Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017



бет1/8
Дата17.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#50773
  1   2   3   4   5   6   7   8

Диктанттар жинағы
(9-11 сыныптар үшін)
Құрастырған: Кизембева. А.Б
Тараз – 2017

АЛҒЫ СӨЗ


Тіл үйретуде (оқу, тыңдау, жазу, тілдесу) жазу әрекетін дұрыс қолдану оқушының тілді нәтижелі меңгеруіне зор септігін тигізеді. Жазу жұмысын орындау барысында оқушылар әрі тыңдау, әрі оқу, әрі сөйлеу әрекеттерін атқарады. Сондықтан жазу жұмыстары тіл үйрету әрекеттерінің барлық түрін қамтитын кешенді тәсіл болып табылады.
Жазу жұмыстарының түрлері сан алуан. Олар: жазбаша орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар, диктанттар, мазмұндама, шыгарма жұмыстары, реферат, т.б.
Бұл жинақта диктанттардың түр-түрлеріне арналған мәтіндер ұсынылып отыр. Оқу бағдарламасына сай диктанттардың түрі мен көлемін, уақыт мөлшерін қажеттілігіне қарай мұғалім өзі анықтайды. Үйрену диктанттарына арнайы сағат бөлінбейді. Олар күнделікті сабактың белгілі бір бөлігінде, 3—20 мин уақыт аралығында жүргізіледі.
Диктанттың қай түрі болсын, жазу барысында оқушы сөйлеу әре-кеттеріне жаттығады және сол арқылы мұғалім оның оқу бағдар-ламасын меңгеру сапасын анықтай алады.
Диктанттардың мынадай түрлері ұсынылады:



  1. Түсіндірме диктант. Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі. Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады. Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл сыныпты қатыстыра отырып тексереді.


  2. Терме диктант. Окушыларға белгілі бір мәтін ұсынылып, соның ішінен я фонетикалық, я лексикалық немесе грамматикалық тапсырмаларға сай сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі.


  3. Өздік диктант. Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өткен тақырыптарға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, нақыл сөздерді, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет