Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе



бет9/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
СОӨЖ тапсырмалары
1. Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды интроверт, экстраверт және амбиверт типтері бойынша анықтаңыз.
2. Ассоциативтік эксперименттің өзіндік нұсқасын дайындаңыз: стимул-сөздерді таңдаңыз және сол сөздерге жауап берудің түрлі типтерін жүйелеңіз.
3.Ассоциативтік экспериментті жалғандық детекторы ретінде қолданып көріңіз.


Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Юнг психоанализге қандай үлес қосты?
2. Интроверттердің, экстраверттердің және амбиверттердің айырмашылықтары неде?
3. Юнг тағы қандай психотиптерді және не үшін бөліп қарастырды?
4. Юнг бойынша архетиптерді атаңыз және қысқаша сипаттаңыз?
5. Ассоциативтік эксперименттің маңызы неде және оның Фрейдтің еркін ассоциациялар әдісінен ерекшелігі неде?
6. Фрейд пен Юнгтің көрген түстерді жорудағы айырмашылықтары неде?
7. Жалғандық детекторында ассоциативтік эксперимент принципі қалай қолданылды?


ТАҚЫРЫП 4


ИНДИВИДУАЛДЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ


Сабақтың мақсаты:
Индивидуалдық психологияның теориялық негіздерін және индивидуалдық психотерапияның қолданылу аясы туралы білімдер мен білік, дағдыларды оқыту және қалыптастыру
Жоспар
1. Индивидуалдық психологияның негізгі ұғымдары
2. Индивидуалдық психотерапия

Индивидуалдық психологияның негізін қалаушы Альфред Адлер (1870-1937) – австриялық психолог, 1935 ж. бері Лонг-Айлендтегі (Нью-Йорк штаты) медициналық колледждің медициналық психология профессоры. З.Фрейдтің шәкірті, 1911ж. дейін Жоғарғы психоаналитикалық қауымдастықтың президенті болды.


Классикалық психоанализден бастау алған Юнг те, Адлер де және басқа да атақты ғалымдар мен практиктер Фрейдің данышпандығы мен беделін мойындай отырып, оның негізгі идеяларын өздерінің теориялық және практикалық ізденістерімен дамытып, толықтыруға, түзетуге дайын болды.
Алайда Фрейд ерте жыныстық даму кезеңдері мен эдип комплексі психоанализдің принципиалдық тұжырымдарының маңызын құрайды деп кәміл сенген. Дәл осы себеп бойынша ол Юнгпен де, Адлермен де қоштасты.
Адлердің өзінің әріптестерінен айырмашылығы, ол ең алғашқы болып психотерапияға әлеуметтік сипат берді. Ол индивидуумды, оның санасын және бейсанасын әлеуметтен бөліп алып жасанды қарастыруға болмайтындығын атап көрсетті. Адам (кіші топ, таптар, партия немесе ұлттар) қоғамсыз өмір сүрмейді.
Адлер психоанализдің зиялылық сипатын бұзды. Фрейд мұны ұнатпай, бұл психоанализді екі-ақ апта ішінде үйренуге болады деген ой айтады. Оған Адлер былай жауап береді: «Иә, және мен бұған мақтанамын. Оны екі аптаның ішінде игеру үшін, мен қырық жыл бойы еңбектендім».
Фрейдке терең талдау жасау үшін көптеген жылдық дайындық пен ұзақ терапевтік процессті қажет етеді. Сондықтан да Адлер психоанализ сөзін индивидуалдық психология терминіне ауыстырды.
Индивидуалдық психологияның негізгі тұжырымдары

  • Адам – ол біртұтас және өзімен-өзі үйлесетін ағза (individuum (лат.) – бөлінбейтін).

  • Адам өмірі – тұлғалық маңызды мақсаттарға жету үшін даму мен өсуге бағытталған үздіксіз қозғалыс. Адамның өмірлік мақсаттары оның тағдырын анықтайды.

  • Адамның мінез-құлқы – ол тек тұқымқуалаушылық пен ортаның ықпалының нәтижесі ғана емес, сонымен қоса адамды өз өмірінің сәулетшісі ететін шығармашылық күштің де ықпалы.

Индивидуалдық психотерапия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет