Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңінде жүргізілетін жұмыстар



Дата20.10.2022
өлшемі1,53 Mb.
#44357

Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңінде жүргізілетін жұмыстар

Қабылдаған:Аширбаева А.Б.

Орындаған:1901-11 тобы Байсейт Ақбаян


Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізгі мақсаты
2. Түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету
3. Дыбыстарды машықтандыру барысы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф. Ф. Рау екі кезеңге бөлсе, О. В. Правдина, О. Ф. Токарева үш, ал М. Е. Хветцев төрт кезеңге бөледі. Кезең саны әртүрлі болғанмен олардың негізгі максаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:
  • Дайындық кезеңі
  • Дыбысты қою кезеңі
  • Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі
  • Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
  • Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ - біріншісінің аяқталуы екіншісінің басталуына ұласып кетеді.

Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізгі мақсаты қойылған
дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты
бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен
және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен
буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз
тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға
машықтандыру керек.
Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу өте маңызды. Мысалы: логопедке ілесе қарапайым буындар мен сөздерді кайталаудан бастап, дауыстап оқуға, заттарды атауға, суреттердегі бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептеуге, өлеңді, жұмбақты, мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек.
Екі немесе одан да көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспарлаған кезде екі түрлі талапты сақтау керек. Біріншіден-мұндай жұмыс үшін сөйлеу органдарының құрылысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиімсіз. Бұл интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара біржақты ықпалының тиуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы - С дыбысының қайталап айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа - у түрінде айтылатын - Л дыбысын түзету тиімсіз. Бұндай жағдайда бір кемшілікті түзету үшін тілдің бір қалпын ортасында науашасын қатыстырып, екіншісін түзеткенде тіл үшкірленіп /азу тіспен арадағы бүйір саңылауы/ мүлде қарама-қарсы қалып пайда болады .
Екіншіден әсіресе, айтылуы алғашқы кезде энергия шығындауды қажет ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы, тыныс органдарына елеулі түрде түзететін - Ш мен Р дыбыстармен қатар жұмыс істеу тез шаршатуы, мидың тыныс алуды басқаратын орталығын уақытша талдыруы мүмкін. Бұндай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу сезімі. Жоғарыда дыбыстарды қалыптастыруын сипаттағанда кейде арнаулы артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға дыбыстардың дұрыс айтылыуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл кемшілігі жағдайында, ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне байланысты болса /мысалы дизартрияның алуан түрінде/, артикуляциялық гимнастика келтірілген программа бойынша жүргізіліп, сөйлеу аппаратының түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс.
Дыбыстарды машықтандыру барысында сөйлеу тілінің просодикалық жағымен жұмыс жүргізіледі: буында және сөзде дыбысты машықтандыу кезінде екпінмен, дыбысты сөйлемде машықтандыру барысында логикалық екпінмен, дыбыстың айтылуын сөйлемде, байланыстырып сөйлеу тілінде бекіту барсында интонациямен жұмыс.Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жағының дамуына байланысты дыбыстарды машықтандыру кезеңінде сөз қорын молайту, оны жүйелендіру, сөйлеу тілінің грамматикалық қатарын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Қорытынды
Дыбыс айтуды машықтандыру кезенінің негізгі мақсаты қойылған дыбысты ауызекі сөйлегенде дұрыс айту болып саналады. Қойылған дыбысты бекіту, немесе дұрыс айтуға машықтандыру жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізуді талап етеді. Қойылған дыбысты алдымен буында (ашық, жабық, ортада), сосын сөздің басында, ортасында, аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дурыс айтуға машықтандыру керек..Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс, дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі, яғни жеке дыбысты ажырату, сосын дыбысты, буында сөзде, сөйлемде ажырату.
Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С .Оразаева, Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова”Логопедия”еңбегі,82бет
  • https://ru.essays.club/.html
  • https://infourok.ru/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет