ДӘСТҮрлі айтыс ӛнері және оның зерттелу мәселелері



жүктеу 172.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.03.2017
өлшемі172.17 Kb.

УДК

 82-91(574) 



 

ДӘСТҮРЛІ АЙТЫС ӚНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

Тасмағамбетова З.Ж. –

 

филология магистрі, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға 

оқытушысы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

Ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиеттің  айырым  белгісі  хатқа  түскен,  тасқа  басылған  сөз 

фактісінде  емес,  шығарманың,  туындының  жазылу  стилінде,  дәстүр  үрдісінде,  жанрлық 

өзгешелігінде жатыр. 

 

Сол өзгешеліктердің бірі

 

XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері. Айтыс өлең 

фольклористикада,  әдебиеттану    ғылымында  Шоқан  дәуірінен  бері  зерттеліп  келеді.  Ұзақ 

уақыттар бойы әдебиетіміздің  көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде 

зерттелді. Бірте

-

бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген 

зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс 

тұсты  да,  оның  өзіндік  белгілерін  де  аша  сөйлеуге  ауысты.  Осы  айырым,  ажырату  тұсында  XIX 

ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.

 

Жұмыcтың

 

мaқcaты 

 - 

айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны, 

мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің көзқарасын зерделеу, 

олардың бір

-

бірінен айырмашылығын айқындау.

.  

Зерттеудің міндеті 



айтыс өнерінің пайда болуы, даму тарихы, ежелгі түрлерін

 

қарастыру,

 

сондай

-

ақ,  бұл  өнер  түрінің  зерттелуі,  айтыс  өлеңдерінің  түрлі  ғалымдар  жасаған 

классификацияларын қарастыру



Негізгі ұғымдар: айтыс, өнер түрі, ерекшелік, ақын,

 

айтыс үлгілері



 

ТРАДИЦИОННОЕ ИССКУСТВО АЙТЫС И ПРОБЛЕМЫ ЕГО ИССЛЕДОВАНИЯ

 

 

Тасмагамбетова  З.Ж.  –

 

магистр  филологии,  старший  преподаватель  кафедры  теории 

языка и литературы, Костанайский государственный университет имени А. Байтурсынова

 

 

Основы различия устной литературы от письменной не только в способах его передачи, но 

и в стиле создания, традиционном процессе, жанровых особенностях произведения. 

 

Одна  из  этих  особенностей  –

 

айтыс  акынов  или  искусство  айтыс  в  целом,  получивший 

широкое  распространение  в  ХІХ  веке.  Айтыс  стал  объектом  исследования  фольклористики



литературоведения еще со времен Шокана. Долгое время как и многие литературные достояния 

айтыс    исследовали  как  одну  из  частей  устного  народного  творчества.  Но  со  временем  круг 

проблем  стал  расширяться.  Отдельные

 

исследователи  перешли  к  обсуждению  общих  свойств  и 

особенностей  айтыса  акынов  ХІХ  века  и  традиционного  айтыса.  В  связи  с  этим  стоит 

отметить, что в айтысе ХІХ века немало существенных различий и своеобразных особенностей.

  

Цель  работы  –

 

изучить  взгляды  исследователей,  рассматривающих  природу  айтыса  с 

точки  зрения  традиционной  характеристики,  содержания,  значения,  места  исполнения,  цели  и 

определить их различия.

 

Задача  исследования  –

 

рассмотреть  историю  возникновения,  развития,  древние  виды 

искусства  айтыс,  а  также  изучить  проблемы  исследования  и  классификации  различных  ученых 

относительного данного вида искусства.

  

Ключевые слова: айтыс, вид искусства, особенности, акын, образцы айтыса

 

 

TRADITIONAL ARTS AITYS AND PROBLEMS OF ITS RESEARCH 

 

Tasmagambetova  Z.Zh.  -  master  of  Philology,  senior  teacher  of  theory  of  language  and  literature, 

Kostanai state university named after A. Baitursynov 

 

Fundamentals of differences of oral literature on written not only in how it is transmitted, but also in the 

style of creation, the traditional process of genre features of the product. 

One  of  these  features  -  aitys  akyns  aitys  or  art  in  general,  has  been  widely  used  in  the  nineteenth 

century. Aitys became the object of study of folklore, literary criticism ever since the shock. For a long time, 

like many literary heritage aitys examined as one part of folklore. But over time, the range of problems has 

expanded. Some researchers have moved to a discussion of the general properties and characteristics aitys 

akyns  nineteenth  century  and  the  traditional  aitys.  In  this  regard,  it  is  worth  noting  that  in  the  nineteenth 

century aytys many significant differences and distinctive features. 

Objective  -  to  study  the  views  of  researchers,  considering  the  nature  of  aitys  in  terms  of  traditional 

characteristics, content, value, place of performance, goals, and determine their differences. 

The research problem - to consider the emergence of the story of the ancient arts aitys, and explore 

the problems of research and classification of different scientists on this art form. 

Keywords: aitys, an art form, especially akin, aitys samples 

 

Айтыс –


 

қазақтың ауызекі әдеби

-

музыкалық ӛнерінің кӛлемді және аса құнды салаларының бірі. 



Ол  –

 

суырып  салма  ақындық  ӛнерінің  жемісі  боп  табылады.  Айтыста  халықтың  әдет



-

ғұрпы,  тұрмыс

салты,  дүниетанымы,  эстетикалық,  рухани,  философиялық  және  әлеуметтік  кӛзқарасы,  қалыптасу 



тарихтары байқалады. Ең алғаш тұрмыс

-

салт жырлары «Жар



-

жар» мен «Бәдіктен» бастау алып, сан 

алуан  асу

-

кезеңдерден  ӛтіп  кемелдене  жетілген  айтыстың  алғашқы  үлгілері  кӛпке  ортақ  жаттанды 



ӛлеңдерден  тұрса,  кейінірек  ӛз  жанынан  шығарып  айтылатын  суырыпсалмалылық  сипаты  басым 

болып  отырады.

 

Айтыстың  кӛтерілетін  тақырыптары  сан  алуан.  Егер  де  айтыстың  ең  ежелгі  түрі  –



 

«Бәдік»  айтыстың  негізінде  адам  баласының  табиғатқа  әсер  ету  мақсаты  жатса,  кейіннен  айтыстың 

кемеліне  толған  ең  күрделі  түрі  –

 

ақындар  айтысының  тақырыптары  әлденеше  тарау  болып, 



бұтақталып кетеді және сол бұтақтардың бәрі халықтың ӛмір

-

тұрмысын жан



-

жақты кӛрсетіп, барынша 

толық  бейнелейді.  Бәдік  айтысынан  басқа  қайымдасу,  жануарлар  мен  адамның  айтысы,  ақ  айтыс,

  

сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасты



 

[

1



, 28 б.

]

 . 



Айтыс  қазақ  даласында  негізінен  XIX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  айрықша  кең  ӛріс 

алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың кӛшпелі ӛмірі мен әдет

-

ғұрып, салт



дәстүрі 


басты себеп болды.

 

Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл ӛнер түрі қазаққа



 

ағайындас, 

тұрмыс

-

тіршілігі,  шаруашылығы,  қоғамдық  ӛмірі  ұқсас  келетін  қырғыз,  түркімен,  қарақалпақ 



халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі –

 

оның суырыпсалмалы түрде орындалуы. 



 

Айтыс  қай  кезеңдерде  де  филолог,  фольклортанушы  және  саяхатшылардың  назарынан  тыс 

қалмады. Оның әр түрлі үлгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, 

Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантӛрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев,

 

С. Сейфуллин және т.б. 



жинап,  жарыққа  шығарса,  солармен  қатар,  құнды  ойлар  мен  дерекрер  А.  Васильев,  А.  Левшин,  Ш. 

Уәлиханов,  А.  Янушкевич,  А.  Байтұрсынов,  М.  Әуезов,  С.  Мұқанов,  Е.  Ысмайылов,  Қ.  Жұмалиев,  З. 

Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында 

орын алады. 

 

Соңғы деректер бойынша қазақ халқының айтыс ӛлеңдерін екіге бӛліп, біріншісін –



 

тұрмыс


-

салт 


айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар

-

жар»; б) Қыз бен жігіт айтыстары; в) Қағысулар деп сараласа, 



екіншісін –

 

Ақындар айтысы деп белгілеп, оны а) Дін; ә) Жұмбақ; б) Жазба айтыс деп топтаған. Кезінде 



М.  Әуезовтің  «қазақ  ауыз  әдебиетінде  айтыстың  кӛне  түрі  бірнеше  адам  қосылып  орындалатын 

ғұрыптық әндерден басталып, ақындар айтысына ұласты», 

деген пікірі осыған дәлел



[

2, 34 


б

.

]



.  

 

«Айтыс» 



қазақтың  байырғы  тӛл  сӛзі,  ежелден  айтысу,  сӛз  жарысы,  ӛнер  бәсекесі  ұғымында 

қолданып келген. Екі адамның бетпе

-

бет келіп ӛнер жарыстырып бәсекеге түсуі сӛз арқылы да, белгілі 



бір аспапта кезектесіп күй тартысумен

 

де, қолма



-

қол шығарып айтылатын ӛлеңмен болуы

 

да мүмкін. 



Мұның  бәрі  «қиыннан  қиыстыратын»  кәнігі  шеберлік,  алғырлық  пен  тапқырлықты  керек  етеді.  Ерте 

заманнан  ақ  «ӛнер  алды  қызыл  тіл»  деп  сӛз  қадірін  қадір  тұтып  қазақ  халқы  жалпы  әдеби  мұраға, 

оның  ішінде  айшықты

 

сӛз  ӛрнегі  ақындар  айтысына  ерекше  мән  беріп,  соны  ӛзінін  рухани  ӛмірінін 



жарқын кӛрінісі ретінде ұрпақтан

-

ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар айтысының бәрі дерлік жұрт 



бас қосқан ойын

-

сауық, үлкен жиын, ас



-

тойларда ӛтетін болған. Шаршы топта бәсеке сайысына түскен 

екі  ақынның  сӛзін  сарапқа  салып,  әділ  тӛрелік  айтушы  да  кӛпшілік,  сӛз  мәнісін  білетін  кӛшелі  би, 

абыройлы  ақсақалдар.  Сол  себепті  екі  жақ  тапқырлықпен  тауып  айтқан  уәжді  де  аталы  сӛзін 

мойындамауға немесе билікті кӛрер кӛзге бұрып айтуға ешбір

 

қақы жоқ. Екі жақта «сӛз тапқанға қолқа 



жоқ», «аталы сӛзге арсыз жауап қайтарады» деген ұлағатты принципті ұстанады.

 

Аталмыш  ӛнер  түрі  халықтың  жиналған  жерінде  ӛткізіліп,  қандай  тақырыпта  болатындығы  сол 



айтыс  үстінде  анықталған.  Сондықтан  әр  айтыскер  қарсыласын  қалай  болса  жеңу,  неден  сүріндіру 

амалын  ойластырып,  соған  қамданып  келді.  Әдетте,  айтыста  кӛптеген  мәселелер  кӛтеріліп,  бір 

тақырыптан екіншісіне ауысып отырады. 

 

Ақындар жекпе



-

жек ұрысқа шыққан батырлардай бір

-

біріне күш кӛрсетіп, ӛздерінің мықтылығын 



айтып,  қорқыта  сӛйлейді.  Ӛз  жерінің,  елінің  шыққан  ортасының  кереметтігін  жырлайды.  Әрине,  жеңу 

мақсатын кӛздеп келген ақын басқасының мін

-

кемшіліктерін тізе жырлайды. 



 

Айтыс түйіні –

 

шындық. Қандай жүйрік, желқабыз, тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып 



құтылып кете алмаған, оның бәрі де тек шындықпен суарылған аталы сӛзге тоқтап бас иетін болған. 

Бұл тартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сӛздің жеме

-

жемде айтыс тағдырын шешіп кететіні де 



осыдан. Бұл сипаттарымен айтыс шешендік сӛздерді еске салады.

 

Айтыс  ӛлеңдерін  сан  ғасыр  ӛтсе  де  ұмытпай  жадында  сақтап,  біздің  дәуірімізге  жеткізуі, 



біріншіден,  ақындардың  талантын  қадір  тұтуы  болса,  екіншіден,  сол  ел,  ру  мәртебесін  қорғаған 

ақындардың ӛлең

-

жырларын кейінгі ұрпақтың кӛкейіне ұялатып, олардың патриоттық сезімін оятудың 



құралы  деп  санаған.  Айтыс  ақындардың  тапқырлықты,  білімдарлықты,  ӛмір  тануда  сергек 

сезімталдықты және ӛзгеге

 

ұқсамас ӛзіндік ерекшклігін талап еткен. Айтыстың шешендік сӛз сайысы, 



тәрбие мектебі  тапқырлықтың тұғыры болып ерекше бағаланады.  Ертеде  ӛткен  ақындар  айтысының 

дүлділі  Біржан  мен  Сараны,  Кемпірбай  мен  Шӛжені,  Жанақ

 

пен  Орынбайды,  Әсет  пен  Рысжанды, 



Жамбыл мен Құлманбетті және т.б. рулы елдің ар –

 

намысын қорғаушылар дейді.



 

         

Айтыс  –

 

кӛшпелі  ӛмір  кешкен  елдердің  бәріне  тән  ӛнер,  бірақ  ол  бірінде  аз,  енді  бірінде 



мейлінше мол дамыған. Бұл кездегі жазу

-

сызудың жоқтығынан, ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек 



алуыннан  туған  қажеттілік  еді.  Айталық,  ӛмір  салты  мен  әдет

-

ғұрып,  салт



-

санасы  бізбен  егіз  кешегі 

кӛшпелі  қырғыз,  қарақалпақ  алтай  елдерінде  де  айтыс  ӛнері  болған,  алайда  бұл  жанр  оларда  дәл 

біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.

 

Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің 



кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап кӛрсету 

әлемдік 



әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып кӛрінеді.

 

Қазақ  әдебиетінің  тарихындағы  фольклор  дәстүрі  әдебиеттану  ғылымында  бастапқы  кезеңнен 



гӛрі  ауқымды  зерттеулерге  ұласып  отыр.  Мұның  мәні  –

 

қазақ  әдебиет  тарихының  сарқылмайтын, 



таусылмайтын кӛркемдік негіздерден құйылған шығармашылық ӛзгеше жаратылыс сырында.

 

Ауыз  әдебиет,  жазба  әдебиеттің  айырым  белгісі  хатқа  түскен,  тасқа  басылған  сӛз  фактісінде 



емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық ӛзгешелігінде жатыр. 

 

Сол  ӛзгешеліктердің  бірі



  

XIX  ғасырдағы  ақындар  айтысы,  жалпы  айтыс  ӛнері.

 

Айтыс  ӛлең 



фольклористикада,  әдебиеттану    ғылымында  Шоқан  дәуірінен  бері  зерттеліп  келеді.  Ұзақ  уақыттар 

бойы  әдебиетіміздің    кӛп  асыл  мұрасы  сияқты  айтыс  ауыз  әдебиетінің  еншісі  есебінде  зерттелді. 

Бірте

-

бірте  зерттеу  проблемалары  күрделеніп,  ауқым  аймағы  кеңи  түсті.  Жекеленген  зерттеушілер 



XIX  ғасырдағы  ақындар  айтысының  табиғатындағы  дәстүрлі  айтыс  ӛлеңмен  туыс  тұсты  да,  оның 

ӛзіндік белгілерін де аша сӛйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында 

атап айтар, айқын ӛзгешеліктер, әрине аз емес.

 

Айтыстың  дәстүрлі  сипатына  қарай,  мазмұн,  мәніне,  орындалу  орны,  мақсатына  қарай  түрге 



бӛлінуінде  айтыстың  табиғатын  зерттейтіндердің  бәрінің  кӛзқарасы  бірдей  емес.  Әрине,  олай  болуы 

мүмкін де емес. 

 

Осы орайда А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX ғасыр айтысының табиғатын 



тануда  таптырмайтын  ӛлшем  үлгісі.  А.Байтұрсынұлы  XX  ғасыр  басындағы  айтыс  күйінен  «Жазу 

жайылған  сайын  айтыс  ӛлең  азайып,  құруға  бет  алып  барады»  деп  хабар  береді.  Бұл  түйін 

айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа кӛркемдік арна екендігін айғақтай 



түсетін түйін. 

 

Мұхтар  Әуезов  «Әдебиет  тарихында»  қазақ  әдебиеті  үлгілерін  қарастырудың  негізін  салды. 



Әдебиетті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген үлкен екі салаға бӛліп, ауызша әдебиеттің жазбаша 

әдебиеттен  айырмашылығын  атап  кӛрсетіп  берді.  Оның  арғы

-

бергі  әдебиет  үлгілеріне  қатысын 



кӛрсетті

 

[



2, 44 б.

]

.  



Ә.Қоңыратбаев  XІX  ғасырда  туған    айтыс  поэзиясын  беске  бӛледі.  Ілгеріде  айтысты 

зерттеушілер әдет

-

ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар немесе бәдік жар



-

жар, мал мен адам, ӛлі мен 

тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде айтыстың он 

тӛрт түрі бар деп кӛрсетілгенін ескертіп айтады. 

 

М.Жармұхамедов  айтыстағы  ақындық  тәсілге,  айтыстың  дәстүрлі  сипаттарына  кең  тоқталады. 



Қазақ айтыстарының жанрлық табиғатын белгілейтін басты ерекшелігінің бірі деп, белгілі бір айтыстың 

қайта  жырлануда  ӛсіп,  түсіндірме  қосыла  отыратындығын  айта  отырып,  оған  «Бақтыбай  мен  Мәйке

 

қыздың  айтысын»  мысалыға  келтіреді.  Сондай



-

ақ  ғалым  айтыстың  мұндай  түрлері  «Мансұр  мен 

Дәме»,  «Түбек  пен  Қарқабат»,  «Біржан  мен  Сара»,  «Ыбырай  мен  Доскей»,  «Әсет  пен  Ырысжан» 

айтыстарында кӛп кездесетіндігін айтады. 

 

Ал,  Сыдиқов  болса,  XIX



 

ғасырдағы  ақындардың  дәстүрлі  айтыс  ӛнеріндегі  ӛзіндік  ӛрнегіне 

тоқтала  отырып,  айтыстың  жанрлық,  даралық  сипаттарын  айқындай  түсер  толғамдар  жасады.  Оған 

сӛз жүйріктері Абыл, Нұрым, Қашаған сынды ақындардың айтыстарын мысал етті

[

3

, 143 б.



]

.   


Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жӛнінен зерттеуде ақындар айтысын үш түрге бӛліп 

қарастырады:  1)  Мұсылмандық  ағартушылық  айтыстар;  2)  Еларалық

-

ұлтаралық  айтыстар;  3) 



Жазбаша айтыстар

[

4



, 25 б.

]

.   



Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау қисындарын әлі де жан

-

жақты ойластыра, тереңдете қарастыру керектігін айтады. 



 

Қазақтың  тӛл  мұрасы  –

 

айтыс  жанры  бойынша  үлкенді



-

кішілі  зерттеулер  жасағап,  еңбектер 

жазған  С.  Мұқанов,  М.  Әуезов,    Қ.  Жұмалиев,  Е.Исмайылов  сынды  зерттеушілеріміздің  айтуынша, 

айтыс –


 

екі  адамның ӛзара сӛз қағыстыруы, сӛзбен тартысуы, жарысуы,  дауласуы, сынасып

-

мінесуі, 



ӛнер  салыстыруы  сияқты  ұғымдардың  жиынтығын  қамтиды.  Айтыс  екі  түрде,  яғни  сӛз  түрінде  және 

ӛлең  түрінде  кездеседі.  Қазақ  әдебиетінде,  жалпы  әдебиет  кӛлемінде  ӛсіп

-

ӛрбуге,  әдебиет  жанры 



ретінде қарастырылатыны да –

 

ӛлең түрі болып табылады. 



 

Айтыс ӛлеңдерін, әдебиеттік жағынан қарастырғанда, мазмұны мен тақырыбына қарай екі түрге 

бӛліп қарастыруға болады. Оның біріншісі –

 

қазақ  халқының тұрмыс



-

тіршілігіне, салт

-

санасына, әдет



-

ғұрпына  қарай  бӛлінеді.  Ал,  екіншісі  –

 

ақындардың  шын  мәніндегі  ӛзара  айтысы.  Қазақ  айтысының 



күрделі де қомақты бӛлігін осы айтыс түрі құрайды.

 


Алғашқы  үлгідегі  айтыс  ӛлеңдері  халқымыздың  тұрмыс

-

салты  мен  әдет



-

ғұрпына  сай 

туындаған.Ол  міндетті  түрде  халықтың  жиналған  жерінде,  яғни  той

-

тамаша,  ойын



-

сауық  үстінде 

шығарылатын  болған  және  оны  шығарушы  ақындар  болған.  Бұл  айтыстардың  ӛзіндік  ерекшелігі 

болған,  себебі,  ол  жалпы  айтыс  ӛлеңдерінің  алғашқы,  бастапқы  үлгісі  болып  табылады.  Бастапқыда 

ол  ойын

-

сауық  ретінде  жиналған  халықтың  кӛңілін  кӛтеру,  күлдірту  мақсатынан  туындаған.  Ӛлең 



құрылысы  жұрттың  жаттап  алып  айта  беруіне  ыңғайлы  болған.  Айтыстың  мұндай  түрінде,  нағыз 

ақындар  айтысының  үлгісіндегідей,  тың  тақырып,  күрделі  де  кӛкейкесті  әңгімелер,  кӛкіректі  жарып 

шыққан ой түйіндері мүлдем кездеспейді, керісінше, жеңіл

-

желпі сӛз, әзіл



-

оспақ, ойын түрінде болып 

келеді.  Тағы  бір  ерекшелігі  –

 

бұл  айтыста  халықтың  тұрмыс



-

тіршілігі,  салт

-

санасы,  әдет



-

ғұрпына 


байланысты туған әртүрлі ұғымдар мен түсініктері біте қайнасқан. 

 

Әрине,  бұны  сол  кездегі  халықтың      тұрмыс



-

тіршілігіне,  салт

-

санасына,  әдет



-

ғұрпына 


байланысты  туған  айтыстың  кемшілігі  деп  қарастырмау  керек.  Керісінше,  ол  –

 

айтыс  ӛлеңдерінің 



дүниеге  қалай  келіп,  ӛзінің  алғашқы  қалыптасу  барысында  нендей  тақырыпқа  тоқталып,  нені  сӛз 

еткендігі жайында аңғартып,  мағлұмат беретін басты ерекшелігі деп қарастыру керек. Айтыстың дәп 

осы  түрін 

жалпы  айтыс  ӛнерінің  әдебиеттен  алар  орнын  кӛрсетіп,  ақындар  айтысының  ӛніп,  ӛрбіп 



шығуына  себеп  болған,  үлкен  жанр  ретінде  танылудың  негізін  қалаушысы,  бастамасы  болған  түйткі 

ретінде бағалау қажет.

 

Айтыстың  бұл  түрін  мазмұнына  қарай  бірнеше  салаға  бӛліп  қарастыруға  болады.  Олар:  «жар



-

жар»,  «бәдік  айтысы»,  «қыз  бен  жігіт  айтысы»,  «дін  айтысы»,  «жұмбақ  айтысы»  деген  бастапқы 

тақырыптарға  бӛлінеді.  Мұндағы  «жар

-

жар»



 

мен  «бәдік  айтысы»  айтыс  ӛлеңдерінің  ішіндегі  ең  кӛне, 

ескі үлгілері қатарында болып  саналады

 

[



1, 58 б.

]



Қалған «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» болып саналатын айтыс түрлері 

халықтың жиналған жерінде жұртты кӛңілдендіру, сергіту, ән мен жыр қызығына толтыру мақсатында 

кӛбірек қолданылған айтыс түрлері болса керек

 .  


«Қыз  бен  жігіт  айтысы»  ақын  жігіт  пен  ақын  қыздың  арасындағы  сӛз  жарысы  болып,  оны 

шығарушы да, айтушы да сол қыздар мен жігіттер болғандықтан, халық оны осылай атап кеткен. Бұл 

айтыс  әдеттегідей  амандасудан  басталып,  әдемі  қалжың,  жарасымды  әзіл

-

оспақ,  елді  күлдіруге 



тұрарлықтай күлдіргі жайттарға ұласып отырған. Айтыс барысында қыз бен жігіттің бір

-

біріне айтылған 



міні  неғұрлым  кӛңілді,  құлаққа  қонымды  болғандықтан,  қарсыласының  намысына  тиіп,  ашу

-

ызасын 



шақырмаған.  Қарсыласын жеңу үшін оның мінін  кӛбірек  тауып, сынауға тырысқанмен,  ол мін мұқату, 

әшкере  ету,  бетін  қайырып  тастау  мақсатымен  айтылмаған.  Ол  керемет  әзіл  ӛрнегімен  кӛмкерілген 

«мін  айту»  болған.  Мысалы,  қыз  қарсыласының  ӛсіп  кеткен  сақалына  мін  тағу  арқылы  оны  ұялтуды 

емес,  дәйім  жұртты  қыран  күлкіге  кенеп,  жігіттің  осы  әзілге  жӛнді  жауап  қайтара  алмай,  тосылып 

қалар

-

ау деген мақсатпен: 



 

Қызға барған ел білсін атағыңды,

 

Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.



 

Қыздан кӛңілі қалмаған қу кӛкірек,

 

Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды...



 

Сақалыңды айнаға кӛрші қарап,

 

Ту құйрықтан маңызды тӛрт



-

бес қадақ.

 

Ауылыңдағы бақалға күзеп сатсаң, 



 

Алты сабын береді, жеті тарақ, 

-  

деп келтірсе, жігіт оған лайықты  жауап ретінде халықтың «Сӛздің кӛркі –



 

мақал, адамның кӛркі 

сақал»  деген  мақалын  қолданады  және  ӛз  тарапынан  қыз  бойындағы  титтей  де  мінін  іздеп  табуға 



тырысады.

 

Айтыс 



кейде осындай сӛз сайысына  түскен қыз бен жігіттің

 

бір


-

біріне деген ықыластары болса, 

сол  лебіздерін,  іштегі  кӛңіл  сырларын    айтып  қалуға  да  үлкен  мүмкіндік  берген  (түсінбегендері    әзіл 

түрінде қарап, түсіне білгендері астарлап болса да жауап қайыра білген). Ерте заман айтысына үңіле 

қарасақ,  ондағы  ақындар  тек  ӛз  ойларынан  шығарған  шумақтарды  ғана  емес,  сол  тұстағы  халық 

ӛлеңдерін де пайдаланып, әнге қосып отырған. Кейде ол қайырма түрінде келсе, кейде тіпті екі ақын 

да  (қыз  бен  жігіт)  ӛлең  шумақтарының  алдынғы  екі  жолын  қайталап,  ал  ӛздерінің  негізгі  ойларын 

кейінгі екі шумаққа сидырып  отырған. Олар кӛбінесе жатталуға жеңіл, тілге орамды, құрылысы он бір 

буынды ӛлең түрінде кездеседі. 

 

Жинақтай  айтсақ,  «қыз  бен  жігіт  айтысы»  халықтың  ойын



-

сауық,  салтанатына  байланысты 

туындап,  қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  «айтыс»  жанрының  бастапқы  үлгілерінің  бірін  құрап,  кейінгі  үлкен 

«айтыстың» негізін салуға себепші болған қомақты жанрдың бірі.

 

Қазақ даласына ислам діні таралғаннан бастап, (тарихтағы келтірілген деректер бойынша XVII ғ. 



бері) қожа –

 

молдалар, басқа да дін  иелері ислам дінін уағыздап, үгіт



-

насихат жасау үшін поэзияның 

қосар  үлесі  мол  екендігін  біліп,  оны  тікелей  пайдалануға  кіріскен.  Осы  мақсатпен  әсіресе  айтысты 

кӛбірек пайдаланған. Міне осылай «дін айтысы» пайда болған. Әрине ол қайсы бір ақынға келіп «дін» 

туралы  айтысасыңдар  деп  қолқа  салу  емес,  ол  үшін  алдын

-

ала  ӛздері  жалдамалы  ақындарға  уағыз 



айтып,  кӛпшілікке  ақын  тілі  арқылы  діни  үгіт  –

 

насихат  жүргізіп  отырған.  Олар  жұрттың  жиналған 



жеріне үгіт

-

насихатты тереңірек жүргізу үшін екі ақынға да алдын



-

ала дін жайында не айтуды, кімдер 

туралы  және  қалай  айтудың  үлгілерін  тапсырып  қойған.  Міне,  осындай  «саясаттың»  негізінде  діни 

тақырыптық айтыс түрі туған

 

[

2



, 56 б.

]



Айтыстың  бұл  түрі  екі  ақынның  сӛз  жарысынан  гӛрі  бір

-

біріне  берген  сұрау



-

жауабына  кӛбірек 

келеді.  Айтыстың  аты  айтып  тұрғандай,  оның  негізгі  тақырыбы 

дін  жайындағы  әңгімелер,  үгіттер 



болады.  Жиналған  барша  халықты  дін  жолына  түсіру,  діни  ұғымдарға  иландыру,  діни  наным  –

сенімдерді ұстануға жетелеу, үйрету сияқты мақсаттарды кӛздеген. Бәріне тек бір ғана жаратушы ие 

«Алла тағаланың» күшіне сену, намаз оқу, ораза ұстау, құран жолымен жүру, пітір

-

садақа беріп тұру 



керектігі және тек осыны ұстанған адамдар ғана «жұмақ тӛрінен» орын алатынын, ал бұған қарсылық 

білдіріп,  сенімсіздік  артқан  «дінбезерлерді»  «тозақ»  оты  күтіп  тұратындығын  сӛз  ететін  болған. 

Қарапайым  халыққа  жай  сӛзбен  үгіт  жүргізгеннен  гӛрі,  олардың  сүйікті  поэзиясын  қолдану  қожа

-

молдалар үшін дін насихатының құралы ретіндегі бірден



-

бір таптырмас жол екендігі байқалады. 

 

Қазақтың  айтыс  ӛлеңдеріне  дін  айтысы  елеулі  үлес  қосып,  оның  қалыптасуы  мен  дамуына 



ықпалын  тигізе  қоймаған.  Бұл  тек  айтыс  жанрының  алғашқы  үлгілерінің  қатарындағы  бірі  болып 

табылады.  Ӛлеңдік  құрылысына  келер  болсақ,  дін  айтысы  айтыстардың  үздік  шыққан  тобына 

жатпайтын,

 

тіпті  айтыскерлердің  аса  қызығушылығын  тудырып,  жандандырар  тақырып  болып 



табылмайтын, тек дін тақырыбының аясында ғана сӛз қозғалатын бірыңғай, қара дүрсінді ӛлең түрінде 

кездеседі.

 

Халқымыздың тұрмыс



-

салты мен әдет

-

ғұрпына сай туындаған айтыс ӛлеңдерінің тағы бір түрі –



 

жұмбақ айтысы. 

 

Ақынның тапқырлығы мен білгірлігіне тікелей байланысты айтыстың бұл түрі айтыс ӛлеңдерінің 



ішіндегі ең күрделі, қиындау түрі десе болады. Осы себепке байланысты ақынның тек суырып салма 

болуы  ғана  емес,  оның  үстіне  ол  ӛте  тапқыр,  кӛп  нәрселерден  хабардар,  білімді,  тез  ойлап,  табан 

асты жауап беруге дайын болуы шарт. 

 

«Жұмбақ  айтысының»  қатысушылары  жұмбақ  қылып  жасыратын  нәрселерін  адамзатқа  таныс, 



деректі  заттардан  алып,  сондай

-

ақ  екі  затты  бір



-

бірімен  салыстыра  білу  арқылы  жұмбақ  шығарған. 

Дәлірек  айтқанда,  жұмбақ  қылып  жасыру  аясына  кіретін  тақырыптар  кӛлемі  –

 

жаратылыс  дүниесі, 



аспан  әлемі,  жан

-

жануарлар,  хайуанаттар,  адам  және  адамның  еңбегі  мен  кәсіп  құралы,  ӛнер, 



табиғат, ілім

-

білім болған.



 

Жоғарыда  айтып  ӛткен  айтыстың  қиындығының  салдарынан  ба,  айтыстың  басқа  түрінен  гӛрі 

«жұмбақ  айтысына»  қатысушы  ақындар  аз  болса  керек.    Мұның  ӛзі  «жұмбақ  айтысындағы» 

айтыскердің аса тапқыр, білімді болуын талап ететіндігінің тағы бір айғағы

 

[

3



, 47 б.

]

.  



Қалай  болғанда  да  қазақ  халқы  мұндай  айтыскерлерден  де  кенде  емес.  Олардың  қатарында 

Нұржан,  Рысжан,  Әсет,  Шӛкей,  Сапарғали,  Күңбала  т.б.  сынды  айтыскерлеріміздің  аттарын  атауға 

болады. Бұлар айтыстың талабына сай –

 

білгір ұшқыр ойлы, суырып салма, тапқыр айтыскерлер. 



 

«Жұмбақ  айтысы»  ӛз  дәуіріндегі  айтыстардың  ішінде  мәні  зор,  салмақты  айтыс  болған.

 

Оның 


басқа айтыстан ерекшелігі, ол ӛз айтыскерін кӛп білуге, ізденуге, жан

-

жақтылыққа талпындырған. Ал 



бұл жастардың (тек айтыскерлер емес) білімге деген құштарлығын оятуға, білімді болуға жетелеген.

 

Қорыта айтқанда,  қазақ халқының тұрмыс



-

тіршілігі, салт

-

дәстүрі мен әдет



-

ғұрпына байланысты 

туған  айтыс  ӛлеңдерінің  қай

-

қайсы  болмасын,  олар  кейінгі  туған  үлкен  айтыстардың,  нақтырақ



ақындар айтысының бастамасы, негізгі тірегі, ұйытқысы болып табылатыны хақ. 

 

 

 



Әдебиет:

 

1. 


Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы.

Алматы,1991.



-

285 б.


 

2. 


Мұхтар Әуезов энциклопедиясы –

 

Алматы, 2011.



-

234 б.


 

3. 


Сыдиқов Қ. Ақын жыраулар. –

 

Алматы,2004.



-

132 б.


 

4. 


Т.Тебегенов. Халық аңыздары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. –

 

Алматы, 2001.



-

156 б.


 

 

References: 

1. A. Koniratbaev. Kazak folklorinin tarikhi. 

 Almaty, 1991. 



 285 b. 


2. Mukhtar Auezov enciklopediasi - Almaty, 2011. 

 234 b. 



3. Sidikov K. Akin giraular. - Almaty, 2004. 

 132 b. 



4. T. Tebegenov. Khalik anisdari schiarmalarindai adebiet pen folklore dasturi. 

 Almaty, 2001. 



 156 b.   



 

 

Автор туралы мәлімет



 

 

Тасмағамбетова З.Ж. –

 

филология магистрі, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға 

оқытушысы,  А.  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті,  Қостанай  қ., 

Байтұрсынов к

-

сі, 47; тел. 87755175197; 

e-mail: 

zinattas@mail.ru

 

 

Тасмагамбетова  З.Ж.  –

 

магистр  филологии,  старший  преподаватель  кафедры  теории 

языка  и  литературы,  Костанайский  государственный  университет  имени  А.  Байтурсынова,  г. 

Костанай, ул. Байтурсынова 47, тел. 87755175197; 

e-mail: 

zinattas@mail.ru

 

 

Tasmagambetova  Z.Zh.  -  master  of  Philology,  senior  teacher  of  theory  of  language  and  literature, 

Kostanai state university named after A. Baitursynov, Kostanai city, Baitursynov Street 47, tel. 87755715197; 

e-mail: 

zinattas@mail.ru

 

 

 

Каталог: files -> nauka
nauka -> Ә о ж 378: 34(574) Қазақстан республикасының
nauka -> Влияние солнечной радиации на продуктивность животных
nauka -> Организация противоэпидемиологических мероприятий в очагах
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары
nauka -> Әож 619: 613. 287. 5 СҮТ Өнімдерінің антибиотиктермен ластануы
nauka -> Творчества в данной статье раскрыты основные вопросы о музыкальном наследии Абая Кунанбаева и рассмотрено их значение в учебно-воспитательном процессе
nauka -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
nauka -> Өскемен, 2016 Әож 94(574) (063)
nauka -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет