Дәріс №1. Модуль І. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары Тақырып 1



Дата10.02.2022
өлшемі18,51 Kb.
#25146
түріСабақ

Дәріс №1.

Модуль І. Қазақстан тәуелсіздікке барар жолда: даму фазалары мен ұлттық құрылыс идеялары

Тақырып 1. Пәнге кіріспе.

Сұрақтар

1. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір.

2. Қазақстандағы тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуы.

3. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсының пәні мен міндеттері.

Қазақстан Республикасьның тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катары жаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көзқарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идеологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарихнамасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дереккөздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердің ара салмағына талдау жасалады.

2. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері.

Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуға да талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.

Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан-жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмаланғаи мәселелерге көңіл аударылады.

Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекеттермен дипломатикалық қарым-қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.

Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы да айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.



Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  түбегейлі    өзге­ріс­терді  қажет  ететін бірден-бір ғылым саласы – та­рих, әсіресе Қазақстан тарихы болды.   Себебі, еліміз тәуел­сіз­дікке қол жеткізгенге дейін барлық ғылым салалары сияқ­ты тарих ғылымы да  орталықтың басқаруы мен бақы­лауында болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев XXI ғасырдың білім мен ғылым ға­сыры болатындығын үнемі қай­талайды. Бұл — жаңа заманның талабы. Соңғы 20 жылда бі­лім мен ғылым саласында те­рең, түпкілікті әрі заманауи ре­фор­малар жүзеге асырылуда. Отан­дық тарихнамадағы ізде­ністер мен зерттеулердің маз­мұны түбегейлі өзгерді. Қазақстан тарихына жаңаша көз­қарас өз­геріп, оны оқытудың әдіс­те­месі де бірізділікке түс­ті. Де­генмен, жаңа тарихи көз­қарастар бойынша жас ұр­пақ­ты отансүйгіштік қасиетке тәр­биелеу мен азаматтық ұста­нымын қалыптастыруға ба­ғыт­­талған шаралар әлі де жет­кі­ліксіз. Бүгінгі таңда  оқу орын­дарында Қазақстан тарихын оқы­тудың мазмұны мен пішінін өзгерту мемлекеттік саясаттың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы өзекті тақырыпқа бай­ланысты Мемлекет тарихы инс­ти­тутының  Мәжіліс  залында «Тә­уелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің  өзекті мәселелері» ат­ты дөңгелек үстел жиыны өт­кізілді. Бас қосу Қазақстан Респуб­ли­касы Білім және ғылым ми­нис­трлігінің бастамасымен Мем­­­­­­­­­­лекет басшысының «Қазақ­с­­танның әлеуметтік жаңғыр­ты­­луы: Жалпыға Ортақ Еңбек қо­ғамына қарай 20 қадам» атты ма­қаласында берілген тапсыр­маларды орындау жөніндегі жұ­мыс тобының қорытындысын тал­қылауға арналды. Жиынға, ғалым-тарих­шы­лар, ЖОО оқытушылары мен колледж және мектеп мұғалім­дері, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана мен Қазақстан Республикасы Ұлт­тық мұрағат мекемесінің қыз­­меткерлері және БАҚ өкіл­дері шақырылды. Өз кезегінде сөз алған Инс­титут директоры, т.ғ.д., про­фессор Б.Ғ. Аяған  қазіргі та­рихты зерттеудегі өзекті әдіс­темелік мәселелерге тоқталды. «Мәдени мұра» бағдарламасы ая­сында отандық тарихты объек­­тивті зерттеу үшін  барлық мүм­­кіндіктердің жасалып отыр­ғандығын баса айтты. Отандық тарихты оқытуда қазіргі заман­ның білім талаптарына сай туындайтын проблемалар, атап айтқанда қазіргі Қазақстан та­ри­хын оқыту мен зерттеудің тұ­жырымдамасын жасау; оқу­лықтарда патриотизм мәсе­ле­леріне баса назар аудару; жалпы орта, кәсіптік  және жоғары оқу орындарына арналған тип­тік оқу жоспарлары мен бағ­дар­ламаларын жаңарту; жаңа оқу­лықтар мен оқу құралдарын шы­ғару және оған бұрынғы оқу­лықтардың авторларын тарту мәселесі; тарих оқулықтарын жа­зудың ерекшеліктерін ескеру; тарих оқулықтары бойынша тұ­рақты сараптамалық комиссия құру; қазіргі Қазақстан тари­хынан балама оқулықтар да­йындау керектігін атап өтті. Мемлекет тарихы инсти­ту­тының бірін­ші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ж. Қыдыралина тарихи білімді на­сихаттауда қазіргі кезде қол­данып жүрген әдістер мен құ­ралдарды айта келіп, соның ішін­де Батыс ғылымында пайда болған жаңа әдістемелерді ке­ңірек пайдалану керектігіне на­зар аударды. Баяндамашы инс­титут ғалымдары «Ғылыми қазына» бағдарламасы аясында «Ұлы Дала тұлғалары» серия­сымен бірқатар ғылыми жо­баларды  және 4  бірдей Тарих институты бірігіп, онда жаңа әдіс­пен он томдық «Отан тари­хы» атты  кітаптардың дайын­да­лып жатқанын атап өтті. Бұдан әрі сөз алған Л.Н. Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, ф.ғ.к., профессор К. Ысқақова  қа­­зіргі Қазақстан тарихын  ЖОО оқытуда қазіргі уақытқа де­­йін жауабын таба алмай келе жатқан  тың ой-пікірлерімен бө­лісті. №59 мектеп лицейі тарих пә­нінің мұғалімі Ө.Р. Шнанов: «Оқулық мазмұ­ны оқушы­лар­­дың жас ерекшелік­те­ріне сәй­кес келмей, оқушының та­қырыпты толық меңгеруіне қиындық ту­дырады», — деді. Оқу­лықтарда тарихи оқиға­лар, саяси қайраткерлер мен тұл­ғаларға қатысты оқушы­лар­­ды шынымен мезі ететін жа­­лаң мәліметтердің бар екені анық. Мәселен,  Бұланты мен Аңырақай шайқасына және Тәуке ханның билік құрған жыл­­дарына қатысты даталар әр кітапта әртүрлі айтылады. Со­нымен бірге, оқулыққа бері­летін тұлғалардың суреттері мен оқу­лықтың көркемдік безен­дірілуі сын көтермейді,– деген ойды білдірді. Жиынға қатысып отырған тарихшы мұғалімдер тарапынан  оқулықтың тілі жеңіл,  мәлі­меттері дәйекті, дәлел сөздер­мен берілсе, маңызы бар тари­хи даталар нақты ғылыми де­рек табылғанға дейін белгілі бір датаға белгіленсе  және элек­трондық оқулықтар жасалса деген ұсыныстар айтылды. Жиын аясында қазір­гі Қ­а­зақстан тарихы бойын­ша кі­тапханаларда  қолданы­ла­тын оқу­лық мәселесі, ғы­лым­да жүр­­ген кәсіби тарих­шы­ла­ры­мыз­дың мұрағат құжат­та­рын пай­далануы, ЖОО мен мем­лекеттік мекемелермен өзара ын­тымақтастық байланыс ор­нату мәселелері талқыланды. Осы аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының пайдаланушыларға қызмет көр­сету орталығының жетекшісі Ә.М. Қожабекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұраға­тының Ұлттық мұрағат қорын пайдалану қызметінің жетекшісі Б.Т. Имансерікова  әңгіме қоз­ғады. Жиынға қатысушылар Қазақ­­с­­тан тарихын зерттеу мен оқыту мәселелерін  ғылыми     жұрт­шы­лық арасында кеңінен талқылай отыра, көзделген шараларды жү­зеге асыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу қажет деген қо­рытындыға келді.

Источник: https://e-history.kz/kz/seo-materials/show/28782/


© e-history.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет