Дәрістер №1-2 МӘдениеттану ұҒымы және оның МӘні жоспар



бет1/6
Дата26.01.2022
өлшемі21,74 Kb.
#24366
  1   2   3   4   5   6

Дәрістер № 1-2 МӘДЕНИЕТТАНУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Жоспар:

        1. Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы.

        2. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы.

        3. Мәдениет және тіл.

4.Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы.

Мақсаты: студенттерге мәдениеттану пәні, оның мақсаты және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны бойынша білім беру
Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты “культура” мен “натураны” қарсы қоюшылық. Көне заманда “культура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э,д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие бола бастады.

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.;

б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.);

в) агро – мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).

Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады:

1) мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау:

2) мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету;

3) мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы.

Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау бар:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет