Дәріс жоспары



бет5/7
Дата22.02.2022
өлшемі142.2 Kb.
#26120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Қышқылдық-негіздік әрекеттесулердің аналитикалық химияда қолданылуы.

  1. Катиондар мен аниондарды ашу үшін:

NH4+ + OH- → NH3↑ + H2O

Fe3+ + 3OH- → Fe(OH)3

CO32- + 2H+ → CO2↑ + H2O


  1. Топтарды бір-бірінен бөлу үшін қолданылады.

  2. Комплексті қосылыстарды бұзу үшін: [Ag(NH3)2]Cl + 2H+ → AgCl↓ + 2NH4+

  3. Сандық талдауда титриметриялық анықтауларда қолданылады.

Биологиялық протолиттер.

  1. Биологиялық маңызды қышқылдардың бірі – HCl асқазан сөлінде болады рН = 0,9 - 1,5. рН-тың бұл мәнінде пепсин ферменті каталитикалық белсенді болады, ол ақуыздардың полипептидтерге дейін гидролизденуін жылдамдатады.

  2. Н2СО3 - органикалық заттардың тотығуының ең соңғы өнімі болып табылады.

  3. Н3РО4плазма құрамында НРО42-, Н2РО4- түрінде болады.

  4. H2SO4 - ақуыздардың тотығуы нәтижесінде түзіледі.

Сілтілер мен негіздердің рН және рОН есептеу.

1) Күшті қышқылдардың, мысалы 0,1М HCl ерітіндісінің активтілік коэффициентін ескере отырып және ескермей және рН мәндерін есептеу.

а) С(HCl) = 0,1 моль/л

HCl күшті қышқыл HCl  H+ + Cl- сондықтан = Cқышқыл = 0,1= 10-1 моль/л

рН-lg = -lg10-1 = 1

б) активтілік коэффициентін ескере отырып шығарсақ:

HCl  H+ + Cl-, , = 0,78

pH = -lg


pH = -lg7,8·10-2 = -lg7,8 + (-lg10-2) = -0,88 + 2 = 1,12

2) 3,42 г барий гидроксиді бар 1 л ерітіндінің рН-ын есептеу?

Шешуі: моль/л

Ba(OH)2→Ba2++2OH-

0,02 0,02 2·0,02

, = 0,81

pOH = -lg,

pOH = -lg3,24·10-2 = 1,49, pH = 14 – рОН =14 – 1,49 = 12,51

2) Әлсіз қышқылдар мен негіздердің рН және рОН мәндерін есептеу.

Әлсіз қышқылдар мен негіздердің күшті қышқылдар мен негіздерден айырмашылығы сулы ерітінділерінде аз мөлшерде ғана иондарға ыдырайды. Көбінесе ерітіндіде молекула түрінде жүреді.

Әлсіз қышқылдар үшін: ≠ Cқышқыл

Иондану константасы арқылы өрнектесек: HАn = H+ + An-,

[H+] ≈ [An-], [HAn] ≈ С(HAn), 



pH = -lg  ,

Иондану дәрежесі арқылы өрнектесек: α  Сі = α·СЖ, онда = α·Сқышқыл.

Әлсіз негіздер үшін: ≠ Cнегіз

Иондану константасы арқылы өрнектесек: КtОH = Кt+ + ОH-,



[Кt+] ≈ [ОH-], [КtОH] ≈ С(КtОH), 

pОH = -lg  ,

pH = 14 – рОН

Иондану дәрежесі арқылы өрнектесек: α  Сі = α·СЖ, онда = α·Снегіз.

Есеп: Концентрациясы 0,01 моль/л, иондану дәрежесі 4,2 % тең, сірке қышқылының рН-ын есептеу?

Шешуі: Иондану дәрежесін пайыздан бірлікке көшіреміз α = 4,2 % немесе α = 0,042 бірлік

= α·Сқышқыл = 0,042·0,01 = 4,2·10-4, pH = -lg = -lg4,2·10-4 = -0,62 + 4 = 3,38

Есеп: Концентрациясы 0,01 моль/л, иондану константасы 1,74·10-5 тең, сірке қышқылының рН-ын есептеу?

Шешуі:

немесе

pH = -lg = -lg4,17·10-4 = 3,38
3) Көп негізді қышқылдар мен көп қышқылды негіздердің рН және рОН-ын есептеу.

Полипротонды әлсіз қышқылдар немесе негіздердің рН мәнін есептеу, олардың 1-сатысы бойынша жүргізіледі. 1-сатыдағы қышқылдың иондану константасы 2-сатыға қарағанда 104 есе артық болуы тиіс. Көп негізді қышқылдар мен негіздерге: H3PO4 H2CO3, H3BO3, Al(OH)3, Fe(OH)3, Mg(OH)2 т.б. жатады.

Мысалы: H2CO3 → H+ + HCO3- (1-саты)

HCO3- → H+ + CO32- (2-саты)



= 4,5·10-7 , = 5·10-11

есе жоғары.

Есеп: Концентрациясы 0,01 моль/л көмір қышқылының рН-ын есептеу.



Шешуі: C(H2CO3) = 10-2 моль/л,





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет