Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары



бет12/106
Дата20.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69515
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106
Этнопсихологиядағы жеке тұлғаның теориялық сұрақтары.

60-70 жылдардағы ұлттар туралы пікір таластар рухани–психологиялық ерекшеліктің белгісі жайында өрбіді. Оның нәтижесі ретінде елде ұлттық байланыстың элементтері, қарым-қатынас, бағалау, өзінің санасымен қабылдаудың элементттері, мақтаныш пен мойындау (Г. Шпет).
Соның әсерінен, ұлт туралы түсінік шашыраңқы болып, психологиялық зерттеулерге шектеулер қойылды.
Этнопсихология ғылымында негізінен ұлттар туралы екі деңгейде сөз өрбітуге болады:

  • Мемлекеттік ұлттық мәдениеттің бөліктері (оған жататындар объективті символдар).

  • Субъективті реакциялы (индивидтің тұтас идентификациясының сапалығы және тұтастығы, олардың құндылықтарының бағыты бойынша анықталады).

Жек тұлға мәселесі гуманитарлық орталықтың ғана емес этнопсихология ғылымыныңда үлкен мәселесі. Сондықтанда адамды этноұлттық жеке тұлға ретінде қалыптастыру этнопсихологияның қызықты теориялық және эмперикалық негіздері ретінде қарастырылады.
Этнопсихология ғылымында жеке тұлға әлеуметтік даму және сапалы іс-әрекетке дайын әлеуметшіл адам ретінде анықталады. Жоғарыдағы берілген анықтама өзінің растығын дәлелдей алады. Жеке тұлғаны қалыптастыру оның этникалық құндылығын, рухани сипатын мәдени–психологиялық құбылыстарын ұғынумен байланысты.
Г. Шпеттің пікірінше “Бөлек адамның тарихтағы ұлттық құндылығы, тарихты есіне түсіруі биологиялыққ тұқым қуалаушылықпен емес, сол тарихтың мазмұнын құрайтын дәрежесімен өлшенеді”.
Тарихи қалыптасуға байланысты психологтар, мәдени антропологтарға қарағанда мәдениет пен жеке тұлғаның тұтастығын аз қарастырған.
Қазіргі кезде көптеген адамдар үшін күнделікті өмірдегі жұмысы, табысы, балалар тәрбиесі мен бос уақытты өткізу мәселелері, менің болашағым қандай болады деген сұрақтан гөрі маңызды болып барады. Бірақ, топтың мүшелерімен байланысты психологиялық мәселелерді шеттетуге болмайды.
Адам үшін Мен кіммін? Біз кімбіз? деген қарапайым сұраққа жауап беру қалыптасқан мәселе болуы тиіс. Ал бұл сұрақтарға жеке тұлға, өз этносының бағасын қабылдаумен қазіргі кездегі әлемдегі өз ұлтының орнын тану арқылы ғана жауап бере алады.
Осы мәселеге байланысты біз жеке тұлғаның этникалық сәйкестілігіне тоқталайық.
«Этникалық біртектілік» индивидтің белгілі бір этносқа жатуы.
«Біртектілік» ұғымы бүгінгі таңда философияда, психологияда, этнологияда, мәдени және әлеуметтік антропологияда әртүрлі мағынада және аспектіде кеңінен қолданылады. Жалпылама түсінікте ол обьектінің (субьектінің) басқа обьектіге (субьектіге) бөлек немесе тұтастай жатқызылуын ұғынуды білдіреді (Г.Т.Тавадов).
«Біртектілік» термині этнологияға келіп, аналитикалық ұғым статусына ие болды, себебі ол этнологияның көптеген маңызды мәселелерін зерттеуде белсенді қолданылды. «Біртектілік» индивидтің өзіне-өзінің сыртқы ортасының қасиеттері мен ерекшеліктерін көшіру, жеке тұлғалық өмірінде берілген жағдайда өмірлік маңызға ие белгі-қасиеттерді маңыздандыруға ұмтылу үрдісі ретінде түсіндіріледі.
Сонымен қоса, ұқсастыру, еліктеу үрдісінің негізі болып табылады, яғни күш көрсету арқылы емес, ол адамның өзі ие болғысы келген құңдылықтар мен ептілік және қасиеттерді еркін таңдауы.
Біртектілік мәселесі қазіргі ғылымдағы «Мен концепциясымен» тығыз байланысты, ол бойынша индивидтің ішкі тұлғалық негізі «Мен» дегені бар деп тұжырымдайды, яғни ол маңызды мәліметтерді алып, маңызды еместерін қабылдамайды.
Бұл жерде «Мен» жеке тұлғаны білдірмейді, ол ішкі тұтастықпен сипатталатын феномен, яғни адамның өзі туралы және өзі үшін түсінігіне қалыптасатын сана-сезімге жақын ұғым.
Біртектіліктің деңгейі өзін бір топтың мүшесі ретінде сезінумен, сондай-ақ осы топқа жатқызылуды бағалау барысында туындайтын эмоциялармен байланысты.
Екінші деңгей - әлеуметтік психологиялық. Бұл ұғым адамның белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығын сезінуден туындайды. Индивидке өзінің топтық тиістілігін іздеу тән, ол ұқсас топтармен өзара қарым-қатынас шегінде ғана болуы мүмкін. Себебі, адамға өз тобын басқа топтармен салыстыру және өз тобын жақсы жағынан көрсету мақсатында әрекет ету тән.
Әлеуметтік–психологиялық біртектіліктің бір түрі болып этноәлеуметтік біртектілік табылады. Ол тұлғаның нақты бір этносқа тиістілігін ұғынуы.

  • Біріншіден, ол тұлғаның басқа адамдардан ерекшелену мен тәуелсіз болу қажеттілігін;

  • Екіншіден, бір топқа тиісті болу және қорғалу қажеттілігін қанағаттандырады.

Этнопсихология ғылымында біртектіліктің деңгейлерінен басқа, оның түрлерін де бөліп көрсету орын алған.
Біртектілік саналы және санадан тыс, толық немесе жарым-жартылай, тікелей және жанама болуы мүмкін (өзін бір халықтың өкілі ретінде санап, бірақ басқа халыққа тән белгілерді көрсету). Жанама біртектілік, сәйкес қауымдастықтың топқа қосылумен жүзеге асырылады, яғни, «Мен» нақты бір халықпен, оның әртүрлі этникалық ұғымдарымен, тұтастыққа қосылу арқылы ұқсас боламын.
Ондай тұтастықтар кез-келген субьектілер, яғни жанұялар, субэтностар, этнографиялық топтар және т.б. болуы мүмкін. Қосылу біртетілігі көп деңгейлі және иерархиялы болуы мүмкін, демек «Мен» халыққа белгілі бір топқа кіру арқылы ұқсаймын, ал ол өз кезегінде басқа топқа кіреді және т.б.
Этникалық біртектіліктің мәдени құндылығы өте жоғары деңгейде, себебі ол тұлғаның жетілуіне басқа әлеуметтік топтарға қарағанда үлкен мүмкіндік береді. Сондай-ақ, этникалық біртектілік, қандай-да бір жеке іс-әрекеттер арқылы емес, ол нақты бір этникалық ортада тууы немесе тәрбиеленуі бойынша қабылданады.
Индивидтің нақты бір этносқа жатуын білдіретін этникалық біртектілік мәселесі этнопсихология үшін өте маңызды. Әр адам қандай да бір этникалық топтың мүшесі. Айта кету керек жаңа туған сәби өзіне қандай да бір ұлтты таңдау мүмкіндігіне ие болмайды. Нақты бір этникалық ортада шыр етіп дүниеге келісімен оның тұлғалық негізі, оны қоршаған ортаның ережелері мен салт-дәстүрлеріне сай қалыптасады. Егер сәбидің ата-анасы бір этникалық топқа жатса этникалық өзін-өзі анықтауда онда ешқандай мәселе туындамайды, яғни оның өзінің этникалық қауымдастығымен өзін еш қиындықсыз ұқсастырады себебі, бұл жерде этникалық құрылғылар мен мінез-құлық таптаурынының қалыптасу механизмі ретінде еліктеу жүреді. Ол туған этникалық ортасының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, әлеуметтік және этникалық нормаларын меңгереді. Ондай адамның сана сезімі оны қоршаған адамдармен де, өзінің ішкі дүниесімен де қарама-қайшылықсыз келісті түрде үйлеседі. Басқа жағдайларда этникалық сана-сезімнің қалыптасуы қиындыққа тіреліп, қарама-қайшылыққа ұшырайды.
Өзінің этникалық сәйкестілігін жете түсіну өздігінен болатын және себепсіз болатын акті емес, ол нақты қоғамдық қажеттіліктермен негізделеді. Туыстық немесе біртектілікті ұғыну қажеттілігі ерте заманда туындаған. Ал бұл құбылыс алғашқы қауымдық құрлыста салт-дәстүрлердің және түснініктердің біртұтас жүйесінің пайда болуына әсер етті. Тайпалық одақтар мен мемлекеттердің пайда болып және өмір сүруі, этникалық біртектілікке сапалы қажеттілікті тудырады, бірақ ол тұрғындарға бағынышты қоғамның идеялогиялық негізінен туындаған этностан көрініс алады, ол әдетте діни наным сенім тұтастығын орнықтыруда көрінеді. Мұндай жағдайларда этникалық біртектіліктің қалыптасуына этноконфессионалды біріктіруші фактор қосымша негіз болып табылады.
Этникалық біртектілік үрдісін біраз бақылау және зерттеу негізінде оның дамуы үш түрлі вариантта болу мүмкіндігі анықталды.

  • Біріншіден, этникалық біртектілік еліктеу негізінде болуы мүмкін, яғни мұнда индивид өзі өмір сүріп және тәрбиеленіп жатқан этникалық қауымдастығының мінез-құлық стереотиптерін саналы және санасыз түрде көшіруі мүмкін.

  • Екіншіден, бұл күштеу негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ондай күш қаруы ретінде қоғамның салт-дәстүрлері мен құндылықтары болуы мүмкін.

  • Үшіншіден, этникалық біртектілік еркін және сапалы таңдау негізінде жүзеге асырылады. Кейде адам өз ұлтынан бас тартса, ақын Мұқтар Шахановтың өлеңінде жазылған космополит ұлт өкілі болуы мүмкін. Этникалық біртектілік мәселесін тарихи зерттеу келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді, әртүрлі себептер мен жағдайларға қатысты этникалық біртектілік қалыптасу үрдісінде оның тұрақты белгілері мен қасиеттерінен ажырататын негізгі жеті типтері пайда болады (Этникалық біртектілік типологиясы Ю.В. Арутюнян, Л.М., А.А Сусоколов «Этносоциология» М-1998 кітабы бойынша берілген). Олар төмендегідей:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет