиналар мен механизмдердің барлығы дерлік тетіктері тек кесумен механикалық өңдеуден кейін ғана сызбамен берілген түпкілікті пішіндер мен өлшемдерді иеленеді. Өңдегенге дейін болашақ тетік дайындама деп аталады. Өңдеу процесінде одан өңдеуге әдіп және кенерме деп аталатын артық металды жою қажет. Конструкциялық материалдарды кесумен өңдеу металл кескіш станоктарды құралмен механикалық өңдеуге әдіптен алу жолымен дайындаманың пішіндері мен өлшемдерін өзгертуге және алынатын тетік бетінің берілген дәлдігі мен кедір-бұдырлығын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттердің жиынтығын білдіреді.

Алынатын тетіктер бетінің пішініне және сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты дайындамаларды өңдеуді әр түрлі механикалық тәсілдермен: жонумен, жонғылаумен, сүргілеумен, бұрғылаумен, тарта жонумен, ажарлаумен және т.б. жүргізуге болады. Өңдеу тәсілдерінің әрқайсысы сәйкес жабдықта жүзеге асырылады және өзінің қолданылу саласы болады. Жоғары өнімді станоктарды, құрылғылар мен жылдам кесетін материалдардан жасалған қазіргі заманғы кескіш құралдарды пайдалану жолымен дайындамаларды өңдеу технологиясы кеңінен қолданыс тапты. Бұл өндірістің өнімділігін едәуір жақсартуға, оларды механикалық өңдеудің өзіндік құнын бір мезгілде төмендету кезінде тетіктердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Материалдарды кесумен өңдеу процесінде жүретін заңдылықтар­ды зерделеу, кескіш құралдар конструкцияларын, құрылғылар мен металл кескіш станоктарды жетілдіру, әсіресе кесу процестерін ұтымды басқару үшін де, қазіргі заманғы машиналар үшін тетіктерді өндірудің аса жетілген технологиялық процестерін әзірлеу және ендіру үшін де маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет