Дәріс Дефектология ғылымының зерттелу тарихы Мақсаты



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі43,19 Kb.
#20255
  1   2   3   4

Дәріс 1. Дефектология ғылымының зерттелу тарихы

Мақсаты: Студенттерге дефектология ғылымының зерттелу тарихы жайында толық мағұлмат беру

Жоспар:

  1. Зерде бұзылысының зерттелу тарихы

  2. Психикалық дамуы тежелуінің зерттелу тарихы

  3. Есту бұзылуының зерттелу тарихы

  4. Көру бұзылуының зерттелу тарихы

  5. Сөйлеу бұзылуының зерттелу тарихы

  6. Қимыл-қозғалыс бұзылуының зерттелу тарихы

  7. Ерік саласы бұзылуының зерттелу тарихы

  8. Мінез-құлық бұзылуының зерттелу тарихы

  9. Күрделі кемістіктердің зерттелу тарихы

Кілт сөздер: зерде бұзылысы, ерік саласы бұзылуы, дисгармониялық даму, аутизм, патология

ХVІІІ ғасырдан басталады. Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуы Ж.Итар, Ж.Эскироль, Ж.Демор, Э.Крепелин, Э.Сеген, В.К.Кащенко, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Граборов, М.Монтессори т.б. есімдерімен байланысты. Қазақстандағы дефектология саласын зерттеуші ғалымдар ретінде Ж.Ы.Намазбаеваны, Р.А. Сүлейменованы, Қ.Қ. Омірбекованы, К.Б. Бектаеваны, З.А. Мовкебаеваны т.б. атауға болады.



  1. Зерде бұзылысының зерттелу тарихы

«ХVІІІ ғасырдан бастап, Ж.Эскироль, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А.Бине, Э. Крепелин, Дж. Кэттел сияқты психиатрлар, зерде бұзылуын зерттеуге кірісті. Ғалымдардың алға қойған негізгі мәселесі, интеллектуалды кемістіктің жан ауруларымен, психикалық науқастармен байланысын анықтау, бұл бұзылулардың тереңдігін ажырату болды. ХІХ ғасырдың ортасында, көптеген Еуропа елдерінде жалпыға міндетті білім беру ісі енгізілгенде интеллектуалды жетіспеушілік мәселесінің мектеп бағдарламасын меңгеруге кедергі жасауы, дәрігерлердің, педагогтардың, кейін психологтардың назарын өзіне аударды. Жан ауруы жоқ, бірақ бағдарламаны меңгере алмайтын балаларды топтап оқытатын көмекші мектептердің, сыныптардың ашыла бастауы, осы кезеңдерге сәйкес келеді. Кеңес дәуірі кезіндегі ғылымда, олигофренияны жан ауруынан жеке алып қарастыру кейін, ХХ ғасырда басталды, әрі медицинада ғана емес (И.П.Кащенко, Г.И.Россолимо) 20 жылдары пайда болған дефектология ғылымында Л.С.Выготский арқылы кеңінен зерттеу қолға алынды. Ол дәрігерлер, психофизиологтар, психологтар мен педагогтардың еңбектерін бір арнаға бағыттады. К.Д.Ушинский өз еңбектерінде мектеп оқушыларының арасында, жүйкелік-психикалық ерекшеліктердің салдарынан оқуда үлгермейтін балалардың кездесетіндігі туралы ескертеді. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушіліктің себебін анықтауға үлкен мән береді. Коп жағдайда, бұл зерде бұзылысымен түсіндіріледі, балалар көмекші мектептерге жіберіледі. Ресейде көмекші мектептер 1908-1910 жж. ашыла бастады. ХІХ ғасырдың ортасында, дәрігерлер зерде бұзылысы бар балаларды психиатриялық аурухананың басқа пациенттерінен болек қарастыра бастады. Оларды тәрбиелеу мен оқытуға тырысудың нәтижесінде олардың психикалық әрекетінің ерекшеліктері туралы мағлұматтар жинақталды. 1929 ж. Мәскеуде балалар үйлері мен арнайы мектептердің ғылыми-практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға болып саналды. Ондағы арнайы психологиялық зертханаларда талантты жас ғалымдар еңбек етті, олардың ішінде арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына елеулі үлес қосқан Л.С.Выготский болды. Л.С.Выготский маңызды теориялық ережелерді тұжырымдайды:

- адам психикасы құрылымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның бұзылуы, барлық жүйенің қызметін озгертетіндігі туралы;

- бала дамуының өзекті және жақын даму аймағы туралы;

- қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлардың бірдейлігі туралы;

- ауытқыған дамудағы бірінші және екінші кемістік туралы, дамуы ауытқыған балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы;

- баланың психикалық жоғары қызметтерінің дамуындағы ұжымның фактор ретінде қарастырылуы туралы;

- зерде бұзылысы зият пен аффект қатынасының өзгерісі туралы;

- дамуы ауытқыған балаға ерте коррекциялық– педагогикалық ықпал жасаудың маңызы туралы.



  1. Психикалық дамуы тежелуінің зерттелу тарихы

«Психикалық дамудағы аздаған ауытқулар мәселесі, шетелдік және отандық ғылымда, тек ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл кезде ғылым мен техниканың түрлі салаларында, қарқынды даму болды, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламалары күрделене түсіп, коптеген балаларға оқу қиындай бастады. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушілік себептерін, өте маңызды деп санап, талдау жасады. Коп жағдайда, бұл мәселе зерде бұзылысы деп қарастырылып, үлгермеуші оқушылар комекші мектептерге орналастырылды. Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламаны меңгере алмаған балаларды клиникалық тексеруден откізгенде, зерде бұзылысы балаларға тән өзгеше ерекшеліктер байқалмаған. Тек 50-60 ж ж. Л.С.Выготскийдің шәкірті М.С.Певзнердің басшылығымен, үлгермеушілік мәселесінің түпкілікті себебі анықтала бастады. Кешенді клиникалық-психологиялық-педагогикалық тексерулер үлгермеуші оқушыларға психикалық дамудың тежелуі деген (ПДТ) тұжырымдама берді. Сөйтіп, жалпы мектептердегі үлгермеуші оқушылардың тең жартысын құрайтын, дамуында ауытқуы бар балалардың жаңа санаты пайда болды. 1960 ж. Кеңес Ғылым академиясының дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтында, М.С.Певзнер мен Т.А.Власованың жетекшілігімен жүргізілген кешенді зерттеулер екі жақты қажеттіліктен туындады: біріншіден, жалпы мектептердегі үлгермеушілік мәселесімен күресу болса, екіншіден, танымдық әрекеттің клиникалық бұзылуын әрі қарай тереңірек зерттеу қажет болды. Барлық корсеткіштерге сәйкес, бұл санаттағы балалардың психоәлеуметтік дамуы басқа дизонтогениялық бұзылулардан өзгеше, екінші жағынан, қалыпты дамудан айырмасы бар, сөйтіп, психикалық даму деңгейіне қарай зерде бұзылысы мен қалыпты даму аралығын корсетеді. Зерде бұзылысы орталық жүйке жүйесі диффузиялық түрде зақымданатын болса, психикалық дамудың тежелуінде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) локальды зақымданады. Зерде бұзылысы екінші сигналдық жүйе шартты байланыстар жасауда белсенді ролді атқармайды, ал ПДТ-де екінші сигналдық жүйе шартты байланыстар жасауда, қалыпты жағдайда белсенді рол атқарады. Зерде бұзылысы балалар ересек адамдар тарапынан берілген комекті қабылдамайды, ал ПДТ бар балалар комекті қабылдайды».

Психикалық дамуы тежелген балаларға, айқын даму ауытқулары жоқ балалар жатады. Бұл санаттағы балаларда, түрлі биоәлеуметтік себептер (ОЖЖ-ң жеңіл зақымдануының қалдықтары, соматикалық әлсіздік, церебрастениялық күйлер, педагогикалық қараусыздық, гармониялық инфантилизм т.б.) салдарынан, бейімделу қиындығы кездеседі. Жоғарыда аталған кемшіліктер бұл балалардың жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруіне кедергі жасамайды, бірақ олардың психикалық және дене бітімдік ерекшеліктеріне бейімделуін қажет етеді. Дер кезінде жүргізілген коррекциялық–педагогикалық комек жүйесі кейбір жағдайдағы медициналық комек аталған, даму ауытқуын толық немесе жартылай жоя алады.



  1. Есту бұзылуының зерттелу тарихы

Есту қабілеті бұзылған адамдардың мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиясы алғаш рет ХІХ ғ. орта шенінде зерттеле бастайды. 20-жылдары Л.С.Выготскийдің басшылығымен арнайы психологиялық мәселелер жүйелі түрде қарастырылды. Оның шәкірттері Л.В.Занков пен И.М.Соловьев өз әріптестерімен бірге, есту қабілеті бұзылған балалардың қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты зерттеуге кіріседі. Бұл зерттеулердің нәтижелері, 1940 ж. сурдопсихология бойынша алғаш жарияланған «Очерки 17 психологии глухонемого ребенка» монографиясында беріледі. Одан кейін, сурдопсихология саласындағы зерттеулер И.М.Соловьевтің жетекшілігімен жүзеге асады. Сурдопсихологияның қалыптасуының кезеңдерінде, А.П.Гозова, Г.Л.Выгодская, Н.Г.Морозова, М.М.Нудельман, В.Г.Петрова, Т.В.Розанова, Л.И.Тигранова, Ж.И.Шиф т.б. ғалымдар үлестерін қосты.

  1. Көру бұзылуының зерттелу тарихы

Тифлопсихологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы зағиптарды арнайы мектептерде оқытуды ұйымдастыру ісімен байланысты. «Алғашқы арнайы мектеп В. Гаюидің бастамасымен Парижде 1784 жылы ашылды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында бүкіл әлемде, барлығы 150-ге тарта зағиптарға арналған мектептер ашылды. Зағиптар психологиясына талдау жасауға деген алғашқы ұмтылысты, біз француз материализмінің негізін қалаушы Д.Дидроның «Коретін адамдарға уағыз ретінде зағиптар туралы жазбалар» (1749) еңбегінен табамыз. Көзі көрмеушілік жағдайындағы психикалық даму ерекшеліктеріне арналған алғашқы зерттеулер, ХІХ ғасырдың 70- жылдарында жүргізіле бастады. Зерттеуді зағип адамдар интроспекция әдсі арқылы (өзін-өзі бақылау) жүргізді. М.Сизеранның «Зағип адам зағиптар туралы» монографиясы, сол кездегі елеулі еңбектердің бірі болып саналады. Онда өзін-өзі бақылау негізінде, зағип адамның ішкі әлемі суреттеледі» Ғылыми психологияның орнығып қалыптасуы, Т.Геллер, М.Кунц, К.Бюрклен, П.Виллей, А.А.Крогиус, М.И.Земцова, Ю.А.Кулагин, А.Г.Литвак, Л.И.Солнцева еңбектерімен тікелей байланысты. Осы уақытқа дейін, әлемдік тифлопсихологияда зағиптар психологиясының қалыпты дамудағы коретін адамдардың психологиясына қаншалықты жақын және өзгеше екендігі туралы екі түрлі ұстаным бар. Бұл ұстанымдар адамның психикалық және әлеуметтік дамуындағы кемістіктің рөліне козқараспен ажыратылады. Олардың бірі, көру патологиясы бар баланың психикалық дамуында көру кемістігініің рөлі негізгі және айқын деп қарастырады. Бұл ұстаным осы санатқа жататын балалардың, полисенсорлық қайта құрылу мүмкіндіктерін ескермейді. «Зағип балалардың танымдық әрекеттерінде өзіндік ерекшеліктердің болатынын А. И. Скребицкий, А. Щербина анықтаған. Ал, зағип балалардың психикалық дамуындағы өзгешелік ерекшеліктерді тым асыра карастыру Ф.Цехты көретін адамдардың тілінен өзгеше «зағиптар тілінің» қажеттігін дәлелдеуге мәжбүр етті. К. Бюрклен зағип адамдардың қоғамнан бөлек өмір сүруі нәтижесінде, адамдардың жаңа бір озгеше типі пайда болады деген қорытындыға келеді. Бірақ көру қабілеті зақымданған балалардың психикалық процестерінің ерекшеліктері өзгермейтін құбылыс емес. Ғалымдардың келесі бір тобы (Т.Касфорс, Б.Гомулицкий, К.Максфилд, А.Г.Литвак, М.И.Земцова, Л.И.Солнцева т.б.) бұл балалардың психикалық даму динамикасын бақылай келіп, мынадай тұжырым жасайды: аталған санаттағы балалардың психикалық даму динамикасы жақсарған сайын, коретін балалар мен кормейтін балалардың жалпы психикалық мәртебесі арасындағы айырмашылық азая түседі. Көру патологиясы бар балалардың озық даму мүмкіндігінің болатыны белгілі болды (М.Тобин)»



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет