Дидактикалық ойындар Мақсаты



бет4/7
Дата26.04.2022
өлшемі29,28 Kb.
#32369
1   2   3   4   5   6   7
«Сол жақ па, оң жақ па?»

Ойын шарты: Ойыншылар 2 командаға бөлініп тұрады. Белгі берілгенде екі жақ қарама-қарсы бағытқа қарай жүреді. «Солға», «оңға» деген бағыт айтылғанда ойыншылар осы бағытқа бұрылып тоқтайды. Кім шатасса, сол ойыннан шығады, ойын одан әрі жалғасады. Қарсы топтағы ойыншыларды азайтқан топ жеңіске жетеді.

«Қай бағытқа жүрсең, сонда іздегеніңді табасың»

Ойын шарты: педагог балалар білетін ойыгшықтарды әр жерге тығып тастайды. Тәрбиеші айтады: Егер…

Оңға бұрылсаң – қуыршақты табасың; солға бұрылып, барсаң – қоян ойыншығын табасың; алға жүрсең – тышқан ойыншығын табасың. Қай бағытқа бұрылғың келеді? Қайда барасың?


Бала өз қалауынша бағытын таңдайды және нені іздейтінін айтады. Ойыншықты тапқан соң, қай бағытқа барғанын және қай жерден тапқанын әңгімелейді.


«Не? Қайда?»

Ойын шарты: Балалар  шеңбер құрады. Педагог шеңбер ортасында тұрады. Кез келген балаға допты лақтырып, сұрайды: —

«Сенің сол жағыңда кім тұр?»

Дұрыс жауап берген бала шеңбер ортасында жүргізуші болады және ойын жалғасады (құлақтарына сыбырлап айтуына болады).

Сұрақтар:

Сенің оң жағыңда кім бар?

Сенің алдыңда не тұр?

Сенен кейін кім тұр?

Анау бала оң жағыңда ма әлде сол жағыңда ма?  

«Доп немесе сүлгі арқылы жүргізуші таңдау»

А) Жүргізуші таңдап, оны шеңбер ортасына шығарады. Педагог қолына зат жасырады. Кім табады, міне сол  жүргізуші болады.

Ә) Тәрбиеші топта қанша бала болса, сонша таяқша үлестіреді. Бірақ тек біреуі басқаларына қарағанда қысқа болады. Педагог қолынан сол қысқасын кім алса, сол – жүргізуші.

«Не өзгерді?»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет