Дәріс 19-20. Тақырыбы: Сөз құрамын оқыту әдістемесі Жоспар



бет1/2
Дата09.04.2023
өлшемі108,43 Kb.
#80768
түріҚұрамы
  1   2

Дәріс 19-20.
Тақырыбы: Сөз құрамын оқыту әдістемесі
Жоспар:
1. Сөздің морфемалық құрамын оқытудың мәні, міндеттері, жүйесі.
2. Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі
3. Қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін таныту әдістемесі
Қазақ тілі арнаулы пән болып қалыптасқаннан бері сөз құрамы сол пәннің арнаулы негізгі тақырыптарының бірінен саналып оқытылып келе жатыр.
Сөз құрамын мектепте, соның ішінде бастауыш сыныптан бастап оқытудың үлкен маңызы бар. Себебі сөздің түбірін тауып, оған басқа қосымша қосу дағдысын дұрыс меңгермеген оқушы өз бетімен орындаған жұмыстарында емлелік қателерді көп жібереді.
Сөз құрамын балаларға оқыту арқылы қазақ халқының әдеби тілінде қолданылып жүрген сөздерінің құрам ерекшеліктерінен ғылыми-теориялық негізде мағлұмат береміз және сауатты жазуға жаттықтырамыз. Сөз құрамын оқып-үйрену барысында оқушылар тілдегі сөздердің құрамы туралы түсінік алады, сөздердің жазылу емлесін меңгереді.
Бастауыш сыныптарда сөз құрамын оқытудың міндеттері:
- сөздің түбірі мен қосымшасы туралы түсінік беру;
- қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін білдіру;
- жұрнақ пен жалғаудың бір-бірінен өзгешеліктерін меңгерту;
- түбір мен қосымшаның емлесін меңгерту;
- түбірлес сөздер туралы түсінік беру.
Сөз құрамына қатысты оқытылатын тақырыптар жүйелі түрде бірізділікпен біртіндеп күрделендіріліп беріледі.
Сөз құрамын немесе сөздердің жасалуын оқыту жөнінде біраз әдістемелік еңбектер жарық көрген. Атап айтсақ, Ш.Сарыбаев, Д.Әлімжанов, Ы.Маманов, И.Ұйықбаев, Б.Кәтембаева тәрізді белгілі әдістемеші ғалымдардың еңбектерінде сөз құрамын оқытудың амал-тәсілдері кеңінен сөз болады.
Бастауыш сыныпта сөз құрамын оқыту жөнінде М.Балақаев былай дейді: «Сөздің құрамын айтудан бұрын қысқа-қысқа сөйлемдерді оқытып, әр сөйлемде неше сөз бар екенін, әр сөзде неше буын, әр буында неше дыбыс бар екенін таныту керек. Осындай бүтіннен бөлшекке қарай талдау жасағанда, бала әр бөлшектен, керісінше, бүтін сөз, сөзден сөйлем құралатын білсін». Шынында да, сөйлем – ойды танытудың негізгі формасы. Сондықтан сөзді сөйлемнен шығарып, сөйлемнің сөзден құралатынын балаға жеңіл түрде түсіндіре алған мұғалім сөздің басты грамматиқалық қызметін оқушыларға дұрыс танытуға жол ашады.
Сөздің құрамын, яғни түбір мен қосымшаны оқушыларға байқау, салыстыру арқылы танытамыз. Мәселен, күй –күйші, балық – балықшы, құрылыс – құрылысшы, оқу – оқулық т.б. сөздерді салыстыра отырып, сөз жұптарының бірінші сыңарларының одан әрі бөлшектеуге келмейтіні, ал екінші сыңарларына әр түрлі қосымша жалғанып тұрғаны байқатылады. Сөздерге сұрақ қойылып, мағыналары салыстырылады, нәтижесінде оқушылар сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі – түбір, ал оған жалғанған бөлігі қосымша екенін аңғарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет