ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



жүктеу 1.2 Mb.
Pdf просмотр
бет11/22
Дата24.03.2017
өлшемі1.2 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

II АКТ
Үшінші сурет
Ай шырайлы аяштың тойы. Қобыланды батыр ордасы. Тойды күткен қыз 
н кер, күй безеген күйшілер. Ата-ананың тобын бастап Тоқтарбай мен 
Аналық шығады. Қастарында Қараман.

168
А н а л ы қ (келе жатқан Құртқаны тосып тұрып, қолында 
жұп шырағы – тілек шырағы. Тоқтарбай да жұп шырақпен 
тосады).
Қайырымды ием Қамбар-ау!
(Маңдайына шырағын к теріп, тәу етіп.)
Қаралдымның қызығын
Қарық боп к рер сәтті бер!
Мен болғамын бір кезде
Соңынан бота ермеген,
Бозінген боп боздаған,
Аңыраған Аналық,
Зар күнімнің, сол күнімнің арманы,
Осы еді ғой бер деген.
Оюлы шымылдық шыға береді. Ар жағынан Құртқалар.
Кел, кел, айым, кел, айым! 
Атаң  зім болайын, анаң  зім болайын! 
Т о қ т а р б а й 
Құтты қадам, жан балам, 
Сапарыңа бақ тілеп, 
Алдыңда тұр ағайын. 
Жалғызым жалқы болмасын, 
сіп,  рбіп  ркенде. 
Бар тілегім бір айтып, 
Жұп шырағым жағайын! (Бұ да тәу етеді.)
Шымылдық ашылып, Құртқалар к рінеді. Қасында Қобыланды, 
Қарлығаш, Шуақ сияқты жақындар. Қобыланды мен Құртқа ілгері 
шығып, Тоқтарбай мен Аналықтың алдына тізе бүгіседі. Тосып тұрған 
үлкендердің бәрінің қолында қос шырақ пайда болады. Екі жастың 
үстерінде, айналасында қоршай жанған шам-шырақ. Тоқтарбай бастап, 
бар жиын қостайды. От-ананың құрметіне арналған сиыну ырымы орын-
далады.
Жұп шырағым жалындап, 
Жад еткенім  зіңсің, 
От анасы, жарылға! 
Ж ұ р т 
От анасы, жарылға!

169
Т о қ т а р б а й 
Оттай ыстық достық бер, 
Жұбын жазбай ұзақ бер! 
Жар жарастық қызығы, 
Қартайғанша арылма!
Ж ұ р т 
Қартайғанша арылма!
Т о қ т а р б а й 
Қарғысы қатты қайрақан 
Қазасынан сен сақта! 
Қараңғыны жамылған, 
Қара түнде қағынған, 
Ие, кие кегінен, 
Монтаны жарғыш ебінен 
Егізімді сен сақта! 
Жолдарын жарық, жарқын ет, 
Ұлы пана  зіңсің, 
От анасы, жарылға!
Ж ұ р т 
От анасы, жарылға!
Осы сәтте сахнаның т рт бұрышынан лапылдап т рт от жанады. Құртқа 
мен Қобыланды сол оттарға кезек-кезек бұрылып, иіліп тізе бүгеді. Жұрт 
“от анасы, жарылға!” деп тілек айтып тұрады. Сиыну бітеді. Оттар с неді. 
Жұрт жадырай бастайды.
Қ а р а м а н. Уай, қайран асыл ата-аналар! Тілектерің тап 
болсын, арқауылдай асқарлар. Тек келінің киеңкі болмағай-
ақта. (Үлкендер түсінгендей күле береді.) Келмей жатып 
келінің қатты бұйрық етіп тұр. Жеткіз деп тұр сендерге... 
зегімізді талдырмай қызығымызға тез жеткізсін. Ойын-
сауығымызды бастасын тез. Болды енді деп тұр, мінеки. 
(Жұрт күледі.)
А н а л ы қ. Айтпайды оны ақылы толық аяшым.
Қ а р а м а н. Айтпайды?  ттең, айналайын аңқау анам-
ай...
Қ ұ р т қ а (Қарлығашқа). Қорғасаңшы, айым-ау!
Қ а р л ы ғ а ш. Ойын-сауық дегенді Құртқа емес, біз ай-
тамыз.
Қ а р а м а н.  не, әнеки, к рдің бе? Қарлығашқа да 
сол айтқызып тұр. Ол одан да зорын айтады. Білмеуші ме 

170
ең, анам-ау. Бұл долы кемпір К клан асыраған қыз емес 
пе? Мұның долылығының қасында шешесі момын, қоңыр 
қозыдай.
Ж ұ р т. Басталсын той! Қайырлы той! Жарқын той!
А н а л ы қ. Бар тілегім жолына, бар қызығын жайып сал 
қос маралдың алдына.
Үлкендер кете береді. Қараман Құртқа қасына келеді.
Қ ұ р т қ а (күліп). Қайран құрдас, қайтейін, досым 
мұндайсың, қасым болсаң қайтер ең?
Қ а р а м а н. Е, қасым болсаң, қазір алар  шім бар. 
Қобыландыны қасыңнан қазірден-ақ айырам. К кжал! 
Шық былай! Той-сауықты бастаймыз.
Қобыланды қозғала береді.
Қ о б ы л а н д ы. Жүр, жиынға барайық.
Кетіседі. Жастар ойынға әзірленіп сейіле береді. Құртқа, Қарлығаш, 
Шуақ қалады.
Қ а р л ы ғ а ш 
Қинаған жоқ па Қараман, 
Жақсы к ңіл жасытып, 
Қынжыла к рме, жабықпа!
Қ ұ р т қ а 
Айым, жаным, айтпа оны, 
Бұл күйімде к ңілімді 
Жабықтырар әзіл жоқ. 
Айтсам ба екен екеуіңе 
Ішімдегі шын толқыған сырымды?
Қ а р л ы ғ а ш 
Айт, жеңеше, жақыным де жаныңдай.
Қ ұ р т қ а 
Айым, қабыл алдым мен... (Аз б геліп.) 
К з жұмсам бір сәуле 
не бойым балқытып, 
Шарпығандай жалындап...
...Мамыр күні маңғыстап, 
К з жүзіне еркелеп, 

171
Қалқып ұшқан ақ мамықтай ақ бұлт, 
Бақ-мерейім туы боп, 
Т беме келсе деп едім! 
Т бем емес, бұл кезде 
Күмбезімде к рермін... 
Ей, екі жас, достарым, 
Кінә қылма, кеш мені, 
Шаттығымнан шалқығандай боламын, 
Жанып  скен жастығымның зарында 
Осы сәттің  зін емес, 
Құр елесін бір к рсем. 
К ріп қана құр тірліктен ж нелсем. 
Қалғаны бар, арманы бар, 
Мен де мұңды дер ме едім?.. 
Қ а р л ы ғ а ш 
Ақ жүрегің айтқызған 
Ай нұрындай сырың бар. 
Ақ тілеуің сәулесі, 
Қуанам да қызығам... 
Тек жалғыз-ақ, жеңеше, 
Қысқа тілек тілегендей болмашы! 
Ш у а қ
Қысқа демей қарық болдым деп кетер ем, 
Мен күткен бақ, сағым шақ 
Мол еместен, осындай-ақ болсашы. 
Қ а р л ы ғ а ш 
Жапа к ріп біреуден, 
Түңілгендей тілеуден, 
Аз қызықты к п к ріп, 
Не к рдіңіз, қысылдыңыз неліктен? 
Ш у а қ 
Алдағы тілек алыс боп, 
Қолға жетпес қиын боп, 
Айырар болса еріктен, 
Ей, қалқажан Қарлығаш, 
Арман деген ащы зар 
Айтылмасын неліктен?
Қ а р л ы ғ а ш 
Жасылды асыл тартқандай, 
Тың сырды сыр тартар ма, 

172
Айтса нетті? Бекінісін бұзғандай, 
Шықса нетер беріктен? 
Қ ұ р т қ а (Шуаққа). 
Ұзатып мені әкелдің 
Ұзақ жолда үйімнен, 
Содан бері бақсам мен, 
Бір жалының бар к рем. 
Шығаршы жас соныңды, 
Нені сүйіп дүниеде, 
Неден үміт күйінген? 
Ш у а қ 
Ашсам ба екен сендерге, 
Іздеушісі жоқ болған 
Іште жатқан түйінді! 
Қ ұ р т қ а (Қарлығашқа).
Айт десеңші, айым-ау! 
Қ а р л ы ғ а ш 
зінің сырын  зіне 
Билетсек нетті  йткенше. 
Ш у а қ 
з жүрегім билесе, 
зек жарған мұңымды 
зім деген жақынға да айта алман...
Қобыланды келіп тыңдайды.
(Қарлығашқа.)
Бір сырым бар жүрегімде,
Жан нұрым сол жебеген.
Тар зынданның ішінде, тас қамауға түссем де,
Талдырмастай табынғаным  зі сол.
Қасарысқан жауыма
Қан кешуде жақтартсам,
Арнап айтар айым сол!
Сиынып тартар жаным сол!
Аз  мірде барымша
Жан жүзінен жасырып,
Бек сақтаған барым сол. 
Бүгін ғана бой жазып, 
Айналайын Қарлығаш, 

173
Ашылмаған арманым 
Алдыңа кеп бас ұрды. 
(Қарлығаш қысылады.) 
...Ашылмаса ж н бе еді? 
Айтылмаса ж н бе еді? 
Айттым-дағы қиналдым, 
Жасқансам да жайым сол... 
Қ а р л ы ғ а ш 
Шешілместей түйінді 
зім түртіп толқытқандай болдым ба? 
Тұнық к ңіл тыныштығын бұздым ба? 
Ш у а қ 
К ктем күнін жар тұтып, 
Қауызын ашқан ақ гүлдей, 
Жаным сыры ашылды, 
зіңе сеніп сол гүлдей... 
Қ а р л ы ғ а ш 
Шуақ! Оқыс сырдың тосын жайы 
Тоқыратады, ұғыңыз. 
Үндей алмай әзірше, 
Бүгін айтар орайым жоқ, 
зір берер белгімдей. 
Қ о б ы л а н д ы 
Қарлығашым, қанатым! 
Шуақ інім, серігім, 
Тайталасқа түскенде 
Табандап шыдар берігім. 
Ынтық с зін жар айтса, 
Мен едім лаулап жанатын! 
Шуақтан қалған шер бар ма, 
Орны жоқ па еді, орай жауап алатын? 
Қ ұ р т қ а 
Қысыламысың әлде, айым, 
Еріксіз айғақ боп қалған 
Аға менен жеңгеңнен? 
Қ а р л ы ғ а ш  (Құртқаға). 
Бұрын сырлас болмасаң,
Тәңір қосса, бұдан соң 
Бар сырыма жаны ортақ, 
Жан қиысар жеңгемсің. 

174
Жасырарым сендер емес... (Шуаққа.) 
Ұлы күні ұямның, 
К кем Қобылан тойында 
Бар к ңілім біреу-ақ тілеу соңында, 
Енжар болман  з мұңыммен, 
Оңаша бір сыр бойлап, 
Саған айтар барым сол, 
Қайда жүрсең аман жүр, 
Тірлігіңді тілермін,
К п тілермін, к п ойлап. (Шуақ бас иеді.) 
Қ о б ы л а н д ы 
О, дүние, дүние! (Қарлығашты сүйіп.) 
Ырза болдым, жарығым, 
Жауабыңа сүйіне! (Шуаққа.) 
Асық жар – жалын, біз – болат, 
Жалын шалса, шар болат 
Шымырай жетер күйіне. 
Ер серігім, ырза бол, 
Бүгін бізді қуантса, 
Кешікпей-ақ келеді 
Саған да кезек дүние! 
Адал жарың жаныңа ап, 
Келер тойда кіресің 
Ақ күмбездей үйіңе!
(Екеуін де құшақтайды. Құртқаны құшақтап.)
Аяшым, айдай ақ сәулем!
Балапандап жан  сед,
Балаусалап тал  сед.
Егіз болсын екеумізге қос қозым,
Қуанышпен күн кешед.
О, дүние, дүние!
Бүгін бойым балқығандай, буын жоқ, 
Сәт к рмесем сәулемді, 
Айым батып кетердей, 
Қорқыныш пен қам  сед... 
Қуанышым, сабырлы бол, саям бол, 
Бүгін менде сабыр жоқ.
Тақатсызбын, айласызбын, айласызбын баладай, 
лсіздемін, аян бол! (Сүйіседі.)

175
Қараман бастаған жастар тобы жайнай шығады.
Қ а р а м а н 
Уай, жарандар, жар тыңда! 
Алпыстағы Аналық, 
Тоқсандағы Тоқтарбай 
Толғанып к рген Қобыланын 
Жортуыл жорық кезінде 
Маған серік болар деп, 
Сеніп берген к кжалын, 
Қылдай белі бұралған, 
Талшыбықтай оралған, 
Құлықтысы Құртқасын 
Қарық қызыққа кенелт дейд! 
Маған баста, т сте деп, 
Бар билігін беріпті, 
з қолыңмен ж нелт дейд!
Қ а р л ы ғ а ш 
Құп аламыз, билей бер!
Қ о б ы л а н д ы 
Билеп  зің бастай бер!
Қ а р а м а н 
Билегеннің мәні сол, 
Қысасым бар Құртқада, 
Жар саламын бәріңе, 
Маған сендер еріңдер! 
Оңашаға бармаймыз, 
Емешесі құрысын, 
Қолқа салса к нбейміз. 
Қырық күн ойын, қырық күн той 
Тарқамастан тойлаймыз.
Дәл осы кезде шеру тартқан керней үні келеді.
Қ о б ы л а н д ы 
Шеру тартқан қол болар.
Ш у а қ. Ел ме, жау ма, қайдан жүр? Суық тартқан жол ма 
екен? (Шығады.)

176
Сахна сыртына тасырлап келген тұлпарлар дабыры білінеді. К к темірге 
құрсанған бурыл сақал бір батыр найзасын тіреп тұра қалады. Артындағы 
қолына қарап:
1-қ о л б а с ы 
Тарт, тарта бер, жетемін!
Сахна сыртынан шауып  тіп жатқан қол білінеді.
(Шуақ жақындағанда.) 
Аман, аман, аман бол! 
Ш у а қ
Ел, ел, ел бол! 
Ү й д е г і л е р
Ел дейді, ел! Я Қамбар! 
Ш у а қ
Арман батыр Аққозы? 
1-қ о л б а с ы
Бар бол! Асығыспын, бар ма Қобылан батыр ұл? 
Қ о б ы л а н д ы (шығып).
Қай жүрісің бұл жүріс? 
1-қ о л б а с ы 
Жүрісімді сұрама, 
Қасасқан жау Қызылбас, 
Қанқор Қазан қол бастап 
Шауып кетті Қиятты. 
Ері қырғын, ел сүргін, 
Малы, жанын шұбатты, 
Аттан, Қобылан, жауыңа! 
Аттан, Шуақ, б гелме! 
ш алмасаң –  лгенің, 
Қалма сен де, Қараман, 
Ер батырдың жанына! 
Жет соңымнан, жетіңдер, 
Тарт намысқа бас ұра! (Деп ж неліп кетеді.) 
Ш у а қ 
Аттанбасқа амал не?
Қ о б ы л а н д ы 
Кесір Қазан, келдің бе 
Кезігетін жеріме? 
Қорған болар ер жоқ деп, 

177
Пана болар жер жоқ деп, 
Қан шеңгелді салдың ба? 
Жазығы жоқ, жаулық жоқ 
Иен жатқан еліме?
Тағы бір шапқын келеді. Тағы әлгіндей қол  те береді. Мұның бастығы 
2-қолбасы.
2-қ о л б а с ы 
Кімнің қолы алдымда?
Ш у а қ 
Аққозы жетті ағындап.
2-қ о л б а с ы 
Неғып тұрсың, Қобыланды? 
Неге аттанбай тұрсың сен?
Қ а р а м а н 
Жаңа білдік мән-жайын.
2-қ о л б а с ы 
Не тұрыс бар, ендеше?
Қ о б ы л а н д ы 
Аман ба екен, білдің бе, 
Қияттан  зге қалған ел?
2-қ о л б а с ы 
Амандыққа сәні жоқ, 
Қалғанға да күн қараң, 
Ноғайлыға шауыпты, 
Кесескені Қыпшақ дейд. 
Жаланып кепті ит Қазан, 
Аттан, тұрма, тез қамдан, 
Тарт ілгері, Аламан.
Шаба ж неледі.
Ш у а қ 
Тарт тұлпарды, Аламан!
Жігіт ж неледі.
Қ а р а м а н 
Тарт тұлпарын к кжалдың, 
Тайбурылдың  зін тарт! 

178
Ш у а қ
Тартпа Қобылан тұлпарын! 
Қ а р а м а н
Неге? Сен не дедің? 
Ш у а қ
Дегенім сол! Тойы күні, жалғыз күні 
Тыным дамыл бермесем, 
Ел боламын, ер боламын несіне? 
Шықпа, Қобылан, бұл жолға! 
Қ о б ы л а н д ы 
Айналайын қанатым, 
Қайратың сал халқыңа, 
Жолын берсін ер еңбегі жанатын! 
Кешікпеспін артыңнан, мен болмаспын 
Бүк түсумен қалатын! 
Тарт жауыңа жалындай!
Шуақ ж неледі.
Қ а р а м а н 
Шуақ кетті, шұбап кетті Аламан... 
Жол болар ма? Бәрі бұлдыр сағымдай! 
Ел үрейде, ер сында,
Неге қалдық, неге тұрмыз біз де бірге сабылмай? 
Қ о б ы л а н д ы 
Бақшы, досым Қараман, 
Сүлдер кеткен сойым бар. 
Ынтық жеңген бойым бар, 
Аял берші азғантай! 
Қ а р а м а н
Немене аял, не дейсің? 
Қ о б ы л а н д ы 
Алма үрейді, аптықпа. 
Ауыр с здің бәрі әзіл 
Күйім тұрса шаттықта!
Бұдан кетсем, к п к шем
Бетті бұрып жаттыққа!
Қайтіп қиям Құртқамды
Ақ тілеудің үстінде,

179
Ай к ргендей тәу еткен
Арманы к п жастықта?
Жалғыз ауыз тіл қатамын Құртқама.
Үйге кіреді. Үйде қазір Тоқтарбай, Аналық та бар.
Асығып күткен қызығың 
Астан-кестен болғандай. 
Айыбың жоқ, ата-анам, 
Алтын ұям, жазығың жоқ сенің де! 
Жанбай күнім солғандай... 
Амалым бар ма жалғыз-ақ, 
Жұрт күйзелген шақ жетті. 
Есітіп қалай тұра алам 
Ұран, сүрен сарынын? 
Шамам бар ма, аял қылып қалғандай? 
А н а л ы қ 
Куанышым Қобыландым, 
Анаң тілек етеді. 
Тойыңды түгел  ткізбей, 
Алыстама қасымнан. 
Қ а р л ы ғ а ш 
Барма, к ке! Қызығыңды үзгендей 
Қаймықтың ба қасыңнан? 
Қ о б ы л а н д ы 
Жарым деуге жетсем де, 
Жарым күн жарық к п болған, 
Не дейсің сен, Құртқажан? 
Қ ұ р т қ а 
Барма деуге бара алмайды батылым, 
Етегінен тартам ба 
Ер егесі келгенде, 
Елі күткен батырын!? 
Қ о б ы л а н д ы 
Жарым Құртқа, қимасым, 
Жауыңа аттан дедің бе?
Қ ұ р т қ а 
Сақтаушы ием, бек сақтасын сені онда! 
Алыс жолға сен кетіп, алысқанда, талғанда, 

180
Қорғаны жоқ біз мұнда 
Не к рсек те шыдадық. 
Тапсырдым зор тәңірге... 
Тұрма, батыр, сапар тарт! 
Жолың болсын, жолбарысым, жортқанда! 
Тілектен басқа дәрмен жоқ, 
зіңнен  зге ойы жоқ, 
Жас тілеуін жат жолына сарп еткен 
К ңілі күпті, к зі жасты Құртқаң да. 
Қ а р л ы ғ а ш
Барма, к ке, жалынамын, бармашы бұл сапарға. 
Қ о б ы л а н д ы 
Барам, жаным, жалынба, 
Болды байлау, аял жоқ. 
Тарт, тұлпарым, Бурылды!
Жігіттер мен Қараман ж неледі.
кпел сауыт, сайманды!
Құртқа  з қолымен киіндіре бастайды. Аналық жылап ш гіп қалған.
Қ а р л ы ғ а ш 
Қасарманың бар еді 
Қарсы біткен емендей, 
Айтпасыма әддім жоқ, 
Анталаған жауың к п, 
Қас қамауда біз қалсақ, 
Жан к ке, кімге тапсырдың? 
Тоғай толған жылқың бар, 
Қора толған қойың бар, 
Жан к ке, кімге тапсырдың? 
Қ о б ы л а н д ы  (қатуланып). 
Алысарға шыққан соң, 
Аңдап айтар ер емен. 
Амандығым садаға 
Аңырап кеткен елімнен.
Т о қ т а р б а й 
Сапарыңнан тыймаймын, 
Ер туады елі үшін. 

181
Тілегенде тәңірден, 
Тусын деген жерім жоқ 
Аналық пен мен үшін, 
Тек кесірге жолықпа! 
Астам с зден алыс бол! 
Қас иемнен қарғыс ап, 
Қапы кетсең қимаймын! 
Қ о б ы л а н д ы  (егесе түсіп). 
Жоқ, жоқ, жағаласа шыққан соң 
Тау суындай тасармын! 
Жалынып соғар жерім жоқ, 
Жолды білмес жасылмын! 
ршеленіп ұрармын, 
ртегенді білермін! 
Қай қастаны кезіксе, 
Егесуге шыдармын. 
Егестім сол! Егесуге құмармын! 
Тоғай толған жылқымды 
Жасанған жауға тапсырдым. 
Қора толған қойымды 
Аш б ріге тапсырдым. 
Азу тісі балғадай 
Жас б ріге тапсырдым. 
Ата-анам – кәрімді, 
Қарлығашым жанымды, 
Жар қызығын к рмеген, 
Жаным сүйген айымды, 
Жанымнан асыл барымды, 
Қимасам да, айтқаным 
Қас иеме тапсырдым... 
Жалғыз-ақ тілеу жетелеп, 
Жалғыз-ақ мұрат байладым. 
шім, кегім кетпесін. 
Барды сарп етсем де, 
Осыны ғана ойладым. 
Осы ғана жолымды, 
Жалғыз ғана тілекті,
Зор тәңірге тапсырдым. (Қаруларын алып.)
Тарт, тұлпарым канатым,
Тарт, серігім Бурылды! (Ж неле береді.)

182
Жұрттың бәрінің қолында жұп шырақ. Бүгіліп тілек тілеп қалады.
А н а л ы қ
Жалындаған албыттың 
Астам с зін аңдама, 
Халық иесі Қамбар-ай! 
Қаралдымның жұлдызын 
Оңынан туғыз, Қамбар-ай! 
Ақ тілеумен к терген 
Ақ күмбезін жүдетпе, 
Жан иесі Қамбар-ай! 
Жас тілеуін жад етіп, 
Жаңа келген жарының 
Ақша бір жүзін суалтпа! 
Бақ иесі Қамбар-ай! Қамбар-ай!
Жұрттың бәрі т рт тарапқа иіліп тілек етеді.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Т ртінші сурет
Қасқаралының биігі. Қазан батыр қорғаны. Ноғайлы қиятты ша уып, 
жауланып келген Қызылбас қолы тосқауылда тұр. Қолбасы батыр 
Қазан. Қазір мұның түсі, сауыт-сайманы жат, суық реңді, қарқ болатқа 
шымқанған.  зі мен батырларының беттерінде неше алуан аю, қабан 
реңдес маскалар бар. Қазан қолы таланған қазыналарды сүйретіп әкетіп 
жатыр. Кейбір әскерлері тұтқын қыздарды шұбыртып  ткізіп жүреді. Сах-
на ортасыңда қарауыл биік – Қасқаралының шоқысы. Соның басында 
Қазан жалғыз қарауылда.
Қ а з а н (қасына н кері келгенде). 
Қара қақпай қабақты! 
Қайда келед қуған қол?
Қалт етпей бақ жан-жақты! 
Анау шаң не? Анау кім? 
Жеткен кезде айт маған!
( зі берірек түседі. Тұтқын қыздар  те береді. Қазан 
сас пай қос шоқпарын аспанға атқылап.) 

183
Кеке! Кеке! Кекке-ке! ( скеріне). 
Таламасын қыз біткенді Қызылбас, 
Қылқа матап  з ордама ж нелтсін. 
Шабындыдан түскен қыз – 
Анық батыр сауғасы! 
зімнен қалған сарқытты 
зім тартам қайраты асқан ерлерге. 
Қыпшақ қызы қас батырды кенелтсін! Кеке! 
Н   к е р (биіктен). 
Алдияр! Тақсыр!
Қазан қарайды.
Қуғын алды келіп жетті қасына.
Қазан биік басына шыға береді. Қасына үш батыр қосылған.
Қ а з а н (саспай). 
Келсін бері, келіп к рсін, 
Жез телпегін ұшырып, 
Қызыл телпек кигізермін басына! 
(Екпіндеп кеп 1-қолбасы шығады, артында қолының 
шеті к рінеді. Қазан ақырып.) 
Кеке! Кеке-ке! 
Тоқта, с йлес қыламын! 
1-қ о л б а с ы
С йлесерлік нем қалып еді сенімен! 
Қ а з а н
Алысамысың, ендеше? Кекке! 
1-қ о л б а с ы
Алысқанды кескілеспей басылман! 
Қ а з а н 
Кел, келе бер, бер таман! 
(Қолбасы тауға баса бергенде.)
Қолың тегіс жетпепті,
Менің қолым жасанып тұр жаланып!
Қолбасы жақындағаңда, батырлар шанышпақ болып ұмтылады.

184
Қ а з а н  (әмір етіп). 
Тиме, жібер бері қарай! 
Кел, кел, мына к зің сал!
Қолбасы шығып қарайды.
К р әнеки, тұрғыны алып тосып тұр, 
Тұнжыраған түмен қол! 
(Жау қолына қарап.) 
Селдіреген аз тобыңа тимеймін, 
Тиер болсам ұйпап алам, аптықпа. 
Жи артыңды! Аял берем азғантай.
1-қ о л б а с ы
Не деп тұрсың сен маған? 
Қайдан шыққан қайрымың! 
Қасиетің шын болса, 
Қарап жатқан халқымды 
Қапыда шапқан қай сырың? 
Қ а з а н 
Еліңді егер қылсам да, 
Ес жиғызбай құйындай, 
Қапыда алман еріңді! 
Белдесіп тұрып бек соғам! 
Бар қолыңа, артың тос! 
ршеленбе жиынбай! Кеке! Кекке!
Сырт айнала береді. Қолбасы қолына келеді. 
Алдынан 2-қолбасы шығады.
2-қ о л б а с ы
Қият, Қыпшақ, Қыпшақ, Қият! 
(1-қолбасы сабыр дегендей белгі етеді.) 
Алжастың ба, Аққозы? 
Неге тұрсың ұрынбай?
1-қ о л б а с ы
Тоқта, жетсін бар батыр 
Ұшқындаған тобымен, 
Арандайтын жер емес. 
К ріп қайттым к зіммен, 
Қалың тұман қол жатыр!

185
2-қ о л б а с ы
Жау санасып ұрсыппек
1

Не пәлені бастадық? 
Неге шаптық, ендеше? 
1-қ о л б а с ы 
Қой, Қосдәулет, тасыма, 
Ел қырғыны жетеді. 
Аңдымастан алғызар, 
Қастаным жоқ қасыма ерген жасыма!
3-қолбасы жетеді.
Жетті ме бар батырлар?
3-қ о л б а с ы
Не тұрыс бұл, не қорлық? 
1-қ о л б а с ы 
Алысудың кезегін Акқозы ғана билейді. 
Сенің қандай ақың бар? (3-қолбасына.) 
Кім келеді артыңда? 
3-қ о л б а с ы 
Ноғайлының аламан 
Асыға жиып аттанған, 
Он екі баулы Шуағы 
Болса керек артымда. 
1-қ о л б а с ы 
Жетсін Шуақ тым құрыса! (3-қолбасына.) 
Қарақорен жаурыншы, 
Не к рінді балыңа? 
3-қ о л б а с ы 
Аман шығар, қайтушед, 
Алыспастан қол тұрса!.. 
Келді ме, сірә, Қобылан, 
Арқауылым жас ұлан! 
1-қ о л б а с ы 
Қобыландысыз с йлемей ме жаурының?
3-қ о л б а с ы 
Абыроймен сақтаса,
Сол-ақ қорғар қор боп кеткен бауырын! 
Келмеген ғой ол, сірә... 

186
1-қ о л б а с ы 
Жетпеді ғой жетер десе Қобылан, 
Асығыспен жол тартып, 
Айырар десең бауырың! 
Қ а з а н (биіктен). 
Кеке! Кеке-ке! 
Жетті! Тосып болдым мен, 
Жиылдың ба, кемеліңе келдің бе? 
1-қ о л б а с ы 
Аял, айла ойлаған 
Мен емен, сен қан шелек. 
Тоспай-ақ қой, әзірмін, 
Тұрушымем езбелеп! 
Қ а з а н 
Шық, ендеше, шық былай! 
Содыр басы мен болам, 
Соңыма ерген к п б лек! 
шің болса, бір  зімнің басымда, 
Мені жеңсең, елім жеңген боласың. 
Байлауым сол, батырыңды бек сайла. 
Шығар былай, айттым мана, 
Шық қарсыма жекпе-жек! Жекпе-жек!
Барлық Қасқаралының биігінің басы, жан-жағы “жекпе-жек” деп 
құжынай ж неледі.
1-қ о л б а с ы 
Тілегені жекпе-жек?
2-қ о л б а с ы 
Жалтаратын жер емес, 
Екі айтатын кеп емес!
1-қ о л б а с ы 
Бермесіне болмайды, 
Тілеп тұрса жекпе-жек!
3-қ о л б а с ы
Ата батыр Аққозы, 
Нұсқағаның барамыз,
Жау тілегі сол болса, 
Біз де тілер жекпе-жек! 

187
1-қ о л б а с ы 
Кімді атармын жалғыз-ақ! 
Ел талайын сенгендей, 
Ер егесін бергендей 
Қара құйрық қабылан, 
Қасымда жоқ Қобылан! 
Д а у ы с т а р 
Қайда? Қайда, келмей неғып жүр? 
(Бұл жақта дағдарыс, б гелең.) 
Қ а з а н (қаруын алып, саспай оқшау басып). 
Шық, шық, жетті! Шық бермен! 
Қайда, шығар қарсыма,
Құрыған ба батырың? Кекке! Кекке! 
зім атап шақырам, 
Шығар маған Қобыланды! 
Қыпшаққа қорған болам деп, 
Құлдығымнан алам деп, 
Құтыра шыққан Қобыланды, 
Шығар шапшаң қарсыма! 
1 - қ о л б а с ы  (қиналып). 
Тағы айғайын салып тұр, 
Құрттың ба? Құрыды ма жер болып!
Шуақ шыға келеді. Қазан “жекпе-жек” деп тұр.
Ш у а қ 
Тілеп тұр ма жекпе-жек, 
Кім шығады, Аққозы? 
1-қ о л б а с ы 
лсем етті бүйткенше, 
Тіленіп тұр келсін деп, 
Қайда, қайда Қобылан! 
2, 3-қ о л б а с ы 
Қайда, келмей неғып жүр? 
Не қылған ез қор қылған? 
Ш у а қ 
Не деп тұрсың маңырап, 
Шығар батыр жоқ па екен?

188
Шыдар жүрек жоқ па екен!
Қай қорлыққа к нбекпін,
Бер, Аққозы, жекпе-жек!
Мен барамын, бер кезек! ( зірленеді.)
1-қ о л б а с ы 
Бармайсың сен, сен емес!
2-қ о л б а с ы
Екі-ақ батыр алысад, 
Екеуінің ісімен 
Тарқар болды бұл егес. 
Ш у а қ (Аққозыға). 
Сал майданға, мені сал! 
Жау мерейін асырып, 
Б гелетін жер емес! 
1-қ о л б а с ы 
Тоқтат, сені салмаймын. 
Айт, айт ж нін, айт маған, 
Қашан келед Қобылан? 
Ш у а қ 
Жетпейді бүгін Қобылан!..
3-қ о л б а с ы
Қандай б гет? Не қылған! 
Ш у а қ
Қалыңдығын жаңа әкелген күн еді... 
Қал деген мен, жоқтатпасқа серт қылғам! 
Қ а з а н (ақырып). 
Кеке, кекке!
Шығамысың, қайдасың, 
Атаңның к рі алақшы!..
1-қ о л б а с ы
Қор қылдың ба, Қобылан!
2-қ о л б а с ы 
Асты-ау мынау қарақшы!
Ш у а қ (дайындалып). 
Бер  зіме кезекті,
Жекпе-жекке мен шығам! (Қазанға.) 
Шық, шығып к р қарсыма! 
Қ а з а н 
Кекке, қорықтың ба, Қобылан, 
Сен келдің бе баршыға! 

189
Сен бозторғай болғанда,
Мен боламын қаршыға, 
Кел, ажалың қарсыма! 
Ш у а қ 
Жазықсыз елім жолында, 
Намысымның соңында 
Асыра сүрен салармын, 
Жетсін барып арсыға.
Қара Қыпшақ! Қара Қыпшақ! (Деп ж неледі.) 
1-қ о л б а с ы 
Жолың болсын, жолың болсын, 
Жалыңдаған жас ұлан!
Жекпе-жек. Шуак  леді. Қыпшақтар үнсіз. Бел сынғандай, ш ккендей.
Қ а з а н
Кекке! (Ақырып.) Жеңілдің. Қанқай, жеңілдің. 
Жеңілдің, Қанқай, жеңілдің... Кеке! 
(Қолбасы батырлары шулайды.) 
Д а у ы с т а р 
Жеңілдің, Қанқай, жеңілдің!..
1-қ о л б а с ы
ттең, әттең, не болдым?
2-қ о л б а с ы
Жер қылғандай не қылдым?
Алыстан айқай, сүрен шығады.
3-қ о л б а с ы
Тоқта, тоқта, тындашы! 
Қиқу сүрен шығады!
Ағындап келе жатқан батырдың екпіні білінеді. Қазандар естіген жоқ.
Қ а з а н 
Жеңілдің! Кекке! Жеңілдің!
Осы кезде Қобыландының ұраны шығады. Сахнаның үстіне қарай суыл-
дап ағып сұңқар шүйгендей бір сарын.

190
1-қ о л б а с ы  (бастап,  зге Қыпшақ қостайды). 
Сәт-сәт, ақсарбас! 
Айттым, тәңір, ақсарбас... 
Қ а з а н (мәз боп тұрған жерінен селт етіп қарап). 
Кекке! Кекке!
Қ о б ы л а н д ы  (ағындап ақырып, сахнаның үстінен 
биікте к к тұлпарын ағызып ұшып  те береді).
Қара Қыпшақ, Қара Қыпшақ, Қара Қыпшақ! 
(Деп асып  тіп кетеді.) 
Қ ы п ш а қ т а р 
Тәңірі, тәңірі, зор тәңірі! 
Ақсарбас, ақсарбас! 
Қ а р а м а н (жүгіре шығып).
Жеттім, міне, мен-дағы! 
Д а у ы с т а р
Кел, кел! Келші, батыр серігі... 
Қ о б ы л а н д ы  (Қазан тұрған Қасқаралы биігіне жарқ 
етіп ытқып шыға кеп).
Жекпе-жек, жекпе-жек! (Деп  зі тілек етеді.) 
Қ а з а н
Кеке! Кекке-ке! Мен тілегем жекпе-жек, 
Алысатын Қызылбастың елімен, 
Сайысатын менімен 
Кімсің сен? 
Қ о б ы л а н д ы 
Не қыласың ж німді? 
Елім кегін алатын 
Еңіреген ері мен! 
Қ а з а н 
Атаң сенің кім деймін? 
Анаң сенің кім деймін? 
Қ а р а м а н (екіленіп тепсініп с йлей ж неліп). 
К зің ақсын, ит Қазан, 
Сыбағаңды беретін 
Сол емес пе Қобылан!
(Дабырлай береді, жекпе-жек тәртібін бұзып тұр).
Қ а з а н (Қобыландыға қарап ақырып).
Тый ананы! Қайдан шыққан к ргенсіз. 

191
Қ а р а м а н ( з кісілерінің тоқта дегеніне қарамай, 
ршеленіп).
Қара мұны, Қобыландыны танымай, 
Танытайын мен саған!
1-қ о л б а с ы
Тоқта былай, Қараман! 
Қ а з а н
Кеке, кекке-ке! (Ақырып.) Тыясың ба ананы? 
Қ а р а м а н 
Тыям сені мен  зім! (Құтыра беріп.) 
Жерге қағам, жоямын. 
Қ о б ы л а н д ы  (Аққозыға ақырып).
шір деймін,  шір үнін үргізбей. 
Қ а р а м а н (Аққозының қолында бақырып тұрып). 
Қара мұның асқанын, 
Қырам, жоям қазір-ақ. 
А қ қ о з ы  (сілкіп-сілкіп жіберіп, алқымынан алып, бетіне 
бетін тақап тұрып). Ей, кер кеткен, бері қара! Жолын 
бұздың жекпе-жектің. Не боп кеттің құтырып! (Қараман 
бұған бақырая қарай қалғанда.) Алдың Қобылан, артың 
қалың қол, құтыртып тұрған сол ғой сені, мас қылып. Б рі 
к рсе безіп кеп, б ксесін үйге тығып ап, босағада шәуілдеген 
күшікпісің, несің сен?
Қ а р а м а н (есі жаңа кіргендей, екі к зі бақырайып). 
Күшік! ІІІәуілдейтін? Не дедің, батыр-ау? 
А қ қ о з ы. Бүйдедім.
Қ а р а м а н. Қап, жайымды әбден таптың ғой! Сілейттің 
ғой серейтіп... Шоқ, шоқ, шоқ! Тілегенім сол екен,  зіме де 
обал жоқ. (Тыйылады.)
Қ а з а н (Қобыландыға). 
Кеке, Қазан атым шыққалы 
Қарсыласқан жауымда 
Аямасым екенсің. 
Қан кегімді қайнатқан 
Қас дұшпаным екенсің, 
Келдің  лер кезіңе. Кекке, кеке! 
Астыңдағы к к тұлпар, 
Үстіңдегі к к сауыт, 
Алыспай бер жан барда, 
Тарт айыпқа  зіме. 

192
Қ о б ы л а н д ы 
Астымдағы к к тұлпар –
Сен мінсін деп семірткен, 
кең баққан мал емес!
Үстімдегі к к сауыт –
Қорқау Қазан кисе деп, 
Ынтық емес, зар емес, 
Сенің к зің жойсын деп, 
Оң тілекпен тоқтаған, 
з қолымен кидірген, 
Жан жарымның бергені. 
Тілегі болмай қалатын, 
С зі жерде қалатын, 
Құртқам тегін жар емес. 
Қ а з а н 
Құртқа! Кекке! Шық былай! 
Жаңа ғана жойғанмын 
Желігіп келген біріңді, 
Сол батырдың соңынан 
шірейін үніңді. Шық бермен! Кекке! 
Қ о б ы л а н д ы ( з тобына).
Қай батыр, мынау не деп тұр? 
1-қ о л б а с ы 
Ал кегінді, аяма, 
Сол жауыңның қолынан 
Қаза тапты Шуағың! 
Қ о б ы л а н д ы 
Шуағым?! О, бауырым, Шуағым! (Ұмтылып.) 
лем, жаным жолыңда, 
Қанды қанмен жуамын, 
Жоям, дұспан, жоямын. Шық! Шық!
Тап беріп қанжарласып кетеді. Қолдар анталасып тұр. Қожырасып 
тілектерін айтып, Қыпшақ жағы “К кқасқа”, “Ақ мүйізді ақ қошқар” 
десіп қояды. Қобыланды Қазанды мегдетіп кеп қалқайта соғады. Тап 
беріп кеудесіне басып, қанжарды сала беріп.
Кешпес кегім, кетпес болар, аяма! ( лтіреді.) 
1-қ о л б а с ы 
Аламан! Аламан! Жеңілді жау, Аламан!

193
Жұрттың бәрі “Жеңілді жау, Аламан!” деп қалаға қарай қаптай тартады. 
Сахна сыртынан қашып жатқан Қызылбас тобы білінеді. Арттарынан 
жаулана тартқан Қыпшақтар селі.
Қ о б ы л а н д ы  (қолбасыларына). 
Бар, б гелмей тарт енді, 
Кір қамалға қолыңмен. 
Босат тұтқын сорынан, 
Кім бар, кім жоқ елімнен. 
Тарт, тарт тегіс бәрің де, 
Мен қаламын Қасқаралы басында! 
Тосып алам, осыдан, тарт шапшаң! 
1-қ о л б а с ы 
Тарт, ордасын ойран ет, 
Тап еліңді, Аламан! 
Сен батырдан ұзама!
згелері ж неледі.
(Қараманға.)
Сен батырдан ұзама,
Қасында қал, Қараман.
Қараман, Қобыланды қалады.
Қ а р а м а н (мақтанып). 
Қандай қылдың Қазанды, 
Пай-пай, тойым талқандап, 
Қалай алды мазамды... 
Білгем, білгем осылай тынарын! 
Қ о б ы л а н д ы  (ұмтылып кеп, Шуақтың басына т ніп, 
құшақтап еңіреп, егіліп кетеді. Сең соққандай шер соғады). 
Қаралдым-ай,  ркенім-ай! 
Қаза табар сен бе едің? 
Артыңда қап адыра, 
Тірі жүрер мен бе едім? 
Қан кешуде серігім, 
Тас қамауда берігім. 
Сені  лтіртіп жауыма, 
Не бетіммен тірімін?
Менен... Менен... Менен болды-ау, бар қазаң? 

194
Менен... ынтық ез болған, 
Сенен, сенен, Қобылан, тарт сазаң! 
О, елім, жұртым, саған барар нем қалды?
Ел қорғаны болмай кет! 
Ер серігі болмай кет! 
Лағынет, лағынет саған, Қобылан, 
л, Қобылан, қарабет, 
Қор Қобылан, лағынет!
(Деп бұлқынып, тебіреніп кеп, талып жығылады.) 
Қ а р а м а н (Қазанға карап). 
Айттым ғой, айтқам мен саған, 
Солай берем сазаңды. 
Мен бе, мен, мен әрдайым 
Қырмай қайтқан емеспін. 
Самғап шығам сәт сайын, 
Қойған емес жол болмай, 
Ақ жол! Ақ жол мен болам...
Осы кезде сахна сырты жат зуылға тола бастайды. “Зу! Зу! Арзу!” деп 
жады К клан екпіні келеді. Б сіп тұрған Қараман алақтай бастайды.
Ой, мынау не, Қайрақан! 
К к долы ма тағы да? 
Бәлем, тақап келіп к р, 
Жоям  зім к зіңді! 
(Дей береді. Бірақ  зі жады болғандай есеңгірей бастай-
ды.)
Жоям!  (Талмаурап ұйқыға кетіп бара жатқан сияқты.) 
Не боп барам? (Қобыландыға қарайды. Ол қорылдап жатыр.) 
К кжал! (К зі жұмыла бере қалғып кетеді.) К клан! (Қалғып 
кетіп.)  К ... к к... к к! (Деп қорылдайды да, құлап түседі. 
Екеуі де қатып қалады.)
Қарлыға шығады. Үсті-басы к к болат. Қолында ұзын ақ семсер.
Қ а р л ы ғ а (Қобыландыны шауып жібергелі жақындап). 
Ата-бабам кезінен 
Арылмастай дау қалған. 
Құрыған Қыпшақ, қасым сен, 
Аямастай жау болған! 
(Т ніп кеп.)

195
Шап, семсерім, тайлықпа!
(Сілтеп қалып, Қобыландыға т не бере тоқырап 
қалады.)
Не қылған жүз, мына жүз? 
Жазықсыз бесік ішінде 
Жат жаманат білмеген, 
Маужыраған баладай... 
(Тоқтайды.)
“Зу-зу! Арзу”деп К клан шығады. Артын ала к піре шыққан К бікті.
К   б і к т і (Қарлығаға). 
Белде, белде, белдеді! 
Алдыма түсіп кетіп ең, 
Семсеріңе сеніп ем, 
Жайраттың ба жауыңды? 
Қ а р л ы ғ а
зінді тостым, хан к ке! 
К   б і к т і 
Қан кешуде жора жоқ, 
Сыбаға жоқ үлкенге, 
Табынары бұл жолдың 
Семсер ғана емес пе ед? 
Қ а р л ы ғ а (К кланға қарап). 
Семсерден бұрын серейткен 
Долы анамның күші екен. 
К   к л а н 
Зу! Зу! Арзу! Кес, кес, басын, Қарлыға! 
Қас дұшпаным  зі екен! 
К   б і к т і 
Қазанымды жайраткан, белде, белде! 
Қалам аузын қандатқан, 
К кке ұлытып К кланды, 
Азалы қып аңыратқан, 
Ызалы жауым осы ма? 
К   к л а н
Бәрі де осы, ал басын! 
К   б і к т і 
К зін оя мен келгем!
(Шаба береді. Қарлыға  з семсерін жолына тоса 
қалады.) 

196
Қ а р л ы ғ а 
Алдияр, тақсыр, хан к ке!
К   б і к т і
Тай жолымнан, Қарлыға! 
Қ а р л ы ғ а 
Хан к ке!  мірің биік к ктейсің, 
Алдыңнан шығар жерім жоқ. 
Тек намысың жыртқаннан 
Іркіліп қалар ж нім жоқ. 
Бала күннен батыр боп, 
Күркіреген күндей боп, 
К бікті боп  скелі,
Қапылыста, ұйқыда қай жауыңды алып ең? 
Ойламасаң осыны,  кініп қылық еткейсің... 
К   б і к т і (тоқырап қап). 
Белде, белде, солай ма еді, не дейді! 
Ей, қуарғыр, құрғыр қыз, 
Айтпасаң да нетушед? 
Айтқаннан соң қайрылады қылышым! 
Кескілескен кесірге 
Қандай сыйлық ет дейсің? 
Қ а р л ы ғ а 
Алдияр, алып барып зынданға 
Қорлықпенен салайық, 
Барлық қаза, жазаның 
Бәрін салып басына, 
Ұзақ  шін алайық.
(Қобыландының қол-аяғын  зі байлайды.) 
К   б і к т і 
пкел бері, ендеше, 
Қазан кегін жылан, шаян қоса алсын, 
зіңнің соры  лмесе! 
(Деп Қобыланды, Қараманды екі колтығына қысып алып, 
тарта береді. К клан “Зу! Зу!” деп қуана ойнақшып шығып 
кетеді.)
Қ а р л ы ғ а (жалғыз қалып). 
Не болды осы, неттім мен? 
лтірмеген мәнім не? 
лтіртпеген мәнім не? 
Батпадым ба, қимадым ба? 
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет