Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 11 дәріс. Ақпараттық  жазба жұмыстар:  мінездеме, құттықтау



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата07.01.2022
өлшемі455.55 Kb.
#20890
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
№ 11 дәріс. Ақпараттық  жазба жұмыстар:  мінездеме, құттықтау 

 

     Мінездеме  -  түрлі  мекеме,  ұйым  бірлестік,  оқу  орындарында  белгілі  бір  адамды 

өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі 

жазылатын  іс  қағазының  бір  түрі.  Ол    басқа  мекеме  сұраған  жағдайда,  оқуға, 

аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру 

мақсатында беріледі. Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық  болуы керек.  




Қызметтік  мінездеме  —  мінездеменің  айрықша  кең  тараған  және  әмбебап  формасы. 

Қызметкерді  объективті  әрі  нақты  мінездеу  қажет  болған  жағдайда  жазылады. 

Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.  Мінездеме 

қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. 

Мұнда        ұсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік 

шеберлігі  айтылады.    Аттестациялық  мінездеме  белгілі  бір  адамның  атқарып  отырған 

қызмет  орнына  лайық,  лайық  еместігін  тексеру  мақсатында  жүргізілетін  аттестация 

қорытындысына  орай  жазылады.  Мұндай  мінездеме  қорытындысында  "атқарып  отырған 

қызметіне  лайық",  "қызмет  бабында  жоғары  қызметке  ұсынуға  лайық"  немесе  "атқарып 

отырған  қызмет  орнына  лайық  емес"  деген  сияқты  түйінді  сөздер  жазылады.  Жеке 

(функциональды)  мінездемелер  адамның  жеке  басының  мінезін,  білімін,  шеберлігін, 

икемділіген  т.б.  сипаттай  отырып  жазылады.  Қорытынды  бөлімінде  мінездеме  не 

мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзарту үшін"т.б.  

Мінездеме  А4  форматты  параққа  жазылады.  Көлемі  1  беттен  аспауы  керек.  Тақырыпты, 

өмірбаяндық  мәліметтерді,  қорытынды  мен  негізгі  түйінді  үлкендеу  шрифтімен  беруге 

болады.Мінездеме  кейде    жоғары  жағында  мекеменің  аты,  логотипі,  фирмалық  белгісі 

көрсетілген арнайы бланкілерде жазылады. Әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге 

жазылған  мінездемелер  мінездеме  беруші  адамның  және  ұйым  жетекшісінің  қолымен 

расталады.  Барлық  мінездемелерге  мекеме  мөрі  басылады.  Мінездеме  ресми  стильде, 

бейтарап  тонмен  жазылады.  Мәтін  баяндауышы  ашық  райлы  етістіктен  жасалады 

(беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет