Дәріс 4
Тақырыбы: Солтүстік бұғысының биологиялық және анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
Мақсаты: Биологиялық ырғақтылық.Өсуі мен даму ерекшеліктері.Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.
Биологиялық ырғақтылық
Солтүстік бұғысы жыныстық жағынан ерте жетіледі.Аналықтары-5-6 айында, аталықтары-18 айында көбеюге дайын болады.Ал шаруашылық жағынан аналықтары- 1,5 жасында, аталықтары- 2,5 жасында жетіледі.
Бұғылардың шағылысу кезеңі өте шектеулі.Олар толыққанды жаздық қоректендіруден кейін,яғни күзде ғана көбеюге бейімделеді. Күйлену қыркүйек-қазан айларында,елдің шығыс аймағында батыстан қарағанда 2-3 аптаға ерте басталады.
Жыныстық циклдің ұзақтығы-15-16 тәулік.Буаздығы-225 тәулікке созылады(7,5 ай).Бұл кезеңде аналықтарды жеке қоректендіп,күтім жасалады.
Күшектеу уақыты әр аймақта әрқалай: ТМД елдерінің еуропалық бөлігінде,Батыс және Орталық Сібірде сәуір айының соңы мен мамырдың ортасына дейін, ал шығыста 2-3 аптаға ертерек болады.
Бұғылар ауа-райы қолайлы кезде, қатты аяздың аяқталып, жылы түскенге дейінгі аралықта күшіктейді.
Бұзауларын аналары туылғаннан қараша айына дейін емізеді.
Түлеу ескі жүн жамылғымсының түсіп, жаңа түктің пайда болуымен басталады.Солтүстік бұғысы мамыр- шілде айлары аралығында( солтүстікте түлеу кешірек басталып, кеш аяқталады) түлейді.Түктің өсуі жылдың соңында тоқтайды.
Солтүстік бұғысы- бұғылар тұқымдастары ішіндегі аналықтарының мүйізі бар жалғыз аң түрі.Аналықтарда мүйіздің болуы қоректі табу көзімен байланысты.Қалың қарды қазып, алаңды тазалағаннан кейін ол жерді қоршап қоймаса, дайын алаңды басқа түр өкілдері пайдалануы мүмкін.
Бұғының мүйізі қуыс, алдыға қарай иілген, ұсақ өсінділері бар.Осы арқылы олар қыста өздерінің азықтық алқаптарын қорғайды және мүйіздер Рога северных оленей очень кустисты, сильно наклонены вперед и имеют особые, выступающеі жоқ басқа бұғылардың жерін тартып алады.
Барлық бұғылардың мүйізі жыл сайын түсіп, орнына жаңа мүйіз шығады.
Ересек аталықтарда мүйіз күйлеуден кейін, жас аталықтарда-қыстың бірінші айында, бұқасында- ақпан-мамыр айында, бұзауларында- наурыз-мамыр айларында түседі.
Аталықтарда жаңа мүйіз наурызда, бұзауларында-туылғаннан бірнеше күннен кейін, ал қалғанында ескісі түсе сала шығады.
Ауру немесе ауырған бұғылар мен кеш туылған бұзауларының мүйіздері дамымаған, біркелкі емес, теріден дұрыс бөлінбеген болып шығады.
Жыл бойы жабайы солтүстік бұғылар орын ауыстырып- миграцияға көшеді.Тундрадағы бұғылар күзде- орман тундрасы мен солтүстік тайгаға, көктемде- қайтадан тундраға көшеді.Жол ұзақтығы бірнеше жүздеген ,кейде мыңдаған шақырымға созылады.Тайгалық бұғылар тау , өзен бойымен миграция жасайды.
Миграцияның негізгі себебі- қар қалыңдығы мен азықтық фактор.Бұл шаруашылықтағы маралдарға маусымдық жайылымдар салу керек екенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |