Дәріс-10 Ренессанс дәуірінің мәдениеті. Мейрманов Аманжол Досжанович



бет1/9
Дата15.11.2022
өлшемі6,94 Mb.
#50268
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ренессанс дәуірінің мәдениеті.

Ренессанс дәуірі-бұл ең алдымен гуманизм дәуірі. Қайта өрлеу дәуірінің феномені. Антропоцентризм, гуманизм, ортағасырлық христиан дәстүрінің модификациясы, антикалық өнер ескерткіштері мен антикалық философияның қайта жаңғыруы және әлемге жаңа көзқарас. Дін және таным. . Мәдениеттердің еуроцентризмі және типологиясы: артықшылықтары мен кемшіліктері. Батыс және Шығыс. Мәдениет және өркениет. Реформацияның Еуропа және әлемдік мәдениетке әсері.


Қайта өрлеу мәдениеті

Ренессанс ұғымы,даму тарихы

Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениеті – XIV ғасыр аяғында XV ғасырдың басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венецияда басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің антикалық мәдениетіне ерекше мән беріп, антикалық мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жаңарып байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуір туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілік өнермен, анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ ұрпақтарға тарту етті. Қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипаты : гуманизм, антропоцентризм, антикалық мәдени мұраларды қайта жаңғырту ( философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет