Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет44/119
Дата26.10.2022
өлшемі5.44 Mb.
#45403
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   119
бойынша 
көпшілік 
алдында ауызша сөйлеудің ерекшеліктері:
- Тақырыпты жетік меңгеріңіз. Тақырыпты толығымен ашуға қажетті 
ақпарат жинағаныңыз жөн.
- Ақпаратты қысқа әрі түсінікті жеткізу үшін конспект немесе 
карточкалар жасап алыңыз.
- Алдын ала дайындалыңыз.
- Ойыңызды жинақтап, өзіңізге сенімді болуға тырысыңыз.
- Күйзеліске, эмоцияға бой алдырмаңыз, қобалжымаңыз.
- Сырт бейнеңізге көңіл бөліңіз.
- Аудиториямен жұмыс істеуге тырысыңыз.
- Сөзіңіз анық әрі түсінікті болсын. Дауыс ырғағына назар 
аударыңыз.
- Аудиторияның назарын өзіңізге аударуға тырысыңыз.
- Сізге қойылған барлық сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз.
- Өзіңіздің жұмысыңызды басқалармен талқылаңыз, кемшіліктеріңіз 
бен артықшылықтарыңызды мойындаңыз.
60




..... —
..................... 
................—
...................

3-тақы ры п бойы нш а бақы лау еұрақтары
1. Ғылыми мақаланың кіріспе бөлімінде қандай 
ақпараттар болуы керек?
2. Ғылыми мақаланың қорытынды бөлімінде қандай 
ақпарат болуы қажет?
3. Ғылыми мәтінді жазған кезде қандай қателер жиі
жіберіледі?
4. Теориялық материапдар мен эмпирикалық зерттеу материалдарының 
арасындағы айырмашылық қандай?
5. Эмпирикалық деректерді жинаудың әдістері қандай?
6. Библиографиялық тізімді ресімдеудің техникалық ережелерін 
сипаттаңыз.
7. Ғылыми жұмыста дәйексөз қолданудың маңызы қандай?
8. Сілтемелерді ресімдеу кезінде орын алатын кемшіліктер қандай?
9. Плагиатпен күресудің жолдары қандай?
10. Кепшілік алдында ғылыми жұмысты ауызша қорғау талаптарын 
атаңыз.
С туденттің ө зд ік ж ұ м ы с ы н ы ң (СӨЖ) тапсы рм асы
Төмендегі тақырыптар бойынша әдебиет тізімін 
құрастырып, библиография құру нормаларына сәйкес
ресімдеңіз:
1. Адамның шығу тегі жөнінде қазіргі философиялық
тұрымдамалар
2. 
Қазақ тіліндегі өлшем (ұзындық, көлем, салмақ, 
уақыт) мағыналы фразеологизмдердің ұлттық-таным- 
дық ерекшеліктері
61


4-тақы ры п. ҒЫ ЛЫ М И МӘТІННІҢ БАСТЫ ЖАНРЛАРЫ
4.1 Ғ ы л ы м и мақала
Ғ ы л ы м и мақала д егенім із - ғылыми зерттеулер 
нәтижелерін сипаттау. Ғылыми мақала зерттеу тақырыбы 
бойынша 
нақты 
жекелеген 
мәселелерді 
қамтитын, 
нәтижесі берілетін, автордың ғылыми басымдығы көрінетін 
жарияланымның бір түрі болып табылады. Ғылыми мақала 
маманның жетістігін көрсетеді.
Ғылыми мақаланы іштей үшке бөлуге болады:
1. Ғ ы л ы м и -те о р и я л ы қ мақалалар теориялық ізденістер мен 
зерттеліпотырғанмәселеніңзаі-щылығынтүсіндіругеарналады.Теориялық 
мақалалар кез келген зерттеуді жүргізудің негізі болып табылады. 
Ғылымда тек теориялық пайымдаулардың көмегімен тың жаңалықтар 
ашылып, кейін тәжірибе мен эксперименттер арқылы дәлелденген 
оқиғалар аз кездеспеген. Кейбір салаларда тек қана теориялық әдістер 
арқылы зерттелетін нысанның маңызын ашуға болады.
2. Ғ ы л ы м и -п р а кти ка л ы қ мақалалар ғылыми эксперименттер мен 
шынайы тәжірибеге арналады. Оларда эксперимент жүргізу әдістері не 
зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері 
сипатталады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді баяндау мен 
оларды түсіндіру мұндай мақалалардың негізгі бөлігі болып табылады.
3. Ғы л ы м и -ә д істе м е л ік мақалалар ғылыми немесе қолданбалы 
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер, құралдар мен 
үдерістерге шолу жасауға арналады.
4.2 Ғ ы л ы м и м ақаланы ң құр ы л ы м ы
Л
Ғылыми мақаланың нақты құрылымы болады. Ол 
мынадай бөліктерден тұрады:
Атауы (тақырып).
Абстракт немесе Аңдатпа.
Тірек сөздер.
Кіріспе.
Әдебиеттерге шолу.
Негізгі белім (әдіснамасы, нәтижелері).
Тұжырымдар мен зерттеуден күтілетін нәтижелер.
Қорытынды.
62


А тауы (тақырып) - негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін (бөлім, тарау, 
параграф, тармақ, тармақша, кесте және т.б.) таңбалау.
Мақаланың атауына қойылатын негізгі талап - қысқалық және 
анықтық. Тақырыптың ең үлкен көлемі - 10-12 сөз. Тақырып мағыналы, 
мәнерлі, мақала мазмұнын ашатын болуы керек. Тақырып оқырманның 
назарын аударатындай болуы тиіс. Мақала жазғандағыдай, тақырып 
қоюда да ғылыми стильді қатаң ұстану қажет. Тақырып зерттеудің басты 
тақырыбын анық бейнелеп, оқырманды мақалада қарастырылған 
мәселеге қатысты шатастырмауы тиіс. Тақырыпта мақаланың мәнін 
ашатын кейбір тірек сөздер болуы керек. Тақырыпта жалпыға түсінікті 
қысқартуларды қолдануға да болады. Мақала тақырыбын басқа тілге 
(орыс, ағылшын тілдеріне) аударғанда кейбір ұлттық ерекшелікке 
қатысты аударылмайтын жалқы есімдерден, реалийлерден басқа қазақ 
тілінен ешқандай транслитерация қолданылмауы керек.
Ғылыми мақала белгілі бір ғылыми журналдардың жекелеген 
нөмірлерінде немесе жинақтарда жарияланатын, қойылған талаптарға 
сәйкес ресімделген, аяқталған авторлықжұмысболып табылады. Ғылыми 
мақаланың көлемі, әдетте, 0,5-0,7 баспа табақты (8-10 бет) құрайды.
Мақаланың қолжазбасында жұмыстың толық атауы, автордың аты- 
жөні, абстракт/аңдатпасы, пайдаланылған әдебиет тізімі болуы керек.
Ғылыми мақаланың мынадай қарапайым құ р ы л ы м ы болады:
- кіріспе (ғылыми мәселенің қойылуы, өзектілігі, маңыздылығы, 
ғылымның белгілі бір саласының дамуы үшін қосатын үлесі - 1 абзац 
немесе 5-10 қатар);
- автордың соңғы уақыттағы мәселе бойынша сүйенетін негізгі 
зерттеулері, мақала арналып отырған шешілмеген мәселелерді беліп 
көрсету (0,5 -2 бет);
- мақаланың мақсаты мен міндеттерінің қойылуы. Мақала мақсаты 
тақырып бойынша негізгі жарияланымдарға шолу жасап, ғылыми 
мәселенің қойылысынан келіп шығады (1 абзац немесе 5-10 қатар);
- жеке зерттеу мазмұнын баяндау мақаланың негізгі бөлігі болып 
табылады. Онда ғылыми зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелері, 
жеке идеялары, пікірлері, ғылыми деректер, эксперимент бағдарламасы, 
алынған нәтижелерді талдау, негізгі тұжырымдарды жүзеге асыруға 
автордың қосқан үлесі және т.б. баяндалады. (5-6 бет);
- автордың негізгі пайымдауы сипатталатын қорытынды, тұжырымдар 
мен ұсынымдардың берілуі, олардың теория мен практика үшін маңызы, 
қоғамдық маңызы мен болашағы (1/3 бет).
Ғылыми мақала жазу кезінде белгілі бір ережелерді ұстанамыз:
- оң жақ жоғары бұрышқа автордың аты-жөні жазылады, қажет 
болғанда автор туралы басқа да мәліметтер беріледі (мысалы, ғылыми 
дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны);
63


- мақала атауы оның негізгі ойы мен идеясын айқындап тұруы керек 
(бес сөзге дейін болғаны мақұлданады);
- инициалдар (қазақ тілінде) автордың тегінің алдына қойылады;
- ғылыми есеп беру стилінен аулақ болған жөн;
- риторикалық сұрақтарды қоймаған дұрыс, негізінен хабарлы 
сөйлемді қолданған абзал;
- ережелер мен пікірлерді санамалаған кезде цифрлармен мәтінді 
толтырмау қажет;
- белгілі ғалымдардың еңбектеріне сілтемелер мақаланың басында 
беріліп, негізгі көлем автордың жеке ой-пікіріне арналғаны дұрыс;
- мақала нақты тұжырымдармен және ұсынымдармен аяқталуы 
керек, мақала соңында пайдаланылған әдебиет тізімі беріледі.
Мақала 
қолжазбасына 
автор 
қол 
қойып, 
редакцияға басуға 
тапсырылады.
Мақала жазу барысында ойыңызды анық көрсетіп, мақаланың 
логикалық құрылымын анағұрлым көрнекі қылу үшін төмендегідей түрлі 
қыстырма сөздер, фразалар қолдануға болады:
Біріншіден... Екіншіден... Үшіншіден... Ең алдымен 
Сонымен бірге 
Сондай-ақ 
Бұдан әрі
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе
Сәйкес
Осылайша
Осы ретте
Осыған сәйкес
Дегенмен
Алайда
Бір жағынан
Жалпы алғанда
Сондықтан
Қорыта келе
Сезімізді қорытындылай келе
Десе де, қыстырма сөздерді орынсыз қолданудан, әрбір сөйлемді 
қыстырма сөзден бастаудан аулақ болғаныңыз жөн.
64




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   119




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет