Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе



бет1/17
Дата07.01.2022
өлшемі111,33 Kb.
#20840
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Дәрістер
Мәдениеттану пәніне кіріспе
Жоспар:

1. Мәдениет. Мәдениент туралы түсінік

2. Мәдениеттің мәні мен мағынасы.

3. Мәдениет пен өркениет.

Мәдениент туралы түсінік

4. Мәдениеттің құрылымы және қызметі

Мәдениет

Мәдениет – (лат. тілінен – өңдеу, тәрбие, білім, даму, құрметтеу) материалдық және рахани құндылықтар жасаушы адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінің түрлері мен формаларында көрініс беретін адам мен қоғам дамуның белгілі бір тарихи сатысы.

Латын тіліндегі "мәдениет " сөзі алғашқыда агромәдениетті, жер өңдеу деген мағынаны білдірді. Уақыт өтккен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік", "құрметтеу" сияқты мағыналарға ие бола бастады. Сонымен ьірге мәдениет сөзі "құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық" деген мағыналарға да ие. Осылардың ішінде ең бастысы – дінге табынушылық. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін "жетілдіру", оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда "табиғи" бұзыцлмған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды "жетілдіру" тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер – махаббат, үміт, сенім және т.б жаңа сатыға көтерілді.

"Мәдениет" түсінігіне адам өмірінің шығармашылық қызметі мен оның биологиялық формасының арасындағы айырмашылық жатады.

Б.з.д. V – ІV ғасырларда философия пайда болды, б.з.д. ІІІ ғасырда этика, ХVІІІ мыңжылдықта эстетика, содан жүз жылдан соң әлеуметтану, ХХ ғасырдың ортасында мәдениеттану дамыды.

Мәдениеттану дегеніміз мәдениеттің жалпы даму заңдылықтарын зерттеәтін ғылым. Мәдениеттің дамуы бүкіл әлем халықтарының рухани және материалдық қызметінің біріне-бірі сәйкес келетін шығармашылық процесі.

Қазіргі заманғы ғылым мәдениеті шығармашылықтың нәтижесінде үнемі материалдық және рухани құндылықтармен толықтырылып отыратын табиғатпен қоғам дамуының қызметі деп қарастырады.

Әртүрлі мәдениет арасындағы көптеген айырмашылықтар бар. Кейбір қоғамда соғысты адамзаттың игі ісі деп санайды. Ал көпшілігі оны жек көреді, біреулерінің тіпті соғыс туралы түсінігі де болмайды. Кейбір мәдениет нормасында әйел тек өзінің туысына ғана тұрмысқа шыға алатын болса, келесі біреуінде бұған мүлдем тыйым салынады.

Мәдениетті биологиялық жолмен бойға сіңіру мүмкін емес, сондықтан әрбір ұрпақ оны өзінше қабылдап, келесі ұрпаққа жеткізеді. Осы процесс әлеуметтіліктің негізі болып табылады. Мәдениетке жалпы ортақ қасиеттер – тіл, діни сенімдер, әдет ғұрып, еңбек, еңбек құралдарын жасау, ауа-райына ықпал жасауға тырысу, денені безендіру, билер, ағарту шаралары, жерлеу рәсімдері, сыйлық тарту, қонақ күту, қан араластыруға тыйым салу, спорт және т.б. мәдени әмбебаб жүйелеріне тән.

Мәдени әмбебабтық биологиялық факторлар негізінде қалыптасады: тағамды және жылуды қажетсіну, екі жыныстың болуы, адамдар арасындағы жас айырмашылық. Барлық қоғамда кісі өлтіруге тыйым салынады, өтірік айту айыпталады, азап шегу мақұлданбайды. Мәдениет физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс. Мәдениет дамуына жеке адамның ақыл-ойы ғана емес, халықтың, бүкіл адамзаттың ақыл-ойы тәуелді. Мәдениет – рух мәдениеті, жалпы адамзат құндылығын тасымалдаушы. Мәдениет – құдай табиғаттың антиподы.

Кез-келген ел өз халқының санымен, табиғат байлығымен, территориясының көлемімен маңызды емес, ол ел өзінің рухани қазынасымен бай болады.

Мәдениеттің мәні мен мағынасы

Мәдениет көп қырлы, ал оның көрінісі шексіз: адамзат мәдениеті, әр кезеңдегі (анттикалық, отағасырлық және т.б.) мәдениет, әр түрлі этнос пен елдер мәдениеті, діни мәдениет, әртүрлі әлеуметтік және кәсіби топтар (шаруа, қала, ауылдық) мәдениеті.

Мәдениеттің көп қырлылығы оны түсіну үшін жасалған талпыныстар мен оның анықтамасының әр түрлілігінде (антропологиялық, философиялық және әлеуметтік) көрінісі тапқан.

Ортағасырда мәдениет негізіне жататын радикалды ұстанымдар қайта ұғынылды. Ең негізгі құндылық – Құдай. Ортағасырдағы сәулет пен мүсіндеу өнерінің жетістігі "Тастағы Библия" еді. Философия дін ілімінің қызметшісі болған. Тіріге, жердегі сезім әлеміне парықсыз болу өмірдің барлық саласында көрініс тапты. Негізгі ұстаным: Құдайдығ мәңгілігі мен барлық жерде болуында.

Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінде мәдениет түсінігін одан әрі тануда жаңа кезең ашылды. Қайта өрлеу дәуірінде өз ісінің дұрыстығына сенушілік пен тәкаппарлық адамның ерекше қасиетіне айналды. Жаңа заман адамы өзінің жемісін өз еңбегінен табады. Қайта өрлеу дәуірінде адамның жаңадан өзін-өзі тануы қалыптасады. Осы заманнның ойшылдары антикалық кезеңге қайта оралып, табиғаттан үйренуге шақырады. Өзін-өзі жаратушы ретінде адамға жаңа көзқарас пайда болды. Осы қасиетіне қарай адам табиғаттан ерекшеленеді. Ренессанс үшін ең терең идея – Құдай орнында тұрған жасампаз-адам идеясы.Ол әлемді, сұлулықты, өзін-өзі жасайды. Осыған байланысты мәдениет идеясы адамдық, адамгершілік өлшемдеріне бет алады.

Тіл және мәдениет. Мәдениет теориясында мағынасы шыртты түрде, бірақ белгілі бір құрылымға ие болатын дыбыстар мен белгілер көмегімен жүзеге асырылатын қарым-қатынас жүйесі ретінде анықталатын тілге аса маңызды орын беріледі.

Тіл – әлеуметтік құбылыс, оны әлеуметтік қарым-қатынас жасамай үйрену мүмкін емес. Ол адамдар арасындағы ынтымақты нығайтып қана қоймайды, сонымен бірге топтар ішінде немесе осы топтардың бір-бірімен жанжалдасуына да себепкер болады. Екінші жағынан өзара бір-бірімен тілдесе алатын әлеуметтік топ мүшелерінің жақындасуына жағдай жасайды. Жалпы ортақ тіл адамды қауымдастырады. Сонымен қатар өзге тілде сөйлейтіндерді меттетеді.

Тіл мәдениетті жалғастырудың негізгі құралы. Оның келесі бір маңызды белгісі өз тілінің сөздік қорын, сөйлеу ережелері мен құрылымын ана сүтімен, балалық шақтан бойына сіңірсе, оны өмір бойы ұмыту мүмкін емес. Бірақ адам дағдысының кейбір қасиеттері ұмытылып қалуы мүмкін.

Тіл ұлы біріктіруші күш, бірақ оның адамдарды алшақтатуға да қабілеті бар. Белгілі бір тілді пайдаланатын топ осы тілде сөйлейтіндердің бәрін өзінікі деп, ал басқа тілде сөйлейтіндерді бөтендер деп санайды.

Адамдар қарым-қатынасының әмбебаб құралы ретінде белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасы әлеуметтік болмыс. Ол қашанда адамдар сұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Белгілік шығармашылық және ол шығармашылықтың мазмұны тікелей қарым-қатынас, сұхбат негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет