Дәріс 9 Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі22,24 Kb.
#18639
  1   2

Дәріс 9 Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті. Педагогтің сөйлеу мәдениеті табысты кәсіби қызметінің шарты ретінде

 

Жоспар:

1. Оқу еңбегінің техникасы және мәдениет туралы түсінік;

2. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компонентері.

 

 

1 Оқу еңбегінің техникасы және мәдениет туралы түсінік



 

Кәсіби-педагогикалық мәдениет мәнін ашпас бұрын, ең алдымен, «кәсіби мәдениет» пен «педагогикалық мәдениет» түсініктеріне тоқталу қажет. Кәсіби мәдениеттің бөлінуі арнайы іс-әрекет түрлерінің дамуына байланысты болды. Мамандық әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде күрделі құрылымға ие: оның пәні, құралы, кәсіби әрекетінің нәтижесі бар, олар: мақсат, құндылықтар, нормалар, әдістер, әдістемелер, үлгілер. Тарихи даму процесінде мамандық та өзгереді. Кейбіреуі жаңа әлеуметтік мәдени формаға ие болады, екіншілері – аса көп өзгермейді, үшіншілері – жойылып кетеді, төртіншісі – бірнеше өзгерістен өтеді. Кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі кәсіби міндеттерді шешу қабілеттерінің дамуымен сипатталады, яғни кәсіби ойлаудың дамуымен.

Кәсіби мәдениет кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін игерудің нақты деңгейі.

«Педагогикалық мәдениет» түсінігі бұрыннан педагогикалық іс-әрекет практикасына енгізілген, ал оны теориялық зерттеу енді ғана қолға алынды. Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін талдауға, педагогикалық қабілетті зерттеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты бұл проблема С.И.Архангельский, А.В.Барабанщиков, Е.В.Бондарева, З.Ф.Исарева, Н.В.Кузьмина т.б. еңбектерінен көрінеді.

Философияда, әлеуметтануда, педагогика мен психологияда мәдени бағыттылықты зерттеумен байланысты, педагогикалық мәдениеттің кейбір жақтары талданды: мұғалім жеке тұлғасының әдіснамалық, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативті, технологиялық, рухани, дене мәдениеті. Бұл зерттеулерде педагогикалық мәдениет педагогикалық іс-әрекет жүйесінде көрінетін мұғалімнің жалпы мәдениетінің маңызды бөлімі.

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде педагогикалық мәдениеттің бөлімі болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің таратушылары, олар кәсіби немесе кәсіби емес деңгейде педагогикалық практикамен айналысатын адамдар. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті таратушылар, олар педагогикалық әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты, жеке тұлғаны құрастыратын педагогикалық еңбек арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:

1.                Кәсіби-педагогикалық мәдениет – әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы;

2.                Кәсіби-педагогикалық мәдениет – ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру;

3.                Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет;

4.                Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.

Көрсетілген әдіснамалық негіздерді есепке алу кәсіби-педагогикалық мәдениеттің моделін құрастыруға көмектеседі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет