Дәріс тақырыбы: Психологияға кіріспе. Психологиядағы ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға


Э.Роттердам, Р.Бэкон, Я.Каменский - оқытуды ұйымдастыру; Р.Декарт, Б.Спиноза, Дж.Локк, Д.Гартли, Ж.Ж.Руссо - тұқымқуалаушылық пен ортаның әсері қарастырылды



бет3/4
Дата05.05.2023
өлшемі160,93 Kb.
#90081
1   2   3   4
Э.Роттердам, Р.Бэкон, Я.Каменский - оқытуды ұйымдастыру; Р.Декарт, Б.Спиноза, Дж.Локк, Д.Гартли, Ж.Ж.Руссо - тұқымқуалаушылық пен ортаның әсері қарастырылды
Психология ғылымының зерттеу әдістері негізгі және қосалқы болып бөлінеді:
Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Оның екі түрі бар:
1. Табиғи эксперимент - психологияға 1910 жылы орыс ғалымы А.Ф. Лазурский енгізді. Бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. 2. Лабораториялық эксперимент -адамның сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабораторияда жүргізіледі. 1879 жылы Германияның Лейпцик қаласында В.Вундт әлемдегі тұңғыш лабораторияны ашты. Психология ғылымында кеңінен тараған негізгі әдістің бірі бақылау- арқылы байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Өмір тәжірбиесінде әдеттегі бақылаудан ғылыми бақылаудың негізгі айырмашылығы құбылыстардың себеп - салдар принципі бойынша әрбір нәрсенің сырын ашып көрсетеді. Психология ғылымында басқада қосалқы немесе психодиагностикалық әдістер бар: әңгіме, анкета, тест, социометрия, сұхббаттасу, коррекциялық әдістер, аутотренингтер, тренингтер және т.б.
Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады.
Психология ғылымының салалары:
** педагогикалық психология (оқыту, тәрбие, мұғалім психологиясы),
**жас ерекшеліктер психологиясы (балалар, жеткіншектер, жасөспірімдер, ересектер, қарт адамдар психологиясы),
** арнаулы психология (олигофренопсихология - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған адам психикасын, тифлопсихология - нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді),


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет