ДӘріс бейімбет Майлин (1894-1938). Шығармашылығы



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі298,6 Kb.
#8290

 

109 

 

13-ДӘРІС 

Бейімбет Майлин (1894-1938). 

 

1. Шығармашылығы.  

2. Ақындық әлемі. 

    1)  Қазақ  әдебиетінің  жанрлық  дамуына  айрықша  үлес 

қосқан  дарындардың  бірегей  тұлғасы  Бейімбет  Майлин 

шығармашылығы  сан  қырлы  шеберлік  биігіндегі  болмыс-

бітімімен  ұлттық  сӛз  ӛнеріндегі  ӛзіндік  мектеп  болып 

табылады. Бейімбет Майлиннің жаңа дәуірдегі қазақ кеңес 

әдебиетінің  негізін  салушы  ретіндегі  тұлғасы  жан-жақты 

зерттелгенімен, шығармашылығының алғашқы дәуірі және 

де Алаш қайраткерлерімен рухани сабақтастығы енді-енді 

зерттелу  үстінде.  Біріншіден,  сӛз  зергері  алғашқы  білімін 

атақты  «Ғалия»  медресесінде  алса  әрі  сонда  оқыған  қазақ 

шәкірттері  шығарған  қолжазба  «Садақ»  журналының 

белсенді  авторларының  бірі  болды.  Бұл  жерде  аталған 

медресе шәкірттері жәдитшілдік, милләтшілдік ұстанымды 

басты  орынға  қойғаны  және  олардың  бәрі  ХХ  ғасыр 

басындағы  Алаш  идеясынан  нәр  алғанын  назардан  тыс 

қалдыруға  болмайды.  «Садақ»  журналында  жазушының 

қазақ прозасындағы лиризмнің хас үлгісі болып табылатын 

«Шұғаның  белгісі»  повесі  жарық  кӛрді.  Екіншіден, 

Б.Майлин  Алаш  қайраткерлерін  ӛзінің  рухани  ұстазы 

санап,  Алаш  қозғалыс  тұсында  Алаш  атты  әскерінің 

қатардағы  жауынгері  болды.  «Бұл  күнді  де  күн  бар  екен 

кӛретін» (1918) ӛлеңінде Алаш Орданың ӛмірге келуіндегі 

баршаның  қуаныш  шаттығын  ақындық  шабытпен 

жырлады.  «Құтты  болсын,  алаш,  ұлы  тілегің!  Көп  жыл 



жүріп  қолға  түскен  кеңдігің.  Атқа  мініп,  ұраныңды 

шақырып  Бірлік  үшін  басты  қосқан  елдігің  Зор  қуаныш 

төгілді  алтын  Ордаңа.Саф  азамат  бағылан  керек 

қорғауға,Елдің  жайын  ойлағандар  қамданар,Бомайды  ғой 

 

110 

 

қамсыздарды  зорлауға,  Жұрттың  іші  жұрт  қозғалса 

гүлденер.  Қызыл 



жасыл  гүл  бақшадай  түр 

кірер.Алалықты  арадағы  жойдырып,Заман  келді  бірге 

тұрып,  бір  жүрер,Алаш  туын  желпілдетіп  қолға  алып, 

Мынау  жау  деп  қаймықпай  еш  қорғанып.  Үрім  -  бұтақ, 

нәсіл  -  нәсіл  бәріне,Кетіңдерші  бітпейтін  бір  жол  салып, 

Жұртты  сүйер  ерлер  шығып  қол  басы,  Саф  азамат 

бағылан болып жолдасы, Жарық сәуле ендіретін қазаққа. 

Мәңгі  жылдар  жасасын  Алаш  ордасы!».  Үшіншіден, 

Б.Майлиннің  «Айқап»,  «Қазақ»  басылымдарында  жарық 

кӛрген  шығармаларына  «ұлтшылдық»  сипат  дарытып, 

біржақты қарастырып келдік.  

Б.Майлин  –  қазақ  әдебиетіндегі  әңгіме  жанрының 

классигі.  

Жазушы    әңгімелері  тұтас  дәуірдің  болмыс-бітімін 

шынай суреттеуімен,  

ағымындағы  күрделі  ӛзгерістерді  адам  психологиясымен 

байланыста берудегі шыншылдығымен құнды. «Бейімбент 

шындықты  бояламай,  жаңаның  бәріне  бас  шұлғи  бермей, 

реалист  жазушы  есебінде  ӛмірде  орын  алған  ұнамсыз 

құбылыстарды, 

халық 


үмітін 

алдауға 


құрылған 

шындықтың  кӛлеңкелі  жақтарын  ӛз  шығармаларында 

үнемі  ашып  кӛрсетіп  отырды.  Адам  бойындағы 

қайшылықты  мінездер  мен  ӛмірдегі  жақсы-жаманның 

күресін  жіті  танып,  оның  диалектикалық  байланысын 

шебер  суреттей  алған  жазушы  реализмінің  күші  де 

осында»  (С.Қирабаев).  Бұл  ретте  жазушының  1920-30 

жылдардағы  қазақ  қасіретін,  яғни  аштық  трагедиясын, 

кеңес саясатындағы асыра бұрмалаушылықтарды ашудағы 

шығармаларына  ерекше  мән  беруіміз  керек.  Ол  қазақ 

тарихындағы  «ақтаңдақтары»  және  де  сол  шындықты 

жазудағы  қаламгердің  азаматтық  ұстанымын  тануымызға 

әрі  Б.Майлинді  тек  қана  тап  жазушы  тұрғысында  бір 

жақты  қарастыруымыздағы  кейбір  қателіктерді  барынша 



 

111 

 

әділ  түзетуімізге  мүмкіндік  береді.  Мәселен,  «Күлпаш», 

«Айт  күндері»,  «Естай  ауылы»,  «Иелі  ауру»,  «Аштық 

құрбаны»,  «Әже»  әңгімелері  Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі 

қазақ  қоғамының  әлеуметтік  тыныс-тіршілігін  кеңестік 

саясаттағы    асыра  сілтеулермен  сабақтас  ел  тұрмысы, 

аштықтың  орын  алуы  шынайы  кӛрініс  тапқан.  Бір 

жылдары  айтқа  жиылған  тұтас  елді  қымызға  қандырып 

риза  еткен  Бәкеннің  әйелімен  аштықтан  ӛлуі  («Айт 

күндері»),  аштық  қысып,  жұқпалы  ауру  жайлаған 

Естайдың  ауылының  қонақтарына  айтқан  ӛлеңінде  де 

ӛлген  жігіт  мұңын  шертуі  («Естай  ауылы»),  отбасының 

аштыққа ұшырап, қызын байға тоқалдыққа беру  («Аштық 

құрбаны»)  мұның  бәрі  Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  қазақ 

даласының, қазақ қоғамының шындығы. «Б.Майлин әңгіме 

жанрының  арқауын  ширатып,  оны  қазақ  топырағында 

ӛзгеше  ӛрнекпен  дамытуға  да  үлкен  үлес  қосты.  Оның 

ауыл  тақырыбын,  ауыл  адамдарының  типтік  бейнелерін 

жасауға  арналған  «Сексен  сом»,  «Айранбай»,  «Сары  ала 

тон»,  «Қара  шелек»,  «Даудың  басы  –  Дайрабайдың  кӛк 

сиыры»,  «Арыстанбайдың Мұқышы» т.б. әңгімелері 20-30 

жылдардағы  таңдаулы  қазақ  әңгімелері  қатарынан  орын 

алады» (Қ.Алпысбаев). 

Қаламгердің 

күштеп 

ұжымдастырудың 



ауыр 

зардаптарын, 

жаңа 

ӛкімет 


орнатудағы 

шолақ 


белсенділердің 

әпербақандығын 

шынайы 

ашудағы 


талантын  «Қалекеңнің  үйінде»,  «Жандыбай  Жындыбаев», 

«Даудың 


басы 

– 

Дайрабайдың 



кӛк 

сиыры», 


«Арыстанбайдың 

Мұқышы», 

«Сот 

алдында», 



«Әміржанның  әңгімесі»  т.б.  әңгімелері  айқын  танытады.  

Драматургиядағы  «Талтаңбайдың  тәртібі»,  «Кӛзілдірік» 

пьессалары  да  дәуір  шындығын  реалистік  тұрғыдан 

суреттеуімен 

әрі 

жаңашылдық 



дәстүрін 

қалыптастыруымен 

маңызды. 

Атап 


айтқанда, 

«Талтаңбайдың  тәртібі»  -  тұңғыш  сатиралық  пьесса. 



 

112 

 

Жалпы  драматругия  шебері  Б.Майлиннің  «Неке  қияр», 

«Майдан», 

«Шаншар 


молда» 

сынды 


комедиялық 

шығармаларында  ескілік  қалдығы,  адам  бойындағы  кесір-

кесапат  әжуа  етілсе,  «Біздің  жігіттер»,  «Жалбыр», 

«Аманкелді»  пьессаларына  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

қозғалыс,  жаңа  заман  орнатудағы  күрес  жолдары 

суреттеледі. 



2)Бейімбет  ӛз  туындыларымен  қазақ  әдебиетіне  жаңа 

типтегі  адамдар  бейнесін  сомдаған  жазушы.  «...Жаңа 

қоғамға керек жаңа адам кӛктен түспейді, бар адамды жаңа 

рухта  тәрбиелеу  керек.  Қателігін  ӛзіне  сабақ  ете  отырып, 

биік  адамдық  мұраттарға  бағыттау  қажет.  Бейімбет  осы 

жолды  ұсынады.  Оның  шығармаларындағы  жаңа  типті 

адамдардың  барлығы  күрес  үстінде  шынығып  ӛседі» 

(С.Қирабаев).  Бұл  ретте  «Азамат  Азаматыч»  романы, 

«Раушан  коммунист»,  «Күлтай  болыс»  повестері  соны 

кӛрсетеді.  Әдебиеттің  бар  жанрында  қала  тербеген 

дарынның 

поэзиясында 

жаңа 

замандағы 



жаңа 

лирикалық  кейіпкердің  мұрат-мақсаты,  арман-мүддесі 

жырланады.  «Гүлденсе  ауыл,  гүлденеміз  бәріміз, 

Ауыл  –  дене,  біз  қозғалтар  жанымыз»  деп  қыр 

қазағын,  дала  тынысын  жырлаған  ақын  аул  жыршысы 

болды. 


«Құтты 

болсың 


мейрамың», 

«Бүгін», 

«Мырқымбай»,  «Бер,  Мырқымба,  қолыңды»,  «Бӛліс», 

«Мырқымбай  –  онжылдық  тойда»,  «Әй,  Мырқыбай», 

«Кедейге», «Кедейдің кейістігі», «Әйт-шуу, ала атым» 

т.б.  ӛлеңдерінде  енбек  адамының  бейнесі  сомдалды. 

Ақын  таптық  танымды  айқын  ұстанғанымен  де,  кедей 

мұңына  әлеуметтік  теңсіздік  тұрғысынан  үңіледі. 

«...Тап  тартысының  шиененіскен  күндерінде  Бейімбет 

бай-кедей  деген  ұғымдардың  бірін  қара,  бірін  ақ 

бояумен  бояп  кӛрсету  жолына  барған  жоқ.  Оның 

түсінігінде,  байдың  бәрі  жаман  емес,  кедейдің  бәрі 

жақсы  емес.  Олардың  бәрі  да  адам.  Адамның  жақсы-


 

113 

 

жаманы 


болады» 

(С.Қирабаев). 

«Сенің 

зарың 


зарлайтыным  ӛмірде  Сенің  арың  арлайтыным  ӛмірге. 

Сен  не  кӛрсең,  мен  де  соны  кӛрмекпін,  Белді  буғам 

ауырға  да  жеңілге.  Сен  жыласаң  кӛзден  жасым 

тамшылар,  Сен  қуансаң,  қайғы-шерім  ашылар,  Айт 

ӛлеңлі  ен  дананы  күңірентіп,  Кеше  жүрген  қойшы-

қолаң, 


малшылар!» 

(«Кедейге»). 

«Рәзия 

қыз», 


«Қашқан  келіншек»,  «Ӛтірікке  бәйге»,  «Кемпірдің 

ертегісі», «Маржан», «Қанай» поэмаларына әлеуметтік 

теңсіздік, әйел тағдыры арқау болған.  

Тұтастай  алғанда,  қазақ  әдебиетінің  классигі 

Б.Майлин  ӛз  дәуірінің  жаршысы  бола  отырып,  сӛз 

ӛнерінің  реалистік  сипатын,  кӛркемдік  болмысын 

еселеуге ерекше үлес қосқан қайталанбас талант иесі.  

 

 



     Дәріс бойынша сұрақтар: 

1)

 



Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы. 

2)

 



Б.Майлин -  қазақ поэзиясындағы лиризмнің хас 

шебері. 


3)

 

Б.Майлин – қазақ әдебиетіндегі әңгіме 



жанрының классигі. 

4)

 



Тұңғыш сатиралық пьесасы. 

5)

 



Драматургия шебері. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

114 

 

Негізгі әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. – Алматы, 

1967. 


2.

 

Ордалиев С. Бейімбет Майлин творчествосы. – Алматы, 



1990. 

3.

 



Сарбалаев Б. Бейімбет Майлин. – Алматы, 1989. 

4.

 



Байменше С. Майлының Бейімбеті – Алматы, 2002. 

Қосымша әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Қаратаев  М.  Нұртазин  Т.  Қирабаев  С.  Қазақ  совет 

әдебиеті. – Алматы, 1967. 

2.

 

Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 т. 1 кітап. – Алматы, 1967. 



3.

 

Майлин Б. Бес томдық шығармалар жинағы.  – Алматы, 



1986-1988. 

4.

 



Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы, 1997. 

 

 



 

 

 



                                                                                                                               


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет