Дәріс №7. Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы



Дата23.01.2023
өлшемі16,76 Kb.
#62364

Дәріс №7. Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.
Мақсаты: Буынаяқтылар типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру.
Дәріс жоспары:

  1. Буынаяқтылдар типіне жататын жануарлардың негізгі кластары.

  2. Шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері.

  3. Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Буынаяқтылар типіне жататын жануарлардың негізгі кластары.
Шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері.
Шаянтәрізділер су фаунасының маңызды бөлімін құрайды. Белгілі түрлерінің саны шамамен 20000. Шаянтәрізделер негізінде теңіздер мен әртүрлі тұщы суларды, сол сияқты жер асты суларында да мекендейді. Планктонды және бентосты түрлері де кезеседі. Кейбір шаяндар бекініп тіршілік етеді; көптеген паразиттері де белгілі. Шаяндардың әртүрлі топтарының құрлықта тіршілік етуге көшкендері де бар.
Басқа буынақятылардан шаян тәрізділер кейбір ерекшеліктерімен ажыратылды. Біріншіден, екі жұп мұртшаларының қатар болуы акронның өсіндісі – антеннулалар және дененің 1-ші бунағының түрі өзгерген аяқтары -– антенналар. Екіншіден, шаянтәрізділерде ғана аяқшалары қарапайым қос тармақты құрылымын сақтап қалады. Бірақ эволюция процесінде аяқтардың осы алғашқы түрі күшті өзгерістерге ұшыраған: аяқтары екінші рет бір тармақтан тұрады.
Шаянтәрізділерде аяқшалардың ерекше өсінділері – эпиподиттерде орналасқан желбезектердің көмегімен тыныс алады.
Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері.
Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, сонымен қатар құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Басқа класс тармақтарынақарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамыған және соған сай іс-әрекетгері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі: дене сегменттерінің саны тұрақты, басы (акрон және 4 сегмент), 8 кеуде және 6 құрсақ сегмештері болады (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана
өзгеше). Кейде бас капсуласының құрамына акрон және 4 сегменттен басқа, кеуденің І-ші сегменті кіреді (Amphipoda және Isopoda отрядында) немесе басы протоцефалон (акрон және антенна сегменті) түрінде қалады. Соңғы жағдайда бастың жақ сегменттері кеуденің бірнеше немесе барлық сегменттерімен қосылып жақкеудені (гнатоторакс) түзейді. Дене сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады, тек құрсақтың соңғы сегментінде аяғы жок, ол тельсон (telson) деп аталатын тақтаға айналған (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана айыршасы (furca) бар). Ересек түрлерінде антеннальды бездер зәр шығарады. Жыныс тесіктері аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде сегментерінде ашылады. Дамуы метаморфоз жолымен немесе тура (эпиморфоз). 19000-нан аса түрі бар. Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы 14 отрядқа бөлінеді, солардың ішінде ең көп тараған әрі маңызды отрядтарды қарастырамыз: жұқасауытгы шаяндар - Leptostraca, ауызаяқты шаяндар - Stomatopoda, мизидалар - Mysidacea, эуфаузиялар - Euphausiacea, теңаяқты шаяндар - Isopoda, бүйірімен жүзуші шаяндар немесе амфиподалар - Amphipoda, онаяқты шаяндар - Decapoda.
Қолданылған әдебиеттер:
Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.
Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет