Дәріс тезистері Дәріс Бағалаудың теориялық аспектілері. Білімді бақылаудың рейтингтік жүйесі



бет3/9
Дата21.02.2023
өлшемі46,26 Kb.
#69752
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Үздіксіздік қағидаты. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс болып табылады.
Бағалау оқу процесінің қозғаушы күші болуына байланысты оқушылар білім сапасын бағалау үшін критерийлерді түсінуі керек.
Бағалаудың дамытуға бағытталуы. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Білім алушылардың қандай білім-дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарды жинау мен талдау негізделген бағалау білім беру процесінің алдағы қадамдарына қатысты негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Оқыту мәдениетіндегі бағалаудың рөлін қарастырайық.
Ойланып көріңіз:

  • Сіз өз сабақтарыңызда бағалауды қалай өткізесіз?

  • Оқушыларды оқуға ынталандыруда бағалаудың рөлі қандай?

Өздеріңіз байқағандай, бағалау мен оқыту – бұл біртұтас процесс.
Сіз бағалау саласындағы зерттеушілердің білім берудегі бағалау туралы келесі пікірлерін қалай түсінесіз?


Дәріс 3-4. Бағалау процесін ұйымдастыру және жоспарлау. Білім беру сапасының көрсеткіштері.
Білім берудегі бағалау – бұл:
«білім берудегі мүдделі болып табылатын өзекті мәселеге қатысты оқушының деңгейін анықтауға бағытталған формалды әрекет» (Popham, J., 2014)
«… оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу үшін кері байланыс ретінде қолдануға арналған ақпарат беретін мұғалімдер мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға бағытталған барлық іс-әрекеттері» (Black & Wiliam, 1998).
«Бағалау мазмұнын жетілдіру маңызды болғанымен, бұл бағалаудың оқыту деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуі үшін жеткіліксіз» (Shepard, 2000).
Бұл тұжырымдар сіздің түсінігіңізбен сәйкес келе ме?
Иә, Сіздің бағалаудың мәні мен мазмұнын түсінетініңізге және сіздің пәніңізді оқытуда критериалды бағалауды қолдану бойынша қажетті дағдылардың қалыптасқанына сенімдіміз.
Қазіргі таңда бұл бағытта мұғалімдер мол тәжірибе жинақтады, дегенмен біздің мұғалімдерге әрі қарай даму қажет. Оларға бағалауда қолданылатын тапсырмалардың сапасын арттыруды, оқытуды жақсарту үшін бағалау нәтижелерін ұтымды пайдалануды, оқытуды одан әрі дамыту туралы шешім қабылдау үшін қолайлы бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын игеруді жалғастыру қажет.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі аймақтың, мектептің оқу орнының орналасуы мен тіліне қарамастан, оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және тең бағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының күтілетін нәтижелеріне сәйкес бағалау құралдарын одан әрі жетілдіру қажеттігі атап көрсетілген. Оқушылардың білімін критериалды бағалау механизмін жетілдіру қарастырылған.
Дүниежүзілік банктің 2011 жылғы есебінде: «Білім беру саласындағы кез келген бағалау процесінің сапасы қолданылатын құралдардың сапасына тікелей байланысты. Әдетте, егер құралдар нашар құрастырылған болса, онда бағалау уақыт пен қаражатты текке жоғалту» деп атап көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет