Дәрістер тезистері сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы



бет1/10
Дата19.04.2022
өлшемі29,71 Kb.
#31489
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды түзете-оқыту жұмысы



Апта №

Дәріс атауы және тезистері

1

Курстың мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні. Аталмыш курс логопедия мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттердің келешекте күрделі тіл кемістігі бар балаларға көмек беру жайында білімдерін жүйелеп, қалыптастыруға көмектеседі. Алғашқы рет жалпы сөйлеу тіл дамымауына ғылыми- теориялық негіздеме берген Р.Е. Левина және Ғылыми Зерттеу институтінің қызметкерлері Л.Ф.Спирова, Г.А.Каше, Н.А.Никашина, Г.И.Жаренкова және т.б. болды. Олар ХХ ғасырдың 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.Жалпы сөйлеу тіл дамымауы балалық шақта жиі кездесетін күрделі тіл кемістігінің бірі болып саналады. ЖСТД кезінде сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жетіспеушілігі байқалады. ЖСТД бар балалардың барлығына тән қателер: сөйлеу тілінің кеш шығуы, дыбыстарды бұзып айтуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, грамматикалық сөйле құрылысы мен сөздік қоры артта қалуы. ЖСТД бар балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру үшін логопед ауытқудың ерекшеліктерін, қазіргі кездегі осы ауытқуға деген көз қарасты, түзету жұмысын дұрыс жоспарлауды жақсы білу керек.«Жалпы сөйлеу тілі дамымауында түзету педагогикалық жұмысының әдістемесі» пәнінің мақсаты логопедия пәні бойынша мамандандырылып жатқан студенттердің ЖСТД тұралы тұсініктерін, ауытқуды талдау әдістері мен тәсілдері, түзету жұмысының мазмұны жайында білімдерін қалыптастыру болып табылады.

«Жалпы сөйлеу тілі дамымауында түзету педагогикалық жұмысының әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері: студенттерді ЖСТД бар балалармен практика жүзінде жұмыс істеуді , жұмысқа жоспар құруды, ЖСТД анықтауды үйрету. Курстың объектісі жалпы сөйлеу тіл дамымауын жоюға бағытталған түзету жұмысы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жалпы сөйлеу тіл дамымауын түзетуде логопедтің іс-әрекеті курстың пәні болып табылады.

«Жалпы сөйлеу тілі дамымауында түзету педагогикалық жұмысының әдістемесі» пәнін оқу негізінде студент: ЖСТД пайда болу механизмін, қалыпты және қалыпсыз жағдайда балалардың сөйлеу тілінің дамуының зандылығын және балалардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын, ЖСТД түзетуде қолданатын әдістерді, тәсілдерді, сүйенетін принциптерді, сөйлеу тілінде кемістігі бар баланы бақылап, оның психиқалық, жалпы, сөйлеу тілінің дамуының динамикасын байқап, баланың жеке басының ерекшелктерін, сөйлеу тілінің қалпын анықтап, сөйлеу тілінің дамуының денгейін анықтауын үйренеді; сөйлеу тілі әр түрлі денгейде қалыптасқан балалармен қарым қатынасқа түсу, түзету жұмысын жоспарлауды, инновациялық технологияларды белсенді қолдануды меңгереді.


2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет