Дәріс №1. Тақырыбы: Аналитикалық химия пәні, дамуы және оның басқа ғылымдармен байланысы. Сапалық анализдің теориялық негіздері



бет1/5
Дата05.10.2022
өлшемі22,74 Kb.
#41484
  1   2   3   4   5

Дәріс №1.

Тақырыбы: Аналитикалық химия пәні, дамуы және оның басқа ғылымдармен байланысы. Сапалық анализдің теориялық негіздері


Дәрістің мақсаты: Аналитикалық химия пәні, даму тарихымен, сапалық талдау әдістерімен таныстыру.
Негізгі сөздер: сапалық талдау, сандық талдау, тамшылық әдіс,микрокристалоскопиялық әдіс, топтық реагент, жүйелеп, даралап анықтау.
Жоспар:

  1. Аналитикалық химия пәні, дамуы және оның басқа ғылымдармен байланысы

  2. Сапалық анализдің химиялық жолмен орындалатын реакцияларына сипаттама

  3. Реакциялардың өздеріне тән ерекшеліктері.

Аналитикалық химия заттардың химиялық құрамы мен химиялық құрылымын, сапасы мен мөлшерін зерттеуге арналған ғылым. Сондықтан, оны сапалық және сандық (мөлшерлік) анализ (талдау) деп аталатын екі үлкен бөлімге бөледі. Заттың құрамын анықтау дегеніміз – ол заттың құрамына қандай компоненттер (элементтер, иондар, молекулалар және т.б.) кіреді және қандай мөлшерде екенін білу.


Заттардың құрылымы – бұл заттың молекулалары немесе иондары арасындағы атомдар және олардың химиялық байланыстарының орналасу реті. Құрылымын анықтау дегеніміз – заттың құрамына кіретін компоненттердің арасындағы химиялық байланысты және сол орналасу тәртібін анықтау. Мысалы, судың сапалық құрамы Н2О – бұл сутек және оттек атомдарынан, ал олардың мөлшерлік құрамы 11,1% сутек және 89,9% оттектен тұратынын көрсетеді.
Химиялық анализ мақсатына қарай сапалық, сандық және құрылымдық болып бөлінеді.
Сапалық анализдің мақсаты – заттардың компоненттерін (элементтерді, иондар мен молекулалар және функциялы топтарды) анықтау. Сапалық анализде органикалық және бейорганикалық заттар құрамын анықтауға болады. Бейорганикалық заттардың анализінде оның құрамына кіретін иондар мен молекулаларды анықтайды. Органикалық қосылыстардың анализінде жеке элементтерді немесе функциялық топтарды анықтайды.
Сандық анализдің мақсаты – заттардың құрамына кіретін компоненттердің мөлшерін немесе олардың бір – біріне қатынасын анықтау.
Зерттелетін заттардың химиялық анализі химиялық, физикалық және физика – химиялық әдістер көмегімен жүргізіледі. Химиялық әдістер – химиялық реакциялар нәтижесінде ерітіндінің сыртқы эффектілерімен яғни түсінің өзгеруі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуімен байқалады. Анализ үшін жүргізілетін реакциялар анализдік реакциялар деп аталады. Химиялық өзгерістерге себеп болатын заттар реактивтер немесе реагенттер деп аталады.
Физикалық және физика – химиялық әдістерді кейде инструменталды (аспаптық) әдістер деп те атайды, өйткені анализ жүргізу үшін заттардың қасиеттерін немесе ол қасиеттердің өзгеруін тіркей алатын аспаптар, анализдік құрал – жабдықтар қажет.
Физикалық әдістермен анализ жасағанда химиялық реакцияларды қолданбай қайта сол заттың құрамының функциясы болатын кейбір физикалық қасиетін өлшеуге негізделеді, мысалы, спектралды анализде электр доғасының жалынында ұсталған заттың бөлшегінің спектр сәулелерін бөліп шығаруы және т.б.
Физика – химиялық әдістер заттардың құрамын химиялық реакциялар жүргізу арқылы ондағы белгілі бір физикалық қасиетін өлшеуге негізделген. Мысалы, колориметриялық анализде иондар мен молекулалардың бар – жоқтығын түсті ерітіндіден жарық сәулесі өткен кезде оның сіңірілуі.
Химиялық анализ әдістерімен салыстырғанда физикалық және физика – химиялық анализдеу әдістері жылдам және бір уақытта заттың әрі сапалық әрі сандық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан анализді автоматтандырып және оны әртүрлі қашықтықтарда жүргізуге болады, мысалы, судың терең қабаттарында топырақты анализдеу, басқа планеталардағы атмосфера анализі.
Химиялық анализ көмегімен төмендегідей мақсаттарды шешуге болады:

  1. Зерттелетін заттың табиғатын анықтау, яғни оның органикалық немесе органикалық емес екенін болжау.

  2. Зерттелетін заттың үлгісіндегі негізгі компоненттің құрамы мен мөлшерін (мысалы, құймадағы алтын) және бөтен қоспалардың (мысалы, күміс пен мыстың).

  3. Белгісіз қосылыстың химиялық формуласын анықтау (мысалы, белгілі бір дәрінің, тыңайтқыштың және т.б.).

  4. Заттың құрылымын анықтау.

Анализдің химиялық әдістері халық шаруашылығы салаларында кең тараған. Ауыл шаруашылығында (топырақтың құрамын зерттеуде), мұнай химияда, медицинада, қоршаған ортаны қорғауда, тамақ өнеркәсібінде, құрылыс материалдары және т.б. Химиялық анализдеу көмегінсіз таза және өте таза заттарды алу, атом энергетикасы мен космос технологиясын және т.б. тіпті болжауда мүмкін емес.
Химиялық анализдің криминалистикадағы, археологиядағы ролі, атмосфера мен дүниежүзі мұхиттарын зерттеудегі маңызы өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет