Дәріс №4 : Нарық. Түрлері, құрылымы, модельдері. Бәсекелестік және монополия



бет6/7
Дата20.02.2023
өлшемі8,7 Mb.
#69546
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
«ТАУАР БЕЛГІСІ»
  • «ПАТЕНТ»
  • Олигополия – шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелес-терінің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның бір типі.
  • Олигополия нарығы моделінің түрлері:
  • Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері::
  • 1. Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.
  • 2. Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.
  • 3. Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады.
  • 4. Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады.
  • 5. Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.
  • Жетілген бәсеке жағдайында фирманың өніміне деген сұраныс абсолютті икемді болып табыла отырып, оның сұраныс қисығы шекті табыс қисығымен сәйкес келеді, бұл өз кезегінде фирманың нарықтық бағаны басшылыққа ала отырып шығарылым көлемі туралы шешім қабылдауға итермелейді. 
  • Монополия жағдайында фирманың билік жүргізуінің көзі болып нарыққа бақылау жасай алуы табылады, ол нарықты бақылау арқылы өзінің өндіріс көлемін реттей отырып нарықтық бағаға әсер ете алады. Монополия жағдайында минималды орташа шығындармен өндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан, монополист өндірістің кез-келген көлемін таңдай алады. 
  • Монополистік бәсеке жағдайында фирма пайданы максималдауды басшылыққа алатын болса, онда ол шығарылым көлемін өндірістің шекті шығындары оның шекті табысына тең болған кезде оңтайландыруы қажет. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма өнімінің бағасы қысқа мерзімде оның орташа өзгермелі шығындарын және ұзақ мерзімді кезең үшін ұзақ мерзімді орташа шығындарды жауып отырғанша дейін шығарылым көлемін жүзеге асыра береді
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет