Дәріс Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері


Дәрілік заттарды құрсақ қуысына жіберу



бет5/94
Дата20.02.2023
өлшемі6.86 Mb.
#69481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Кожанов 2
Дарынды бала, Документ Microsoft Word, Статья Шумкин, 1, АЛИ, Биғалиқызы Зере КЯ003, №2.СӨЖ, Дюсембаева, лекция 1, ВВП, ВРП 2016-2020 (каз,рус), мерей, УМКД Валеол каз, 2020 Geografiya-Tarih, Катон-Верстка-336 стр., ОҚУ ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ТүСІНІК
Дәрілік заттарды құрсақ қуысына жіберу
арқылы емдеу әдісі.

Күйіс қайыратын малдардың құрсақ қуысы іш пердесімен қапталған. Ондай пердемен құрсақ қуысында орналасқан барлық ағзаларда қапталады. Іш пердесінің сірі қабығы көптеген қан және лимфа тамырларымен жабдықталған. Олардың өзара ара қатынастары іш пердесінің әр жерлерінде әртүрлі болып келеді. Мысалы іш пердесінің кейбір бөліктерінде олардың ара қатынасы 1:5-ке және 1:20-ға қатынасындай болса, басқа бөліктерінде керісінше болатын көрінеді. Олай болса кейбір жерлерінде лимфа, ал кейбір жерлерінде қан тамырлары басымырақ болады. Лимфа тамырлары басымырақ жерлерде экссудация, ал қан тамырлары басымырақ жерлерде резобция құбылыстары бірінші орында болады.Висцеральды және шарбы іш перделерінің сірі қабықтары арқылы сору, сіңіру құбылысы әлде қайда жақсы жүретіні дәлелденген. Висцеральды іш пердесінің сірі қабығы ішектердің сыртын қаптаған шажырқайдағы бір қабатты жадағай торшалар. Ондағы дәнекер тіні өте нәзік және сол тіндердің ішіндегі ең аз бөлшектенген түріне жатады. Құрсақ қуысында орналасқан ағзалар мен тамырларды сыртынан қаптаған висцеральды іш пердесінің сірі қабықтарының осындай ерекшеліктері құрсақ қуысына жіберілген ерітінділердің ең алдымен осы қабықтар арқылы сорылып, сіңіріліп; одан шажырқайдағы тамырлар мен қақпа көк тамырға ерітінділердің сіңуіне әсер етеді.


Міне, организмнің осы ерекшеліктерін ескере отырып, оттегін күйіс қайыратын малдардың құрсақ қуысына жіберу арқылы ауру малдарды емдеу әдісін зерттедік. Бұл әдіс басқа этиотропты және симптоматикалық емдеу әдістерімен қоса жүргізілді.
Бұл емдеу әдісі ертеден белгілі болғанымен өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін кеңінен қолднылмай келді. Оның негізгі себебі шаруашылықтағы мал мамандарына қарапайым, оңай қолдануға болатын әдістің технологиясының ұсынылмауы.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ғалымдары шаруашылықтағы мал мамандарына оттегін құрсақ қуысына жіберу арқылы кешенді түрде емдеу әдісінің қарапайым және оңай технологиясын ұсынды.
Біз өз жұмысымызда осы әдісті одан ары қарай жетілдіру мақсатында зерттеулер жүргіздік. Ол үшін төмендегідей мәселелерді шешу керек болды:

  1. Сау малдардың құрсақ қуысына жіберілген оттегінің организмге тигізетін әсерін зерттеу;

  2. Организмнің басқа ағзаларының қызметтеріне кері әсер етпейтін, құрсақ қуысына бір ретте жіберетін оттегінің дозасын анықтау;

  3. Оттегін құрсақ қуысына жіберуге болатын ең қолайлы нүктені анықтау;

  4. Осы әдісті қарапайым түрде оңай іске асыруға болатын құрал-жабдықтарды ұсыну.

Зерттеулердің нәтижесінде күйіс қайыратын малдардың оттегін құрсақ қуысына жіберу операциясын жеңіл көтеретініне және оның әсері организмнің басқа ағзаларының функцияларын айтарлықтай өзгертпейтініне көз жеткіздік.
Оттегін құрсақ қуысына жіберуге ең қолайлы, қауіпсіз жер күйіс қайыратын малдың оң жақ аш қарын шұңқырының ортасы. Дәлірек айтқанда, соңғы қабырғаның ортасы мен сербек жотасын қосатын түзу сызықтың орта нүктесі. Сол жерде операциялық орын дайындалғаннан кейін, үші аздап доғалданған инені, өте сақтықпен, жоғарыдан төмен, сол жақ алдыңғы аяқтың шынтағының дөңесіне бағыттап кіргізген дұрыс. Мұндай операцияны түрегеп тұрған малға жасаған қолайлы. Малдың терісі мен ет қабаттарынан өткен иненің үші іш перденің сірі қабатына жеткенде аздап, болар-болмас кедергіге тап болады. Оны тәжірибелі мамандар саусақтың үшімен сезеді. Ине іш пердені тесіп өткенде әлсіз ғана сырт еткен дыбыс сезіледі. Бұл иненің үшінің құрсақ қуысында екенінің белгісі. Инені аздап ары қарай жылжытқан дұрыс. Үші доғалданған ине ішектерді жарақаттай алмайды. Осыдан кейін иненің өзегінде қан бар ма, жоқ па; ине кірген жерде тығыз тұрма, соған көңіл аудару керек. Бәрі дұрыс болған жағдайда оттегін жіберуге кірісе беруге болады.
Құрсақ қуысына жіберілген оттегі онда орналасқан ағзалардың сірі қабықтары арқылы көп кешікпей организмге сіңе бастайды. Оттегін жібергеннен кейін бір сағаттай уақыт өткенде іштің пішіні алғашқы қалпына келіп те үлгереді. Оттегінің құрсақ қуысына жіберу мөлшері малдың 1 кг салмағына есептегенде 100 мл болуы керек. Ол тәжірибе жүзінде дәлелденген.
В.Н.Квятковский өзінің қойға жасаған тәжірибесінде оттегін құрсақ қуысына жібергеннен кейін 48 сағат өткенде бауыр қақпа көк тамырының қанындағы оттегінің мөлшері 7,4 көлемдік пайыздан 12,0 көлемдік пайызға дейін көбейгенін баяндайды. Олай болса, құрсақ қуысына жіберілген оттегі ең әуелде оның негізгі тұтынушысы бауырға барып сіңеді. Ал қолқа тамырдың қанындағы оттегінің мөлшері 12,8 көлемдік пайыздан 15,3 көлемдік пайызға дейін жоғарылаған. Осындай қан құрамындағы өзгеріс 2-3 күнге дейін сақталған.
Оттегін құрсақ қуысына жіберу үшін біз қарапайым аспапты ұсындық. Ол үшін оттегі толтырылған жастық, Жанэ шприці, 250 мл шыны колба, тесігі 3 жаққа шығатын Агали краны, үші доғалданған стерилді ине және осы заттарды бір-бірімен жалғастыратын резина түтікшелері қажет. Колбаға әлсіз концентрациядағы Риванол ерітіндісін құяды. Ол өзі арқылы өтетін оттегін ылғалдандыру арқылы оның тітіркендіру қасиетін төмендетеді және залалсыздандырады. Колбаның тығынындағы екі тесік арқылы екі шыны түтікше орналастырылады. Оның біреуі міндетті түрде Риванол ерітіндісіне батып тұруы керек. Ол оттегінің жастығымен жалғасады, ал екіншісі Агали краны арқылы Жанэ шприцімен және инемен қосатын резина түтікшемен жалғасады. Үш тесікті Агали краны Жанэ шприцін бірде инемен, ал енді бірде оттегінің жастығымен қосуға қолайлы. Көлемі белгілі Жанэ шприці құрсақ қуысына қанша оттегінің жіберілгенін анықтау үшін де қажет.


7-ші сүрет. Оттегін құрсақ қуысына жіберу үшін қолданылған аппарат.



  1. Жанэ шприці

  2. Агали краннигі

  3. Оттегін ылғалдандыратын және залалсыздандыратын сұйығы бар колба

  4. Құрсақ қуысына еңгізілетін ине

  5. Оттегі толтырылған жастық

Осындай операцияны мал маманы бір кісінің көмегімен еш қиындықсыз, оңай жүргізе алады. Тек төмендегідей жұмыс ретін сақтаса болғаны:



  1. Аспапты құрастырып, оның герметикалық жағдайын тексеру керек;

  2. Оттегі жастығын редукторлы балоннан оттегімен толтыру керек;

  3. Емделетін малды станокқа орналастырып, бекіту керек;

  4. Ине кіргізетін операциялық орынды дайындау керек;

  5. Залалсыздандырылған инені құрсақ қуысына дұрыс еңгізу керек;

  6. Аспапты резина түтікше арқылы инемен қосады;

  7. Агали краны арқылы оттегінің жастығын Жанэ шприцімен қосады;

  8. Жанэ шприціне оттегін сорып, толтырады;

  9. Жанэ шприці мен инені қосады;

  10. Жанэ шприціндегі оттегін құрсақ қуысына жібереді;

  11. Агали краны арқылы оттегінің жастығы мен Жанэ шприцін қайта қосу;

7, 8, 9, 10, 11 пунктері малдың құрсақ қуысына оттегінің белгіленген мөлшерін толық жібергенше қайталанып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет