Дәріс №1. Тақырыбы: Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау проблемалары. Жоспар



бет1/4
Дата20.12.2022
өлшемі19,57 Kb.
#58491
  1   2   3   4

Дәріс №1. Тақырыбы: Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау проблемалары.


Жоспар:

  1. Қауіпсіздік түсінігі

  2. Деректердің бүтіндігі, қол жетерлігі, құпиялылығы

  3. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйелі ықпал ету

  4. Аутентификация технологиясы



Мақсаты: Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау проблемалары туралы мәлімет беру

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қарастырғанда әдетте екі мәселелер тобына бөледі: компьютер қаупсіздігі және желілік қауіпсіздік. Компьютердің қауіпсіздігіне деректерді қорғаудың барлық мәселелері жатады, яғни компьютерде сақталатын, өңделетін автономды жүйе ретінде қарастырылатын деректер мәселелері. Бұл мәселелер деректер қорымен,компьютердің енгізілген аппаратты құрылғыларымен, операциялық жүйе құралдарымен шешіледЖелілік қауіпсіздік түсінігі желілік құрылғылар араындағы ақпарат алмасу кезіндегі қорғау және рұқсатсыз енуден қорғау мәселелері болшып табылады. Бірақ қазіргі уақытта компьютер мен желілік қауіпсіздікті бір-бірінен айырмашылығын анықтау өте қиын мәселе, олар бір –бірімен өте тығыз байланыста жатады. Тек желілік қауіпсіздік өзінің мамандығын қажет етеді. Жеке дара жағдайда жұмыс істеп тұрған компьютерге ішкі қол салудан сақтау үшін әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға болады: мысалы клавиатураны құлыпқа жабу немесе қатты дискіні шығарып алып сейфке салып тастау. Желіде жұмыс істеп тұрған компьютер қоғамнан бөлініп қала алмайды ол басқа компьютерлермен кез-келген уақытта байланыста болуы керек. Сондықтан желіде қауіпсіздік қорғау өте күрделі жағдай болып есептеледі. Басқа қолданушының желіде жұмыс істеп тұрған компьютерді қолдануы логикалық тұрғыдан болуы шарт. Осындай жағдайда қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бір ойға әкеліп соқтырады – яғни әрбір қолданушы үшін өзінің ақпаратты қолданатын құқығы желідегі әрбір компьютер үшін желілік байланыстарын реттеп отыру қажет. Б9л м2селелерден басқа желілер өзінің табиғатында тағы да бір қауіп түріне кездеседі. желімен берліген хабарды ұстап қалу анализдеу «жалған» трафиктер құру. Желі қауіпсіздігін қорғаудың негізгі бөлшегі осы қылмыстың алдын алуға жұмсалады. Желілік қауіпсіздігінің мәселелері коорпаративті желілерден бөлінген каналдарға өту барысында көптеп байқалады. (Интернет, frame relay). Жалпы желіні қамтамсыз етушілер қазірше берілгендерді өзінің магистралы бойынша тасымалдау кезінде қолданушы деректерін қорғауды сирек қолданады. Бұл мәселені көбінесе құпиялылығын, бүтіндігін, ену мүмкіндігін қолданушының өзінің қамқорына қалдырады. Құпиялылықтың негізгі түсінігі деректердің бүтіндігі және неу мүмкіндігі. Қауіпсіз ақпараттық жүйе – ол біріншіден рұқсат етілмеген енуден қорғайды, екіншіден ақпаратты өзінің қолданушыларына барлық уақытта деректерге енгізе алады, үшіншіден ақпаратты сенімді сақтайды және деректердің өзгермеуін қамтамасыз ететін жүйе. Осылайша, анықтама бойынша қауіпсіз жүйе құпиялық, ену мүмкіндігімен, бүтіндік қасиетімен анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет