Дәріс Шеңбер мен дөңгелек Жоспар



бет1/6
Дата05.03.2022
өлшемі191,57 Kb.
#27094
  1   2   3   4   5   6

Дәріс 7. Шеңбер мен дөңгелек

Жоспар

    1. Шеңбер ұғымы және оның ұзындығы

    2. Дөңгелек ұғымы және оның ауданы

    3. Сегмент және сектор

СОӨЖ 3. Кеңес беру және СӨЖ 3 қабылдау

СӨЖ 3 Көпбұрыштар, шеңбер мен дөңгелек тақырыптарына презентациялар дайындау. Ең кемі жеті есеп шығару





Анықтама. Берілген шеңбердің центры деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны (тұйық қисық сызық) шеңбер деп аталады .

Шеңбер центрін оның кез келген нүктесімен қосатын R кесіндісі (немесе осы кесіндінің ұзындығы) шеңбер радиусы деп аталады.

Барлық шеңбер үшін олардың ұзындықтарының диаметрлеріне қатынасы тұрақты сан болады. Бұл қатынас гректің π=3,14159… әрпімен белгіленеді (қ. Пи саны деп оқыл.). π саны - иррационал сан.

Шеңбер ұзындығы L=2πR формуласымен анықталады.



Хорда - математикада қисық сызықтың немесе беттің кез-келген екі нүктесін қосатын түзу

Анықтама. Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) және центрі бар бөлігі бөлігі дөңгелек деп аталады.

Дөңгелектің ауданы S=πR²-қа тең.



Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R.

Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең.

Шеңбердің бөлігі доға деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет