Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті



бет4/17
Дата07.01.2022
өлшемі111.33 Kb.
#20840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті.
Жоспар:

1.Архаикалық мәдениет кезіндегі өнер.

2.Миф мәдениет формасы ретінде.
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті.

Архаикалық, ежелгі мәдениет, мәдениет құбылысының тарихи дамуының ерте кезеңі ретінде танылады. Адам құрамды құрал-сайман жасауды үйренді, тұтқа, найза мен садақ ойлап тапты. Кеңістік пен уақытты экологиялық түрде қабылдады, яғни жақын-қауіпсіздік шегінде, алыс- қолайлы маусымға дейінгі ұзақ деген сөз.

Алғашқы қауымдық қатынастардың қалыптасуы мен дамуының адамзат тарихында алатын орны зор. Бұл адамның жануарлар әлемінен бөлектену кезеңінен басталады. Осы кезең бойында адамзат қоғамының бұдан әрі қарай материалдық және рухани мәдениеті дамуының негізі қаланды.

Терімшілік пен аңшылық адамзаттың алғашқы қызметі еді. Өсімдіктер өсіруге, жер өңдеуге, аңды -аулағаннан малды қолға үйрете бастап, одан кейін мал өсіруге көшті, яғни табиғатты мәдениеттендірді.

Еңбекке бейімделуіне байланысты адам жануарлар дүниесінен алшақтай бастады. Адамның қолы бірте-бірте негізгі жұмыс жасаушы мүшеге айналып, ми көлемі ұлғайып, бас сүйегі үлкейді. Еңбекте қоғамдық қатынас қалыптасып, адамның ойлау қабілеті дамып, адамдар арасында қатынас құралы, сөз пайда болды.

Алғашқы кезден бастап-ақ адамдар ұжымда өмір сүрген.


Архаикалық мәдениет кезіндегі өнер.

Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштері ұзақ уақытқа созылған адам мен оның өмірінің дамуына куә болады. Олар алғашқы адамның наным-сенімі туралы хабар береді. Табиғат күштері мен аңға табыну басым болды. Олар мүйізден неше түрлі фигуралар жасап, сүйекке түрлі бейнелер, үңгір қабырғасына өз өмірінің кейбір көріністері мен жануарлар бейнесін салған. Алғашқы суретшілер тек жануар бейнесін ғана емес, сонымен бірге оның әр түрлі әрекеттерін де бере білген.

Археологиялық қазба деректер мәдениетте музыка мен би өнерінің болғанын дәлелдейді. Мынандай музыкалық аспаптар: такт ұру үшін тақтайша немесе екі ағаш пен керілген тері және тоқылдақ қолданатын. Би тұрмыстық немесе әдет-ғұрыптық, аңшылық немесе әскери, әйел немесе ерлер және т.б. көріністерді көбіне маска көмегімен еліктеп билейді.

Қоғам санасының басқа формаларымен бірге дін де пайда болды. Ертедегі алғашқы адамдардың діни түсінігінің негізгі ерекшелігі олар өздерін қоршаған жаратылыс ортасынан бөлмегендігі еді. Табиғатқа да адам қасиеттері тән болған. Бұндай ертедегі діни түсінік тотемизм, анимизм, фетишизм мен магиядан көрініс тапты.

Кейінгі алғашқы қауымда әлеуметтік өмірдің күрделенуі мен өндірістің дамуына байланысты алғашқы қауым адамының рухани мәдениеті дамуына жаңа серпін берді.

Осы сатыда адам санау құралдарына ұқсас нәрселерді қолдана бастады, ру мен тайпаға бөлінді. Әскери жорықтар нәтижесінде топографиялық және географиялық білім жинала бастады. Бейнелеу өнерінде сәндік бағыт кеңінен тарап, тіршілікке қажетті заттар безендірілді.

Табынудың дамуы мен күрделенуі нәтижесінде оған қызмет етушілердің ішінен ерекше категория абыздар бөлініп шықты. Осыған байланысты шаманизм даму жолына түсті. Көркемдік ісі алғашқы қауым мәдениетінің барлық кезеңінде болды. Өнер оның тұрмысында, өмірінде тұрақты орын алды. Бұл өнердің биопсихологиялық тамыры туралы, яғни адам өзі мен үйін безендіру және оған тартымды форма беру қажетілігін инстинкті түрде түйсінгені анық деп айтуға мүмкіндік береді. Бұл қажеттіліктің туа біттілігі туралы оның ғажайып тұрақтылығы хабар береді. Сонымен бірге көркемдік өнердің барлық формасымен айналысқан адам ләззатқа бөленеді. Ертедегі өнер мифология, магия, әдет-ғұрыптан ажырамайды. Әдет-ғұрыпта мүсін өнері, бейнелеу өнері, музыка, ән, речитатив, қимылды театрландыру элементтері қолданылды.

Алғашқы қауым мәдениетінің негізгі көркемдік ерекшелігі- символикалық форма, яғни бейнелеудің шартты сипаты еді.

Алғашқы қауым мәдениет символикасының мағынасы -тіл, миф, өнер, дін, яғни адам өмір сүретін әлемнің құрамдас бөліктері еді. Э.Кассирер елестету, абстрактілі ойлау қабілеті бар адамды “символикалық жануар” деп атауды ұсынған. Оның ойынша жануардың ішкі әлемі, рухы болмайды.

Ежелгі мәдениеттің символикалық сипаты екі түрлі кодқа әкелді: эзотермиялық таңдаулы адам тобына түсінікті, экзотермиялық бәріне түсінікті.

Магиялық дүниеге көзқарас ұстанымдарының негізгі біреуін, яғни аналогиялық ұстанымын жүзеге асыру үшін көркемдік формалар ыңғайлы құрал еді. Бұл ұстанымның мағынасы мынадай: кімде кім бір нәрсеге ие болса, сол бейнеге билік жүргізуге немесе оған ықпал ету мүмкіндігіне ие болады. Осындай суреттердің алғашқысы қолдың бейнесі болатын. Бұл осы аймаққа магиялық билік пен қожалық ету қызметін атқарды. Аңшылық магиямен қатар өсіпөну культі де болған.

Миф мәдениет формасы ретінде.

Миф (гректің Mythos “аңыз”, “ертегі” деген сөзі) - рухани мәдениетің ертедегі бір формасы. Әлем мен адам жаратылысы туралы космонологиялық мифтен басқа тағы да табиғат, жануар, адамды құдай деп тану мифі де бар. Мифология маңызды мәдени және әлеуметтік қызмет атқарды. Ол дәстүр жалғастығы арқылы рухани байланыс пен қоғамда белгіленген ережелерді сақтау құралы болып табылды. Белгіленген ғұрыптан бір қадам шеттесе, қатаң жазаланады. Қазір оның қызметін дін, мәдениет, философия атқарады. Мәдениетте мифтің сарқыншағы ырымшылдық, жорамал, әулиелерді, діни қызметкерлерді, попсимволдарды құрметтеу түрінде көрініс табады. Тарихи дамудың ерте сатысында мифология табиғат пен қоғамды түсіндірудің құралы болған. Мифологиялық пенделер табиғат күштерін білдірді. Миф істің барысы, кейіпкердің жасайтын әрекеттерін алдын-ала болжайды. Алғашқы қауым санасына миф мазмұны шын болып көрінген. Миф- құдайлар мен кейіпкерлердің ерлігі туралы архаикалық баяндау. Ертедегі діни түсінік тотемизм, анимизм, фетишизм мен магиядан көрінеді.

Қорытынды.

Қорыта келгенде, қоғамдық даму барысында өнердің сан-саласы жетіліп,

жаңа мазмұнға, жаңа формаларға ие болды, металл өндірісінің әдістерін одан әрі жетіліп «экономика» және «мәдениет» саласындағы ұлы төңкерiстерге даңғыл жол ашты. Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамаша өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып қалды. Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті дүние жүзілік мәдениеттің негізін калауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер: әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және т.б. болды. Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән-мағынасына айналды.


Глоссарий.


Тотемизм

Анимизм

Фетишизм

Магия

Әдет-ғұрып


Құрбандық шалу

Аллегория
Архаика

Миф


Кассирер Э. (1874-1945)

адамдардың өз ата-тегін жануарлармен, сонымен бірге өсімдіктер дүниесімен тығыз байланыста қарастыратын сенім.
таңғажайып нәрсеге, қандай да бір денеге ( жан) тоғысқан немесе өзі жеке рухқа деген сенім. Анимистикалық сенім табиғатты жандандырумен байланысты.
кейбір жансыз бұйымдарға,яғни үңгір, тас, ағаш, еңбек құралдарының кейбіріне немесе тұрмыстық бұйымдардың таңғажайып қасиеттеріне сенім. Кейінен арнайы жасалған бұйымдарға да табынған.
адамның ерекше түрде адамға, жануарға, өсімдікке, тіпті, табиғат құбылыстарына әсер ету қасиетіне деген сенім. Сиқыр екіге бөлінеді: «ақ ниетті» (cақтаушы) және «қара ниетті» (қиянатшы). Әсер ету сипатына қарай сиқыр өндірістік, махаббаттық, емдік бола алады.
қоғамды тәртіпке келтіріп, оны ұстап тұратын тиімді жол, қауымдастықта нақты иерархияны қалыптастырады.
әдет-ғұрыптардың ішіндегі ең көне әрі тұрақтысы. Негізгі қызметі қоғамдағы барлық қара күш құрбандық бойына жиналып, оны шалған кезде қоғам ластан тазаланады.
тұспалдап айту, қандайда бір идеяны белгілі бір кейіпкер арқылы немесе тұспалмен білдіру: арыстанның кейпікүш, жылан даналық, есек ақымақтықты білдіреді.

тура: «көне», «ежелгі».

құдайлар мен кейіпкерлердің істері туралы аңыз, әлем суреті, ертегілер.
мәдениеттанушы, «адам-символдар тудырушы жануар».


Қолданылған әдебиеттер:
Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева «Мәдениеттану».

Т.Х.Ғабитов, М.Ш.Өмірбекова, Алматы 2003ж; «Мәдениеттану негіздері»,

Маданов Х. «Қазақ мәдениетінің тарихы».

Ш. Нағымұлы «Мәдениеттану».

В. Тимошинов «Мәдениеттану».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет