Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру



бет1/6
Дата04.02.2023
өлшемі72 Kb.
#65131
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6

Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: “Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады ”.
Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған прграммалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең,мысалы,бақылайтын және тест жүргізетін программалар,компьютерлік ойындар,ақпараттық жүйелер,оқыту орталығы электрондық оқулықтар және мультимедиялыұ программалар.
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі.Ал,оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзіне түсінікті.Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені,ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді.Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру,пәнге қызықтыру үшін оқытуда,жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып,содан соң содан бастау керек», - дейді.Менің ойым да сол. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрвқұрылымын қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт-сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық.Мен өз шәкірттерімен бірге “Visual Basic” –те «Тригонометриялық оқыту» атты оқулық және тест алу программасын жаздым.Бұл программаларды жазуда әдістемелік әдебиеттермен журналдарды пайдаландым.Тест алу программасын информатикадан оқушылар білімін бағалауда қолданып жүрмін.
1980-ші жылдардан бастап мектептерде «Информатика мен есептеуіш техника» пәні жүргізіліп келеді.1990 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты.Жоғарғы оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар осы бағдарламаны түпкілікті басшылыұұа алып жұмыс істегенді оңай көреді.Онда программалау тілдеріне аз көңіл бөлінген.Программалау тілдерін орта буында тереңдетіп оқытпасақ,оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында оқуы қиын болады және олимпиядаларда да жоғары нәтиже ала алмайды.
Төл оқулықтарымыздың көпшілігі байқау оқулықтары және олармен мектептеріміз толық қамтамасыз етілген.Атап айтатын болсақ біздің мектеп оқушыларының иинформатика оқулықтарымен қамтамасыз етілуі 40 пайыздан аспайды.сондықтан мұғалімдер көп ізденіп,көп еңбек етуі қажет.
Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері,айырмашылықтары бар.Сол талаптарды іске асыру-мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп,сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады.Іс тәжірибемде жинақталған Бейсик тілінен анықтамалық,тест сұрақтары жинағын,деңгейлік жеке тапсырмалар жинағын өз сабағымда қолданып,жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін.Бұл жинақтарды жасауда көптеген әдебиеттерді және «Информатика-Физика-Математика»,«Информатика негіздері», «Алгорифм» журналдарынан пайдаландым.
Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік,бақылау және тестік тапсырмалардың,пысықтау сабақтарының,қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына,жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі.Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін,дағдыларын қалыптастыруға кқмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған.Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.
Дидақтикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық,түсінікті,ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Тест тапсырмаларды пайдаланып,нәтижесәне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады.Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп,қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет