Қысқаша мәлімет: - Әлеуметтік бақылаудың қай түрі болмасын, күші жетпейтін, заңға, нормаға қайшы іс-әрекеттер бар: жезөкшелік, «түрлі шөптер шегу», кәмелетке толмағандардың ішімдік ішуі, жыныстық азғындық және т.б.
- Девианттылық – белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қайшы келетін іс-әрекет.
- Алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік.
Жағымсыз мінез-құлық: шиеленіс теориясы. Роберт Мертон - Р. Мертон аномияның үш түрін көрсеткен:
- Ритуализм, алға қарай дамуды көздемеу және барлық ережелерді орындау;
- Ретритизм, мақұлданған ережелерден бас тартқан (нашақорлық, қаңғыбастық);
- Бүлікшілдік, мақұлданған ережелерге балама ұсыну.
Символдық интеракционизм теориялары - Дифференциалды ассоциация теориясы, Эдвин Сазерленд:
«Адамдар девианттылықты басқалармен ықпалдасу арқылы үйренеді». Адамның қоғамдағы іс-әрекеті, оның конформист адамдармен араласуы немесе ереже бұзушылармен бірге болуынан анықталады. “Ақша ұрлама, парақор болма” – “Елдің бәрі ұрлайды, пара береді, пара алады” Девианттылықтың себептері: • жанұяда берекенің болмауы; • ата-ананың «ерекше» қамқорлығы; • өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау; • психоактивті заттарды жиі пайдалануы; Девианттылыққа әсер ететің факторлар: - Биологиялық факторлар;
- Психологиялық факторлар;
- Әлеуметтік-педагогикалық факторлар;
- Әлеуметтік-экономикалық факторлар;
- Моралді-этикалық факторлар
Достарыңызбен бөлісу: |