Дидактикалық ойындар Мақсаты


Ойын шарты: Геометриялық пішіндер әр түрлі көлемде: үлкен-кіші және түстері әр түрлі болады  (қызыл, көк, жасыл, сары). Тапсырма



бет7/7
Дата26.04.2022
өлшемі29.28 Kb.
#32369
1   2   3   4   5   6   7
Ойын шарты: Геометриялық пішіндер әр түрлі көлемде: үлкен-кіші және түстері әр түрлі болады  (қызыл, көк, жасыл, сары).

Тапсырма: — 2 қызыл шеңберді тап!
— 2 қызыл шеңберді тап!

- Бірдей түсті барлық пішіндерді жина! (сары, жасыл, т.б.)

-Өлшемі бойынша бірдей үшбұрыштарды тап!

-Үлкен пішіндердің бәрін тап!

-Барлық көк түсті кішкентай пішіндерді тап!



«Ретімен орналастыр!»

Мақсаты: сандарды ажыратып біледі және санап үйренеді. Ойыншықтардың санына қарай цифрларды байланыстырып үйренеді. Заттарды санайды, жұптық және топтық заттарды салыстырады. Реттік санауды меңгереді, геометриялық пішіндерді ажыратады және уақытты бағдарлайды (ертең, бүгін, кеше).

Ойын шарты: Үстелде ойыншықтар: піл, үйрек, өрмекші, қанқыз, жылан.

Ретімен орналастыр: 1-ші аяқтарының саны азынан, соңына — қайсысының аяқтарының саны көп соны қою керек.

Не үшін бұлай орналастырғанын балалардан сұрайды.

«Жасырылған ойыншықты тап!»

Ойынның жүрісі:

1. Тәрбиеші есікті ашып шығып кетеді. Балалар ойыншықты жасырады. Оны табу үшін бағытын айтып отырады. Үстелден кілемге дейін жүр, кілемнен (палас) оңға бұрыл, 3 қадам бас және жерден ізде.

2.Тәрбиеші еденге бағдарды әр түрлі түсте бірнешеуін дайындап қояды. Бір бала айтады: алдымен, қызыл түсті бағдар қайда бағытталса, сонда жүр. Сосын көк түсті бағдар бағыты бойынша бұрыл, одан кейін 3 қадам бас, енді іздей бер.

«Артыңда не тұр, тауып көр?!»

Ойын шарты: сандар таяқшасын есептеу арқылы жүргізуші таңдалады. Артында 1 зат тұрады, не тұрғанын білмейді. Ол үшін артқа қарай, өзі қараймай тұрып доп лақтырады. Кім қағып алса, артында ьұрған затты сипаттайды. Жүргізуші сұрайды: қандай көлемде? Дұрыс тапса, допты қағып алған бала жүргізуші болып ойынды жалғастырады. Таппаса, допты келесі ойыншыларға тапқанша лақтырып тұрады (2-3 рет ойнату).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет