Дәріс №12. Ілияс Жансүгіров – журналист



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі25.79 Kb.
#15647
  1   2   3   4

Дәріс № 12. Ілияс Жансүгіров – журналист.

Жоспар:

1. Ілияс Жансүгіров және қазақ журналистикасы.

2. Публистикалық еңбектері.

3. Ілияс Жансүгіров очерктері.
1925-1928 жылдар аралығында Мәскеудегі Журналистика институтында оқуы. Қазақтың ең алғашқы арнаулы жоғары білім алған журналисі екендігі. «Қазақ әдебиетi» газетінің шығуына С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ғ. Мүсiреповтермен бірге I. Жансүгiровтің де ұйытқы болуы.

Ілиястың «Тілші», «Еңбекшi қазақ», «Жас алаш», «Сарыарқа», «Ақ жол», «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде, «Жетiсу әйелi», «Жас қазақ», «Сана», «Шаншар», «Әдебиет майданы», «Жаршы» журналдарында мақалаларын жариялауы. Мақалаларының тақырыбы, көтерген мәселелері. Көркемдігі. Бүркеніш есімдерінің көптігі (Матай, Ағын, Шолжық, Таңқыбай, Сақа, Құйқалық, Сона, Балгер, Жа-жа, Қаптағай, Салпанқұлақ, Сапалақ, Құлақ, Жетiм бала, Қара бұқара, Тоқай темiр, Қайнар, Құрметшiл). «Жас замандастарға» тырнақалды мақаласы екендігі.

Мектептердегi оқудың барысы мен сапасына арналған «Жетiсуда оқу мәселесi», «Ауылдағы оқытушылар мiндетi», «Жетiсу қазақ институты өмiрi»деген мақалаларында жастардың бiлiм алу жайына назар аударуы. «Ескеретiн жұмыс», «Қазан төңкерiсi һәм қазақ, қырғыз», «Кеңседе жергiлiктi тiлдi жүргiзу» сынды мақалалар жазуы.

Ілияс публицистикасында очерк жанрының басымдылығы. Қым-қуыт кезеңдегі түрлы мәселелерді суреттеген «Шоқпардың шоқтығында», «Жол аузында», «Төменнен толқын», «Қазақ әйелінің өмірінен», «Октябрьдің Октябрі», «Жарыс», «Төменнен толқын», «Қоян құс»«Қазақстан астанасы - Алматы»«Шоқпардың шоқтығында», «Төрт жолдың торабы» және т.б. очерктері.

Ілиястың журналистік қызметі туралы белгілі ғалым, профессор Темірбек Қожакеев: «Ілияс – қазақ совет журналистикасының шоқтығы биік, ірі өкілі, оған алғаш келген жыл құстарының бірі...» - дей келе,- «...өзінің журналистік қызметімен ел жоғын жоқтаушы, ел мұңын мұңдаушы екенін дәлелдеген. Үнемі жұрт атынан сөйлеп, ел мұқтажын тілге тиек етіп отырған».

Ілиястың очеркпен көбірек қалам сілтеген дәуірі - отызыншы жылдар. Осы тұста сөз зергері газет, журнал тапсырмасымен өнеркәсіп орындарынан, колхоз, совхоздардан бірталай очерк берді. 1931-1934 жылдары оның қаламынан «Октябрьдің «Октябрі»«, «Сталин колхозы», «Жарыс», «Төменнен толқын», «Бейсетай бригадасы», «Соқашылар», «Бір күн ішінде», «Қоян-құс» деген очерктер туды. Бұлардың бәрінің түп қазығы -колхоздастыру кезеңіндегі қауырт істер, жаңа совхоз өркендері, ауыл тұрмысына енген жаңалықтар, социалистік жарыс.

I. Жансүгіровтің журналистік мұрасын өрлей өтетін, негізгі пафосын, мазмұн-рухын танытатын 3-4 тақырып бар. Солардың бірі саяси оқиғалы тақырыптар «Қазан төңкерісі һәм қазақ, қырғыз» («Тілші» газеті, 7.11.1923) атты жалғыз мақаласы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет