Дәріс №1 Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары


Тұрақты (тіркелген, кепілдемелі, қатты) баға



бет8/15
Дата03.05.2023
өлшемі356,5 Kb.
#89614
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Тұрақты (тіркелген, кепілдемелі, қатты) баға – келісім шарт жасасу мезетінде белгіленеді, келісім мерзіміне, тауарды жеткізу тәртібіне және мерзіміне тәуелсіз. Бұл баға өзгермейді.
Жылжымалы баға – келісім шарт жасасқан кезде белгіленген, бірақ кейін қайта қарастырылуы мүмкін (берілген тауардың нарықтық бағасы өзгергенде). Келісім шартта алдын ала осындай өзгерістердің нәтижесіндегі бағаның өзгеруі және оның шамасы енгізіледі. Мұндай бағалар ұзақмерзімді келесімшарттарда шикізат, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларға қойылады. Есеп айырысулар ағымдағы бағалар бойынша жасалынады.
Сырғанамалы (ауыспалы) баға – келісім шартты орындау кезінде анықталатын баға. Мұнда келісімдік (базистік) баға өндірістік шығындарда болған өзгерістерге байланысты қайтадан қарастырылады. Берілген бағалар жасалуы ұзақ мерзім болатын тауарларға қолданылады. Келісім шарт жасасқанда екі жақ базистік бағаны орнатады және оның құрылымы жөнінде келіседі (барлық баға элементтерінің үлестік салмақтарын). Сонымен қатар келісім шарттың қосымшасында берілген бағаны есептеу әдістемесі және өзгеру шекаралары көрсетілу мүмкін.
Келісім шарт орындалу процесінде тіркелетін баға шамасы (реттелетін, икемді, тербелмелі) тауардың әр партиясын жіберу алдында немесе белгілі бір мерзім сайын екі жақпен келісіледі. Сатып алушыға кейде қосымша жеңілдіктер беріледі. Ол бағаны қайта қарастыру мерзімін таңдайды, бірақ бұл жағдайда баға анықтау шарттары және ережесі бекітіледі.
Тауарларды жібергенде нарықтық бағаларға қарай тауар бағасының тербелістері жөнінде арнайы шарт қолданылады (Тек «көтеру» шарты, немесе «төмендету» шарты, немесе «Көтеру/төмендету» шарты). Бұндай шарттар көбінесе биржада котировкасы бар тауарларға қолданылады.
Мысалы, биржалық тауарларға байланысты келісімдер жасалғанда қандай биржаның котировкасы қолданылады, котировка жасау бюллетеньнің қай рубрикасы (бөлімі) бойынша баға анықталады, қандай мерзім ішінде сатып алушы бағаны тіркеуге дайын болатындығын сатушыға хабар береді деген сұрақтар арнайы шешіледі. Бұл келісімдерді онкольды деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет