Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет1/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

ДӘРІС; АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
АУЫЗ ҚУЫСЫНДА AC ҚОРЫТУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ Ауыз қуысында ас қорыту бұзылыстарының себептері: ауыз қуысы қабыну аурулары тамақты шайнап, майдалауды бұзады, және тістің жетіспеуі, жақ сүйектерінің закымдары және басқалар. Осы себептер және басқалар ауыздың сілемей кабығын жарақаттайды және дұрыс шайналмаған тамак ауыз қуысын асқазан сілемей қабығын жарақаттап қоймай оның сөл бөлу және маторлық қызметін бұзады.
ӨҢЕШ ПАТОЛОГИЯСЫ ЭЗОФАГИТ Эзофагит — өңештін сілемей қабатынын қабынуы, оның ағымы жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Жедел эзофагит; жедел эзофагиттің себебі бәрінен бұрын химиялық, термиялық және механикалык факторлар әсерлері, сонымен бірге бірқатар жұқпалы аурулар коздырғыштары (күл-дифтерия, жәншау және т.б.). Өңештің химиялык күйігі ең көп кездеседі, күйгеннен кейін сілемей кабық бөлектеледі және тыртық жасалады, ол өңеш ішін көрнекті тарылтады. Жедел эзофагитте морфологиялық жағынан экссудативті қабынудың әр түрлі түрлерімен сипатталады. Созылмалы эзофагит; созылмалы эзофагиттің себебі өңештің алкогольмен тұрақты тітіркенуі болуы мүмкін, сонымен бірге ыстық тамақ, темекі шегу заттары және с.с. сондай-ақ эзофагит өңеште канайналым бұзылуының нәтижесінен ондағы іркілістік жайлардан дамиды, олар созылмалы жүрек жетіспеушілігінде, бауыр циррозында және портальдық гипертензияда пайда болады. Созылмалы эзофагитте морфологиялык, өзгерістері сиымды диффузды лимфогистиоцитарлық инфильтрация, біраз санды лейкоциттермен бірге болады, өңеш эпителиясында метаплазия болып, мүйізденген көпқабатты жалпақ жасушалы (лейкоплакия) болады, кабырғаларда склероз дамиды. Гастроэзофагальдық рефлюстік ауру; Гастроэзофагальдык рефлюстік ауру (ГЭРА) өңешке асқазан затының кері лактырылуынан болады, соның әсерінен өңештің дистальдык бөлігінде қабыну шақырылады. Оган сай симптомы: жүрек күю, кыжылдау, кекіру, жұтынғанда ауырсыну кейбірде құсу және қанкету болады. ГЭРА өңеште ойық жара дамуымен асқынуы мүмкін, ал ол өз кезегінше өңеш тарылуына әкеледі, ойық жаралық қанкетуге, ақырында обыр дамуы мүмкін.
Өңеш обыры; Ісік көбіне өңештің ортаңғы бөлігінде пайда болады және оның кабырғасын айналдыра өседі, ішін сығып тарылтады — сақина тәріздес обыр. Жиі, ісік жараға айналады, ол осылай обыр жарасы пішінін алады, шеттері қатаяды. Гистологиялық 90% жайда.
Барретта өңеші: өңештің сілемей қабығында көпқабатты жалпақ және аздаған цилиндр пішіндес эпителиялар, ол асқазан сілемей қабығымен оның фундальдық бездерімен сипатталады (асқазандық метаплазия) обыр жалпақ жасушалы мүйізгектелген немесе мүйізгектелмеген, ксйбірде аденокарцинома болады. Өңеш обыры метастаздануы негізінен лимфогендік жолмен рег ионарлық лимфа түйіндерінде болады. Аурудың асқынуы ісіктің айналасындағы тіндерге кіріп өсуі — кокірск ортаға, трахеяға, өкпеге, өкпеқапқа. Бұнда ағзаларда іріңдік қабыну нроцестері пайда болады, ол аурудың өліміне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет