Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет20/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Студенттердің өзін - өзі пысықтау сұрақтары: 
1. Жасушадағы ферменттердің атқаратын қызметі. 
2. Ферменттердің жіктелуі. 
3. Жасушаға қоректік заттар қалай тасымалданады?
4. Микроағзалардың зат алмасуында судың рөлі. 
5. Микроағзалардың қоректену типтері: автотрофтылар мен гетеротрофтылар. 
6. Микроб культурасының даму циклі. 
7. Микроағзалардың тыныс алуы.
8. Ашу үрдісі дегеніміз не? 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Төлемісова, Ж.К. Тағамдық микробиология [текст] . - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 
152 б. - Библиогр.: б.150-151. - ISBN 978-601-7390-51-8 
2. 
Салтыбаев, А.Д. Микробиология [текст/ Электронный ресурс] : Оқу құралы. - 
Алматы : Альманахъ, 2017. - 144 б. - ISBN 978-601-263-298-9
3. Уәлиева, П.С. Микробиологиядан зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар 
[Текст] . - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 98 б. - ISBN 978-601-04-1873-8 


4. Батыргалиева, М. Микробиология [текст] : оқу құралы. - Астана : Фолиант, 2016. - 
96 б. - (Кәсіптік білім). - ISBN 978-601-302-449-3 
Дәріс 7 - Микроағзалардың табиғатта таралуы (экологиясы) 
 
Дәріс жоспары: 
1. Микроорганизмдердің топырақта таралуы. 
2. Микроорганизмдердің суда таралуы. 
3. Микроорганизмдердің ауада таралуы.
4. Жануар ағзасының микрофлорасы.
Дәріс мақсаты: Микроағзалардың экологиясын оқып білу. 
 
Микроорганизмдердің топырақта таралуы. Топырақ түрлі микроорганизмдердің 
тіршілік ететін табиғи орталарының бірі болып табылады. Микробтар топырақтан суға және 
ауаға таралады. Микроорганизмдердің белсенді тіршілігінің арқасында топыраққа түскен 
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары үнемі ыдырап отырады. Микроорганизмдердің 
басым көпшілігі қоректік заттары мол, су және ауа режимдері біршама жақсы қамтамасыз 
етілген топырақта тіршілік етеді. Микробтардың жеке жасушасының салмағы елеусіз 
болғанымен, олардың 1 г қара топырақтағы жалпы саны ондаған миллионнан бірнеше 
миллиардқа жетіп, жердің әр гектарының құнарлы қабатындағы жалпы салмағы 5-15 
тоннаға дейін жетеді. Топырақта сапрофитті микроорганизмдер спораларының ұзақ 
сақталатындығы белгілі, ал зардаптылары болса қоректік заттардың жетіспегендігінен спора 
түзбейді және тікелей түскен күн сәулесінің, құрғақшылықтың, антагонист микробтардың 
жойқын әсерлеріне ұшырап отырады. Микроорганизмдердің топырақта таралуы жыл 
мезгілдеріне және географиялық аймақтарына қарай түрліше болып келеді. Топырақтағы 
микроорганизмдердің саны жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Қыста азайып, 
жазда кайта көбейеді. Көптеген ғалымдар қыс кезінде топырақта тіршілік тежеледі, тіпті 
тоқтап қалады деген пікірлер айтқан. Ал Н.А. Красильниковтың пайымдауынша қалың қар 
астындағы топырақта да микробиологиялық процестер үздіксіз жүріп жатады.
Микробтардың басым көпшілігі топырақтың жоғарғы қабатында (5-15 см), 
өсімдіктерге жақын жерлерде шоғырланады. Топырақтың жоғарғы қабатынан тереңдеген 
сайын олардың саны азая түсіп, 1-3 м тереңдігінде тіпті кездеспейді. Мәселен, 20 см 
тереңдіктен алынған 1 г топырақта 5-6 миллионға дейін бактериялар болса, 60 см 
тереңдіктен алынғандарында не бары 0,5 миллиондай, ал 1-3 м тереңдіктегі топырақта тіпті 
кездеспейді. Топырақтың төменгі қабаттарында су және ауа режимдерінің нашарлығынан, 
органикалық қосылыстардың жетіспеушілігінен онда микроорганизмдер өте аз болады. 
Сонымен қатар топырақ микроорганизмдерінің басым көпшілігі аэробты. Анаэробты 
микроорганизмдер аз, негізінен спора түзетін микроорганизмдер.
Қарашіріктің мөлшеріне және ондағы қоректік заттардың сапасына қарай 
микроорганизмдердің саны әр түрлі топырақтарда түрліше болады. Топырақ неғұрлым 
құнарлы болса, микробтар солғұрлым көп кездеседі. Мәселен, жақсы өңделген шымды-
күлгін топырақтардың 1 г-да 3-10 миллионға дейін, ал қара топырақты жерлерде 15-20 
миллионға дейін микроорганизмдер болады. Тіпті бір типті топырақтағы микроорганизмдер 
біртегіс болмайды. Мысалы, орманды-шалғынды аймақтың нашар өңделген топырағының 
беткі жырту қабатының 1 г-да 0,5-1,5 миллионға дейін бактериялар болса, дәл сондай
жердің жақсы өңделген, қарашірігі мол аймақтың 1 г топырағында 3-25 миллионға дейін 
бактериялар кездеседі (Н. Шоқанов, 1997).
Топырақта негізінен бактериялар, актиномицеттер, ашытқылар, микроскоптық 
саңырауқұлақтар, балдырлар, қарапайым организмдер және түрлі ультрамикроскоптық 
тіршілік иелері – фагтар, бактериофагтар мен актинофагтар тіршілік етеді. 
Топырақта ең көп кездесетін микробтар – бактериялар. Жақсы өңделген тың жердің 
1 г топырағындағы бактериялардың саны ондаған миллионға жетіп, олардың жалпы 


салмағы 500 кг/га асып түседі. Бұл топтың қатарында аммонификация, нитрификация, 
азотты бекітуші және топырақтағы күкірт, темір мен басқа да түрлі элементтерді 
түрлендіруші бактериялар болады. Аталмыш бактериялардың әсерінен топырақтың 
биологиялық белсенділігі артады және жеміс беруі жоғарылайды. 
Топырақ микроскоптық саңырауқұлақтардың да мекені болып саналады. 
Микроскоптық саңырауқұлақтар қышқылдық ортаға төзімді келеді, сондықтан мұндай 
топырақтарда олар көп болады. Микроскоптық саңырауқұлақтар топырақтың жоғарғы 
қабатында (5-20 см тереңдікте) көбірек таралса, ал олардың кейбіреулерін (төменгі сатыдағы 
және жетілмеген саңырауқұлақтар) 50-80 см тереңдіктен кездестіруге болады. Топырақтың 
жоғарғы қабатының 1 г-нан 1 миллионға дейін саңырауқұлақтар анықталса, ал олардың 
салмағы 1500 кг/га жетеді. Солтүстік аймақтың топырақтарында Mucor және Реnісіllum 
туысының саңырауқұлақтары көбірек болса, оңтүстік аймақтарда Aspergillus туысына 
жататын саңырауқұлақтар жиі кездеседі. Топырақ типіне байланысты олардың саны да 
ауытқып отырады. Мәселен, Тундра топырағының бір грамында саңырауқұлақтар 
мицелиясының 4 мг, қылқан жапырақты орман топырақтарында 1 мг, ал оңтүстік аймақтың 
топырағында 0,4-0,7 мг табылған. Саңырауқұлақтар негізінен өсімдіктер қалдықтарын, 
ондағы клетчатканы ыдыратады. Целлюлозаны ыдыратушы аэробты және анаэробты 
микроорганизмдер өсімдіктегі клетчатканы көмір қышқыл газы мен суға дейін ыдыратады. 
Н. Шоқановтың жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде еліміздің оңтүстік бөлігінде 
микроорганизмдердің солтүстік бөлігіндегі түрлеріне қарағанда өте белсенді екендігі 
дәлелденген. 
Ашытқылар тундра топырағында кездесетін қына мен шымтезектерде, орманды 
жерлердің топырағында көп кездеседі. Шөл және шөлейт жерлердің топырағында және онда 
өсетін өсімдіктер бойында ашытқылар едәуір дәрежеде болады. Актиномицеттер солтүстік 
аймақтың топырақтарында аз, оңтүстік топырақтарында көбірек болады. Себебі солтүстік 
аймақтардың топырақтарында органикалық заттар баяу ыдырайды, сондықтан 
микробтардың да белсенділігі нашар болады. 
Топыраққа көптеген ауру қоздырғыштары жануарлардың өлекселерімен, залалданған 
төсеніштерімен, жануарлардан бөлінген экскреттерімен түседі. Көбінесе топырақта 
патогенді клостридиялар (Clostridium tetani, Clostridium botulinum, Clostridium perfringenes
кездеседі. Сонымен қатар топырақ көптеген инфекциялардың – Сібір жарасы, қарасан, 
ботулизм, шошқа тілмесі, сіреспе, т.б. таратушы болып табылады. Кейбір инфекция 
қоздырғыштары топырақта сақталып қана қоймай, онда көбейе алады. Жаз мезгілінде қара 
топырақта Сібір жарасының споралары өсіп-өнеді, ал қолайсыз жағдай туындағанда қайта 
бастапқы қалпына түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет