Дәріс Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының мақсаты мен міндеті



Дата04.04.2023
өлшемі79,9 Kb.
#78942

Дәріс 9. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

1. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының мақсаты мен міндеті

2. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының кезеңдері.

1. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының мақсаты мен міндеті

  • «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасы 29 мемлекетте қолданылуда.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
  • Сыни ойлау- өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы.
  • Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология.

2. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының кезеңдері.

  • 1. Қызығушылықы ояту кезеңінде «Миға шабуыл», «Зерделеу», «Ой тізбелеу сандықшасы» «Ойлану, жұпта талқылау», «Лездеме», «Тірек сөздер», «Кластер» т.б.;
  • «Ой тізбелеу сандықшасы». Білім алушылар өткізілгелі отырған тақырып бойынша не білетіндерін жазып, сандықшаға жинақтады. Өз айтқандарын мысалмен дәлелдейді. Толық және дәлелді жауап беру талап етілді.
  • «Лездеме» стратегиясы. Студенттердің білімімен қатар, алғырлығын, ойының шапшаңдығын бақылау мақсатында жүргізуге болады. Үйге берілген тапсырма негізінде немесе жаңа сабақ жайлы не білетіндерін байқау барысында сұрақтар қойып, тез және ұтымды жауап беру керектігін ескертіледі.
  • 2. Мағынаны ажыратуда «Түртіп алу», «Бес жолды өлең», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «Шығармалар кестесі», «Сөздер сөйлейді», «Түртіп алу жүйесі», «Әлемді шарлау», «Қарама-қарсы элементтер», «Блумның сұрақ қою стратегиясы», «Көп деңгейлі сұрақ», «ЖИГСО», «Логикалық тізбек» т.б.;
  • «Сөздер сөйлейді» страегиясы. Әдебиет сабағында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алғаннан кейін парақшаларға «ақын», «аудармашы», «философ» деген сөздерді жазып, қағаз бетіндегі сөздерге жан беріп, өмірмен байланыстыра сөйлеу талап етіледі. Бұл тәсілдің ерекшелігі: оқушылар әр сөзге анықтама береді, оның мағынасына мән беріп, сипаттама жасайды.
  • Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін талдау барысында «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясын пайдалануға болады. Студенттер әкесі мен баласының іс-әрекеттерін қарама-қарсы қоя отырып талдайды, өз ойларын білдіреді.

«Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы. Қазақ тілінен «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» тақырыбын өткенде білім алушыларға «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы қандай болуы керек?» деген сұрақ беріледі. Білім алушылар осы сұрақты топта талқылап, қағаз бетіне суретін түсіреді. Әр топтан бір спикер шығып жұмыстарын қорғады.

  • «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы. Қазақ тілінен «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» тақырыбын өткенде білім алушыларға «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы қандай болуы керек?» деген сұрақ беріледі. Білім алушылар осы сұрақты топта талқылап, қағаз бетіне суретін түсіреді. Әр топтан бір спикер шығып жұмыстарын қорғады.
  • 3. Ой толғаныс кезеңінде «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Автор орындығы», «Эссе», «Пікірталас», «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап», «Идеялар тақтасы» т.б. стратегияларды әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданады.
  • «Түйінді сөздер» стратегиясы. Бұл ситуацияны ойтолғаныс сатысында қолданған қолайлы. Ойды жинақтау мақсатында студенттерге «Бүгінгі сабағымыздың негізгі түйіні болған сөздерді атаңдар» деп тапсырма беріледі.
  • «Еркін жазу». Мағжан Жұмабаевтың жастарға арнап жазған өлеңдерінен бойыңа қандай қасиеттерді жинадың? Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастардың бойынан көрінбей жатады? Оған не себеп деп ойлайсыз? деген сұрақтар беруге болады. Студенттер өз ойларын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп, жазғандарын оқып, өз ойларын ортаға салды.
  • «Автор орындығы». Әдебиет сабағында студенттің мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту, әдебиетке, өлеңге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақын-жазушылардың өлеңдерін немесе монологтарын сол автордың кейпіне ене отырып оқып беруі талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет