Дидактикалық материал «Жануарлар әлемі»



Pdf көрінісі
Дата29.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#728

 

 

 



 

 

 



 

 

Дидактикалық материал 



«Жануарлар әлемі» 

 

        



  

 

 



 

«Жұлдыз» тобы 

Тәрбиеші: Хасенова К. З 

Хасенова Ә. Б 

 

 

Төлқұжат 



Түсінік хат 

Жаңа кезендегі білім берудің ӛзекті мәселені жас ұрпаққа парсаттылық, 

сыпайлыққа адамгершілікке  рухани тәрбие  беру. Тәрбие-кӛп ӛлшемді 

процесс. Оның кӛп бӛлігі әлеуметтік қалыптасуда әр баланың ӛз-ӛзін 

ұстай білу, реттеуіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай 

балалардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту, ізденіс дағдыларын 

қалыптастыру әрбір тәрбиешінің міндеті. Ӛткізілген тақырып қызықты 

болған да, ғанаартпақ. 

Дидактикалық материалдарды қолдан  қағаздан жасап, балаларға 

кӛрсету. 

Осы үйдің әйнектері арқылы балалар жануарлардың  дауысынан таниды, 

жұмбақтар шешеді, тақпақтар айтады, мақал- мәтелдер жаттайды, тӛлін 

атайды, үй жануарлары мен дала жануарларын ажыратады. 

Тақырыбы: «Жануарлар әлемі» 

Мақсаты:Жануарлар туралы түсінік беру, жұмбақтар шешу, сұрақ-

жауап арқылы тіл байлығын дамыту.Үй жанаулары мен дала 

жануарларына қамқорлық жасау. 

Дидактикалық ойындар. 

1.«Қайсысы артық» 

2.«Үй  жануарлары мен дала жауарларын ата» 

3.«Тӛлін ата» 

4.Тақпақтар 

5.Жұмбақтар. 

6.Мақал-мәтелдер. 

7. «Дауысынан таны» 

8. «Не қайда тұрады» 

 

Күтілетін нәтиже: 

Үй жануарлары мен дала жануарларын ажырата біледі.Тақпақтар мен 

жұмбақтарды жатқа айта алады. Жануарларға қамқорлық жасай алады. 

Дидактикалық материалымызды  оқу іс- әрекет кезінде және ойын 

уақыты кезінде пайдалануға ұсынамыз     

 

 



 

Жануарлармен таныстыру 

 

 

 



Үйдің әйнегінен жануарларды  тап 

 

 



 

 


 

Тӛлін тап 

 

Не артық 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Жұмбақтар 

Тӛбесiнде қу бұтақ, 

Алар екен кiм бұтап. 

(Бұғы) 

 

Сахараның кемесi, 



Ащы шӛптер тамағы, 

Шӛлге шыдап бағады. 

(Түйе) 

 

Кӛрiп тұрар бар ауыл, 



Бiр тауда қос қарауыл. 

(Түйе ӛркешi) 

 

Тастан-тасқа секiредi, 



Қ

алқиып қос құлағы, 

Ойын болып кӛкiрегi, 

 Аула оның тұрағы. 

(Лақ) 

 

Басында таяғы бар, 



Тӛрт аяғы бар, 

Сегіз тұяғы бар, 

Иегінде сақалы бар. 

(Ешкі) 


 

Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. 

(Қой) 


 

 

Қалқиып ұзын құлағы, 



Елеңдеп қорқып тұрады. 

(Қоян) 


 

Жаңғақ тауып орманда, 

Күндіз қорек айырып, 

Жатады кеш болғанда 

Ӛз құйрығын жамылып. 

(Тиін) 


 

Қалың майдан маймаңдап, 

Қар астында қалған қап. 

Кӛп ортайып кӛктемде, 

Тұрды орнынан айқайлап. 

(Аю) 


 

Сайқымазақ қулығы бар, 

Барған жерде ұрлығы бар. 

Бұл қандайаң? 

Ұғ

ып ал. 


(Түлкi) 

 

Сұрғылт тартқан түсi бар. 



Ақсиған кӛп тiсi бар 

Тыным таппай жүгiрiп, 

Сiлекейi шұбырған, 

Қ

ыстау маңын ториды, 



Ауылдың ӛш бар итi. 

(Қасқыр) 

 

Ешбiр бұйым тiкпеген, 



Ү

стi толған кӛктебен. 

(Кiрпi) 

 

 



 

 

 



 

Мақал- мәтелдер 

 



 



Нар жолында жүк қалмас. 

 



 

Бақырауық демесең, 

                           Бағалы кӛлік түйе ғой. 

 



 

Сиырдың сүті- тілінде 

 



 



Сиырлының үйі – айран, 

Сиырсыздың үйі- сырдан. 

 



 



Тұлпар- ер қанаты 

 



 

Тұяқ тайға жеткізер

Тай құнанға жеткізер. 

Құнан атқа жеткізер, 

Ат мұратқа жеткізер. 

 



 

Мал ӛсірсең қой ӛсір, 

Ӛнімі оның кӛл- кӛсір. 

 



 

Қойдың сүті қорғасын, 

Қойды ұрған оңбасын. 

 

 



 

 

Тақпақтар 

 

Бұзау 


Келе жатып томпаңдап, 

Бұзау ауыр күрсінді: 

«Тақтай мынау қиқаңдап, 

Ойбай қазір құлаймын» 

 

Лақ 


Менің ерке лағым

Ӛзім баққан шұнағым. 

Жайқалған жасыл бау- баққа, 

Күнде әкеліп тұрамын. 

 

Қозы 


Кіп- кішкене момақан, 

Қошақанды ұнатам. 

Сүйеді апам «қозым» деп,  

«Қошақаным- ӛзің» деп! 

 

Құлыншақ 



Құлын, құлын, құлыншақ, 

Желкілдейді тұлымшақ. 

Құйрығында құндызы, 

Маңдайында жұлдызы. 

 

 


 

Қой 


Қорасында маңыраған, 

Қозысымен жамыраған, 

Қозысынан айырылса, 

Қоймай ұзақ аңыраған. 

Аппақ, қою сүті бар, 

Ақ шағала құрты бар 

Ақтылы қой жануар! 

 

Сиыр 



Мүйізі айдай иілген, 

Мұрнын кӛкке шүйірген. 

Керілген желін, сала емшек, 

Сауғанда жаның сүйінген. 

Ірімшік пенен құрт, майы 

Жегенде тілді үйірген. 

 

Түйе 


Маң- маң басқан, маң басқан, 

Шудаларын шаң басқан. 

Екі ӛркешін қом басқан, 

Тӛрт аяғын тең басқан. 

 

 

 



 

 


 

Түлкі 


Түлкі деген қу ӛткен, 

Жүрген жерін шу еткен. 

Түздің жылпос бұл аңы, 

Артында кӛп ылаңы.Сүп- сүйір боп ауызы, 

Аңдардың қу жауызы. 

Бір амалын тапсақ қой, 

Ұстап, тісін қақсақ қой. 

Терісінен кӛрікті 

Киер ек біз бӛрікті. 

 

Қоян 



Ұзын құлақ сұқ қоян, 

Естіп қалып сыбдырды. 

Ойлы- қырлы жерлерден, 

Ытқып- ытқып секірді. 

 

Кірпі 


Кірпі, кірпі, кірпі, 

Үстің толған ине. 

Бірін берсең шіркін

Қадар едім түйме 

 

Тиін 


Мен тиінмін, тиінмін, 

Қысқа жылы киіндім. 

Қоймам толы жаңғаққа, 

Іші жылы үйімнің 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет